Мазмұнға өту
KZPP

КЗПП МНЭ РК

@KZPP

Сайтта 2014 ж. 27 қараша

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

205

пікірлер

0

тіркелуші

1

жазылымдар

0

Қазақстан Республикасында ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанудың төмендегені байқалады

Өткен аптамен салыстырғанда Қазақстан Республикасында ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанудың төмендегені байқалады.

Эпидемиялық маусым басталғаннан бері ағымды жылдың 13 наурызға 500 мыңнан астам ЖРВИ жағдайы, оның ішінде 2360 зертханалы дәлелденген тұмау жағдайы тіркелді. ЖРВИ-мен сырқаттанған адамдардың негізгі үлесін (65 %) 14 жасқа дейінгі балалар құрайды. ЖРВИ-мен сырқаттанғандардың 20% оқушылар. Өткен аптада бүкіл халық және аумақ бөлінісінде тұмау және ЖРВИ-мен сырқаттанушылықтың апталық эпидемиялық шегінен арту байқалған жоқ, өткен аптамен салыстырғанда сырқаттанушылық 24% азайған. Тұмау вирустардың моллекулярлы-генетикалық зерттеу нәтижесі бойынша ҚР A/H3N2(Гонк Конг) және В (Брисбен) тұмау вирустарының айналымы анықталды, олар ағымдағы эпидемиялық маусымға арналған вакцинаның құрамына енгізілген. Оқушылар арасында ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанудың өсуін алдын алу мақсатында санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің аумақтық бөлімшілерінің ұсынымдары бойынша эпидмаусымнан бастап, алдын алу мақсатында білім басқармалары 20 мектеп және 7 мектепке дейінгі мекемеде оқу процесін тоқтатты.

0
0
599

Қазақстан Республикасында ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанудың төмендегені байқалады

Өткен аптамен салыстырғанда Қазақстан Республикасында ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанудың төмендегені байқалады.

Эпидемиялық маусым басталғаннан бері ағымды жылдың 20 ақпанға 440 мыңнан астам ЖРВИ жағдайы, оның ішінде 2165 зертханалы дәлелденген тұмау жағдайы тіркелді.
ЖРВИ-мен сырқаттанған адамдардың негізгі үлесін (65 %) 14 жасқа дейінгі балалар құрайды. ЖРВИ-мен сырқаттанғандардың 20% оқушылар.
Өткен аптада бүкіл халық және аумақ бөлінісінде тұмау және ЖРВИ-мен сырқаттанушылықтың апталық эпидемиялық шегінен арту байқалған жоқ, өткен аптамен салыстырғанда сырқаттанушылық 8% азайған.
Тұмау вирустардың моллекулярлы-генетикалық зерттеу нәтижесі бойынша ҚР A/H3N2(Гонк Конг) және В (Брисбен) тұмау вирустарының айналымы анықталды, олар ағымдағы эпидемиялық маусымға арналған вакцинаның құрамына енгізілген.
Оқушылар арасында ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанудың өсуін алдын алу мақсатында санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің аумақтық бөлімшілерінің ұсынымдары бойынша эпидмаусымнан бастап, алдын алу мақсатында білім басқармалары 20 мектеп және 7 мектепке дейінгі мекемеде оқу процесін тоқтатты. 20 ақпанға сырқаттанудың бақылаулы шегінен жоғары болуына байланысты (40% жоғары) Солтүстік-Қазақстан облысының 1 мектепке дейінгі мекеменің жұмысы уақытша тоқтатылды.

http://kzpp.gov.kz/kaz/presscentr/news/?cid=0&rid=7190

ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті

0
0
537

ЖРВИ мен тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай

Қазақстан Республикасының аумағында бүкіл Еуропа өңіріндегідей барлық жерде тұмау және ЖРВИ-дың тіркелуі байқалады.

Эпидемиялық маусым басталғаннан бері 10 ақпанға 410 мыңнан астам ЖРВИ жағдайы, оның ішінде 2004 тұмау жағдайы тіркелді.

