Ардагерлерге құрмет көрсету азаматтық парыз
Ардагерлерге құрмет көрсету азаматтық парыз
Адам өмірден өтеді. Ал оның артында жасаған жақсы істері мәңгілік сақталып қалады. 2015 жылдың 1 қаңтарында Кеңес Одағының батыры , артиллерия командирі, аға лейтенант, Тың жерлерді игерудегі еңбегі үшін екі рет Қызыл Ту орденімен марапаталған Махмет Қайырбаев тірі болғанда 90 жасқа толар еді. Оның үлкен ерлігі бүгінгі жастар үшін үлкен өнеге. 2015 жылдың 9 қантарында Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарамасы «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» Махмет Қайырбаевтың туғанына 90 жыл толуына орай «Ер есімі ел - есінде» тақырыбында тағылымды шара ұйымдастырылды. Жастар ардагерлерге сұрақтарын қойды. Қатысуышыларға арнайы сауалнама жүргізілді. «Қасіретті жылдардағы қиын шақтардың азабын көрген ардагерлерге құрмет көрсету азаматтық парыз». – деп жастар ой өрбітті.
Іс – шара жастарға рухани азық берді деген ойдамыз. Бейбіт заманда дүниеге келген жастар бақытты. Жастар нұрлы таңды көріп, армандап, мұраттарына жетуде. Қазақстан азаматы кешегі қан майдандарда ел үшін қасық қаның аямай кеткен бабалардың есімдерін ардақтап, ұмытпағандары жөн.
