Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ауған соғысы ардагерлері жастармен кездесті

Ауған соғысы ардагерлері жастармен кездесті.

Қаңтар айының 12- жұлдызында:  Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарамасы «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ ұйымдастыруымен Ауған соғысы  ардагерлері жастармен кездесті. Сұрапыл соғыс туралы айту ардагерлерге оңай болған жоқ. Себебі бұл  соғыс талайдың жанына ауыр жара болып қалды.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың ауған соғысы туралы: «Ауған соғысында қыруар қаржы шығындадық, мыңдаған өмір қиылды, бәрібір кеңес әскеріне бұл елді тастап шығуға тура келді. Халық үшін бұдан асқан қасірет бар ма?» - деген  сөзі бар. Шын мәнінде   қасіреті көп болған соғыс аналарды зар жылатқан, талай адамға қайғы әкелген ауыр жылдар еді. Жастар көкейлерінде жүрген сұрақтарын  ардагерлерге  қойып, Ауған соғысының  ақиқатын білді.  Кездесу барысында жастарға сауалнама жүргізілді. Жастарға бұл кездесу ұнады.

 
1
0
2130

Осы тақырып бойынша

Ауған соғысы ардагерлері жастармен кездесті - Yvision.kz