ЖРВИ-мен сырқаттанған адамдардың негізгі үлесін (65 %) 14 жасқа дейінгі балалар құрайды. Барлық ЖРВИ-мен сырқаттанғандар ішінде оқушылардың үлес салмағы 20%-ды, тұмаумен сырқаттанғандар ішінде 14%-ды құрады.

Өткен аптада бүкіл халық бойынша тұмау және ЖРВИ-мен сырқаттанушылықтың апталық эпидемиялық деңгейден артуы байқалмайды.

Шұғыл эпидемияға қарсы іс-шараларды қабылдау мақсатында 1 желтоқсаннан бастап ҚР халқының жіті респираторлық вирустық инфекциялармен және тұмаумен сырқаттанушылығының жағдайына және тұмау вирусының айналымына күнделікті мониторинг жүргізіледі.

Халық топтары арасында сырқаттанушылық құрылымын ескере отырып және оқушылар арасында ЖРВИ мен тұмаумен сырқаттанудың өсуін алдын алу мақсатында ТҚҚК аумақтық бөлімшілерінің ұсынымдары бойынша эпидмаусымнан бастап білім басқармалары 26 тәрбиелеу және білім беру мекемелерінде оқу процесі тоқтатты, 10 ақпанға барлық мекемелерде оқу процесі қайта басталды.

Анықтама ретінде. Ресей Федерацияда мектепке дейінгі жастағы балалар және мектеп оқушыларының сырқаттануын есепке алып 58 субъектіде 2258 мектеп, 47 субъектіде 569 бала бақша, 16 субъектіде 75 мектеп-интернат және 10 субъктіде 74 колледж жабылды, жартылай 1410 мектепте 4570 сынып және 1271 мектепке дейінгі мекеменің 2121 топ, 5 мектеп-интернаттың 21 сынып, 7 колледжінің 45 тобы жабылды.

http://kzpp.gov.kz/kaz/presscentr/news/?cid=0&rid=7112

0
0
714

Күмәнді фарш

Өнімнің  қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу барысында Қарағанды облысында ЖК К.М. Ермековтың «Транзит» дүкенінде бұрмалау белгілері бар, атап айтқанда дайындаушының орналасқан жерінің атауы, тұтынушылардан талап-арыздарды қабылдауға дайындаушы уәкілеттік берген адамның мекенжайы, өнімді сақтау шарттары туралы ақпараты бар таңбалауы жоқ «Туралған фарш» өнімі анықталды, бұл «Таңбалау бөлігіндегі тамақ өнімдері» туралы Кеден одағы техникалық регламентінің (КО ТР 022/2011) талаптарын бұзу болып табылады.

Өнімге 2016 жылғы 25 мамырдағы  КО № КZ.3110309.23.01.00202 сәйкестігі туралы декларация берілген, оған сәйкес дайындаушы Жамбыл облысы, Тараз қ., Сенкебай к-сі, 3-үйде орналасқан ЖК  Ф.Э. Бердібаев болып табылады.

Сәйкессіздіктің анықталу фактісі бойынша тергеп-тексеру жүргізу кезінде көрсетілген объектінің санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің  бақылауында тұрмайтындығы анықталды.

Демек аталған жеке кәсіпкер шыққан жері белгісіз еттің жартылай фабрикаттарының жасырын өндірісін жүзеге асырады.

Бұл жағдайда аталған өнімнің қауіпсіздігіне кепілдік беру мүмкін емес .

Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті (бұдан әрі – Комитет) аталған сәйкес келмейтін өнімді өткізуге жол бермеу бойынша іс-шаралар жүргізуде.

Сондай-ақ, Комитет жағымсыз жағдайды және аталған тауарларды тұтынудан болатын салдарларды болдырмау үшін тұтынушыларға өнімді (тауарды) сатып алған кезде оның таңбасында дайындаушы атауының, орналасқан орнының (дайындаушының мекенжайы), дайындалған күнінің, жарамдылық мерзімінің және  сақтау шарттарының болуына назар аудара отырып, сақтық танытуды ұсынады.

http://kzpp.gov.kz/kaz/presscentr/news/?cid=0&rid=7089

0
0
615

Бруцеллездың қалай алдын алуға болады

Бруцеллез – қызбамен, қан тамыры, жүйке және басқа да жүйелердің, әсіресе тірек-қимыл аппаратының зақымдалуымен бірге жүретін инфекциялық ауру.

Адамдар үшін бруцеллез инфекциясының негізгі көзі – ұсақ, ірі қара малдар және шошқалар. Жануарларда бруцеллез қысыр қалумен, түсіктермен, өмір сүруге қабілетсіз төлдің туылуымен, өнімділігінің төмендеуімен көрінеді.

Инфекцияның қоздырғышы – бруцеллалар. Бруцелланың 6 түрі және көптеген биотиптері бар. Адам патологиясында Brucella melitensis ұсақ қара малдың бруцеллез қоздырғышы анағұрлым маңызды, ол көбіне ауыр өтетін бруцеллезбен сырқаттануды өршітеді. Бруцеллалардың басқа түрлері – ірі қара малдың (В. abortus) және шошқаның (В. Suis) бруцеллалары тудыратын  бруцеллез жағдайлары бірлі-жарым (кездейсоқ) және жеңіл өтуімен сипатталады.

Ауру малдар бұзаулау және төлдеу кезінде ерекше қауіп төндіреді, ол кезде сыртқы ортаға қоздырғыштардың көп мөлшері бөлінеді. Микробтар жыл бойы сыртқы ортаға жануарлардың сүтімен, зәрімен, нәжісімен бөлінеді.  Ұсақ қара малдан (ешкі, қой) ауру жұқтырған адамдарда ауру анағұрлым ауыр өтеді.

Адамның ауру жұқтыруы малдың төлдеуі, түсік тастауы, оны сою және етін өңдеу, жүнін қырқу кезінде, малдың бөлінділерімен ластанған заттармен жанасқан кезде, жеткіліксіз термиялық өңдеуден өтпеген етті, қайнатылмаған сүтті немесе шикі сүттен алынған сүт өнімдерін (сүзбе, ірімшік және т.б.) тамаққа пайдаланған кезде болады.

Бруцеллез қоздырғышы төмен температуралардың әсеріне төзімді, тамақ өнімдерінде, оның ішінде тоңазытқыштар мен мұздатқыштарда сақталатын өнімдерде ұзақ сақталады. Мұздатылған инфекция жұқтырған ет және сүт өнімдерінде микробтар барлық сақтау мерзімі ішінде өмір сүруге қабілетті болып қалады. Тоңазытқышта сақталған шикі сүтте бруцеллез қоздырғышы өзінің өмір сүруге қабілетін 10 күнге дейін, сары майда 4 аптадан астам, үй ірімшігінде 3 апта, брынзада – 45 күн; қатықта, қаймақта – 8-15 күн, қымыз, шұбатта (ашытылған түйенің сүті) - 3 тәулікке дейін; ұсақ қара малдың етінде 320 күннен астам сақтайды.

Тұздаған жағдайда ұзақ уақыт (130 күнге дейін) бойы төзімді болады.

Инфекция жұқтырған тұтас еттің ішкі ағзаларында, сүйектерінде, бұлшық еттері мен лимфа түйіндерінде - 1 ай бойы және одан көп; қойдың жүнінде, елтірісінде - 1,5 айдан 4 айға дейін сақталады.

Адамдардың көбі көктемде және жазда ауырады.

Аурудың (ауру жануармен байланыста болған уақыттан клиникалық симптомдар пайда болғанға дейінгі уақыт) инкубациялық кезеңі 1-2 аптаны құрайды, ал кейде ол екі айға дейін ұзарады.

Ауру әдетте 7-10 күн немесе одан да көп уақыт бойы дене температурасының 39-40 °C-қа (температура кешкі және түнгі сағаттарда көтеріледі) дейін көтерілуінен басталады, кейбір жағдайларда тиісті емдеу болмаған кезде дене температурасы 2-3 айға дейін созылады. Қызба қалтыраумен, көп тершеңдікпен және интоксикацияның жалпы белгілерімен бірге өтеді. Кейіннен тірек-қимыл аппараты (буындар), жүрек-қан тамыры, жүйке және организмнің басқа да жүйелерінің зақымдалу симптомдары қосылады.

Бруцеллез үшін жоғары температура аясында науқастың салыстырмалы түрдегі қанағаттанарлық жағдайы тән.

Бруцеллез ауруының алдын алу үшін:

Жеке аулаларында мал ұстайтын адамдар:

- жануарларды ветеринариялық мекемеде тіркеуі, бирка түрінде тіркеу нөмірін алуы;

- сатып алу, сату, союға өткізу, жайылымға жіберу, жайылымда орналастыру және басқа да қозғалыстарды тек ветеринариялық қызметтің рұқсатымен және келісімімен жүргізуі;

- жаңадан сатып алынған жануарларға ветеринариялық зерттеулер мен өңдеу жүргізу үшін 30 күн бойы карантинге қоюы;

- бруцеллезге күдікті (түсік, өмір сүруге қабелітсіз төлдің туылуы) аурудың барлық жағдайлары туралы ветеринариялық қызметке хабарлауы;

- малды бағу бойынша ветеринариялық қызметтің ұсынымдарын қатаң сақтауы қажет.

Бруцеллезді жұқтырудың алдын алу мақсатында халық:

- өнімдерді қатаң белгіленген орындарда (базарлар, дүкендер, шағын маркеттер және т.б.) сатып алуы;

- жеке адамдардан сатып алынған шикі сүтті пайдалануды болдырмауы;

- етті сатып алғанда ветеринариялық-санитариялық сараптаудан өткізілгенін растайтын құжаттарды талап етуі;

- етті дайындаған кезде – кемінде бір сағат термиялық өңдеуден өткізіп, шағын кесектермен пісіруі қажет.

Есте сақтаңыздар! Карантиндік іс-шараларды және жеке профилактика шараларын білу және оны қатаң орындау жануарлар арасында инфекцияның таралуын болдырмауға мүмкіндік береді. Көрсетілген ұсынымдарды сақтау бруцеллезді жұқтырудың алдын алуға көмектеседі.

http://kzpp.gov.kz/kaz/presscentr/san_prosveshenie/?cid=0&rid=7044

0
0
1896

Тұмау және ЖРВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай

Қазақстан Республикасының аумағында бүкіл Еуропа өңіріндегідей барлық жерде тұмау және ЖРВИ-дың тіркелуі байқалады.

Эпидемиялық маусым басталғаннан бері 3 ақпанға 380 мыңнан астам ЖРВИ жағдайы, оның ішінде 1831 тұмау жағдайы тіркелді.

ЖРВИ-мен сырқаттанған адамдардың негізгі үлесін (65 %) 14 жасқа дейінгі балалар құрайды. Барлық ЖРВИ-мен сырқаттанғандар ішінде оқушылардың үлес салмағы 20%-ды, тұмаумен сырқаттанғандар ішінде 13%-ды құрады.

Өткен аптада бүкіл халық бойынша тұмау және ЖРВИ-мен сырқаттанушылықтың апталық эпидемиялық деңгейден артуы байқалмайды.

Шұғыл эпидемияға қарсы іс-шараларды қабылдау мақсатында 1 желтоқсаннан бастап ҚР халқының жіті респираторлық вирустық инфекциялармен және тұмаумен сырқаттанушылығының жағдайына және тұмау вирусының айналымына күнделікті мониторинг жүргізіледі.

Халық топтары арасында сырқаттанушылық құрылымын ескере отырып және оқушылар арасында ЖРВИ мен тұмаумен сырқаттанудың өсуін алдын алу мақсатында ТҚҚК аумақтық бөлімшілерінің ұсынымдары бойынша эпидмаусымнан бастап білім басқармалары 26 тәрбиелеу және білім беру мекемелерінде оқу процесі тоқтатты, оның 4-де оқу процесі қайта басталды.

3 ақпанға Солтүстік-Қазақстан және Шығыс-Қазақстан облыстарда 8 мектеп және 3 мектепке дейінгі мекеме толық жыбылды, жартылай (жекелеген сыныптарында) оқу процесі Солтүстік Қазақстан облысының 11 мектебінде тоқтатылған.

Анықтама ретінде. Ресей Федерацияда Мектепке дейінгі жастағы балалар және мектеп оқушыларының сырқаттануын есепке алып 58 субъектіде 2247 мектеп, 44 субъектіде 398 бала бақша, 17 субъектіде 71 мектеп-интернат, 10 субъктіде 74 колледж және 3 жоғары оқу орын жабылды, жартылай 1210 мектепте 3959 сынып және 1135 мектепке дейінгі мекеменің 1726 тобы, мектеп-интернаттың 5 сынып, 8 колледжінің 74 тобы жабылды.

http://kzpp.gov.kz/kaz/presscentr/news/?cid=0&rid=7017

0
0
533

ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай

Қазақстан Республикасының аумағында бүкіл Еуропа өңіріндегідей барлық жерде тұмау және ЖРВИ-дың тіркелуі байқалады.

Эпидемиялық маусым басталғаннан бері 27 қаңтарға 350 мыңнан астам ЖРВИ жағдайы, оның ішінде 1611 тұмау жағдайы тіркелді.

ЖРВИ-мен сырқаттанған адамдардың негізгі үлесін (65 %) 14 жасқа дейінгі балалар құрайды. Барлық ЖРВИ-мен сырқаттанғандар ішінде оқушылардың үлес салмағы 20%-ды, тұмаумен сырқаттанғандар ішінде 13%-ды құрады.

Өткен аптада бүкіл халық бойынша тұмау және ЖРВИ-мен сырқаттанушылықтың апталық эпидемиялық деңгейден артуы байқалмайды.

Шұғыл эпидемияға қарсы іс-шараларды қабылдау мақсатында 1 желтоқсаннан бастап ҚР халқының жіті респираторлық вирустық инфекциялармен және тұмаумен сырқаттанушылығының жағдайына және тұмау вирусының айналымына күнделікті мониторинг жүргізіледі.

Халық топтары арасында сырқаттанушылық құрылымын ескере отырып және оқушылар арасында ЖРВИ мен тұмаумен сырқаттанудың өсуінің алдын алу мақсатында ТҚҚК аумақтық бөлімшілерінің ұсынымдары бойынша білім басқармалары 10 тәрбиелеу және білім беру мекемелерінде, оның ішінде Шығыс Қазақстан облысында 3 мектепте, Қостанай облысында 1 мектепте және Солтүстік Қазақстан облысында 1 бала бақшада, 5 мектепте, оның ішінде екі мектептің жекелеген сыныптарында оқу процесін уақытша тоқтата тұру түрінде шектеу іс-шараларын енгізді.

Анықтама ретінде. Ресей Федерацияда мектепке дейінгі жастағы балалар мен мектеп оқушыларының сырқаттануын есепке ала отырып 911 мектеп, 108 бала бақша, 57 мектеп-интернат және 19 жоғары оқу орындары жабылды, жартылай 578 мектепте 1563 класс, 485 мектепке дейінгі мекеменің 659 тобы, мектеп-интернаттың 3 класы, колледжінің 5 тобы және жоғары оқу орнының 80 тобы жабылды.

http://kzpp.gov.kz/kaz/presscentr/sanepidem_obstanovka/?cid=0&rid=6943

0
0
945

Абайлаңыз, фальсификат!

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті өнімдердің, оның ішінде май-тоң май өнімдерінің қауіпсіздігі мониторингісінің 2016 жылғы нәтижелері айтылған, «Sputnik Қазақстан» ақпараттық агенттік және радиосының орталығында 2017 жылғы 26 қаңтарда өткізілген пресс-конференцияға қатысты.

Комитет төрағасының орынбасары Нұрқан Олжабайұлы Сәдуақасов елдің ішкі нарық айналымындағы өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігі жағдайы, анықталған бұрмаланған қауіпті өнімдер саны және жүргізілген шаралар туралы әңгімелеп берді.

Атап айтылғандай, 2016 жылы Комитет 40796 өнім сынамаларын зерттеді, оның ішінде техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес емес  5872 сынамалар анықталды немесе 14,4 % құрайды.

Сәйкес емес өнімдердің негізгі бөлігі тамақ өнімдеріне жатады, яғни   29164 зерттелген үлгілердің 3563 немесе 12,0%, оның ішінде 853 сүт сынамалары (8049),  76 май - тоңмай өнімдері (1801).

Ең көп таралған бұзушылықтар (65% астам) таңбалау бойынша кемшіліктер және тұтынушылар үшін дұрыс емес ақпарат беру болып табылады.

Екінші орында қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша талаптарды бұзу (бактерия тобының ішек таяқшасы, бактериялық зарарланудың жалпы көрсеткіштері, көгеру болуы) 21,0%, бұдан әрі, тұтынушыларды алдау фактілері, оларды жаңылыстыру (бұрмаланған өнім болуы) 14,0% болды.

Сәйкес келмейтін өнімдер анықталған барлық фактілер бойынша Комитет өндірушілерге хабарлама, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына Қазақстан тұтынушылық нарығының тиісті деңгейін қорғауды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау қажеттілігі туралы ақпарат жіберіліп  отырды.

Анықталған бұзушылық нәтижесі бойынша 53 шаруашылық субъектілерінің  қызметін тоқтата отырып, кінәлі тұлғалар 78,9 миллион теңгеден астам сомаға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, айналымнан 25 тонна қауіпті, соның ішінде  бұрмаланған өнімдер алынып тасталды.

Өндірістің жасанды май-тоң май өнімдерін өндіру фактісі бойынша  «VKV Company» ЖШС-не және Алматы қаласының «Аяла плюс» ЖШС-не қатысты әкімшілік өндіріс қозғалды, материалдар Алматы қаласының әкімшілік соттар қарауына берілді.

Мәселенің өзектілігін, тұтыну нарығындағы бұрмаланған өнімдердің болуын ескере отырып, Комитеттің зертханалық қызметті жаңғырту бойынша, оның ішінде зерттеудің жаңа әдістерін енгізу бойынша жұмыстар жалғасуда.

Комитеттің соңғы екі жыл ішінде жүргізілген жұмыс нәтижесі, елдің тұтыну нарығында сәйкес келмейтін өнімдердің жалпы санының төмендеуі, барлық өнімнің 2015 жылы 26 % - дан 2016 жылы - 14,4%,   және  тағам өнімнің 30% - дан 12% - ға төмендеуі болып табылады.

http://kzpp.gov.kz/kaz/presscentr/news/?cid=0&rid=6894

0
0
788

2016 жылғы өнімдердің қауіпсіздігі бойынша қызметтің қорытындысы

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті 2016 жылғы өнім қауіпсіздігінің мониторингі бойынша жүргізілген жұмыстарды қорытындылады.

Осылайша, азық-түлік және тағамдық емес өнімдердің барлығы 40 мыңнан астам сынамасы іріктеліп алынды және зерттелді, оның ішінде 14,4% - ы талаптарға сәйкес келмейді.

Жалпы саны 29164 сынама тағам іріктеліп алынды және зерттелді, оның ішінде техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін 3563 сынама (12%) анықталды, оның ішінде: балық өнімдері – 35,8%, құс еті - 29,2 % , ет өнімдері - 27,1 %, нан-тоқаш бұйымдары – 22,7%, темекі өнімдер - 15,6 %, жеміс-көкөніс өнімдері – 10,7%, сүт өнімдері – 10,5 %, кондитерлік өнімдер – 9,8%, мамандандырылған тамақ өнімдері, оның ішінде балалар тағамы өнімдері – 8,8%, ББҚ – 7,8%, шырын өнімдері - 7,7%, балалар тамақтары - 6,8%, тартылған ұн және жарма өнімдері – 6,6%, ауыз су – 4,1%, май өнімдері – 4,2%, алкогольді және алкогольсіз сусындар - 3,1%, табиғи минералды су - 1,8%  және өзге де тамақ өнімдері - 9,1%.

Сәйкес келмейтін тамақ өнімдерінің ең үлкен пайызының тиесілі үлесі импорттық өнім – 86 %. Отандық өндірушілердің өнімдерінің талаптарға сәйкес келмейтіні 14% құрады.

Қауіпті және сапасыз азық үлесінің негізгі сегменті импорттық өндірушілерге, соның ішінде Ресей Федерациясы – 52%, бұдан әрі Қазақстан Республикасы - 23%, Қырғызстан - 4%, Беларусь Республикасы – 3%, Украина – 2,5%, Қытай, Түркия, Латвия, АҚШ, Түркия, Молдова, Грузия, Франция, Өзбекстан және және басқа да елдер- 1% - ға дейін тиесілі.

Өндірушілердің таңбалау ережесін бұзу 74%, өнімнің қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмеуі - 21%, сондай-ақ мәлімделген қасиеттері сәйкес келмеуі (тұтынушыларды алдау) - 14% анықталды.

Сондай-ақ, ерекше тәртіп бойынша тексеру жүргізу барысында, сәйкес емес өнімдер тізілімінде бұрын орналастырылған, сүт майын алмастырғыш пайдаланып, бұрмаланған өнім шығарған сүт және май-тоң май саласындағы 38 отандық кәсіпорындар айқындалды.

Зерттелінген 11 мыңнан астам тағамдық емес өнімдер үлгілерінің сәйкес келмейтін өнімнің үлесі: полимерлік және синтетикалық материалдар - 72,1%, аккумуляторлық батареялар - 49%, антигололедтық реагенттер – 47,2%, балаларға арналған ойындар мен ойыншықтар - 40%, жеңіл өнеркәсіп өнімдері - 39,7%, балалар мен жасөспірімдер үшін тауарлар – 31,3%, жиһаз өнімдері – 29,4 %, антифриздер - 29%, тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдар - 26,3%, химиялық және мұнай-химия өнімдері – 19,3%, темекі өнімдері – 15,7%, бензин -25,2%, баспа өнімдері - 8,7%, парфюмерлік-косметикалық өнімдер - 8,1% , тұрмыстық химия тауарлары – 5,5%, құрылыс материалдары – 3,6%, жеке қорғану құралдары – 3,3%  және т.б. болады.

Алматы мен Астана қалалары және облыстарда өнімдерді қабылдау және айналым ережелерін бұзатындардың ішіндегі көшбасшы болып отырған ірі сауда кәсіпорындары мыналар: ЖШС «Рамстор Қазақстан», ЖШС «Анвар», ЖШС«Magnum», ЖШС «Метро кэш энд Керри», ЖШС«Тамаша Маркет» және т. б.

Анықталған фактілер бойынша 1673 жоспардан тыс тексерулер өткізілді, оның ішінде 3-ші тұлғаларға қатысты - 125, бұзушылықтарды жою туралы 1791 ұйғарымдар берілді, 826 әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер қозғалды, 415 сот қаулылары шығарылды, жалпы сомасы 78,9 млн. теңге айыппұл салынды. Сәйкес келмейтін өнімдердің 8,4 млн. теңге сомасындағы 25 тоннадан астамы сатылымнан алынды, оның ішінде 17,5 тонна қауіпті тамақ өнімдері, балалар ойыншықтары – 88,9 кг, оның ішінде балалар өнімдері - 427 кг, синтетикалық жуу құралдары - 2 тонна және т. б.

Камералдық бақылауды өткізу кезінде 32 СЭҚ қатысушысы анықталды, 2016 жылы сәйкестігін растау процедурасынан өтпеген 43 416 партия өнімдері әкелінді. 16 әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер қозғалды, 3 762 200 теңге сомасында айыппұл салынды. 17 сот қаулылары шығарылды.

Комитеттің жыл бойы жүргізген жұмыс нәтижесі болып еліміздің тұтыну нарығындағы сәйкес келмейтін өнімдердің жалпы санының 2015 жылғыы 26 % - дан 2016 жылғы 14,4% -ға төмендеуі, тұтынушылық сауаттылық деңгейінің артуы табылады.

http://kzpp.gov.kz/kaz/presscentr/news/?cid=0&rid=6889

0
0
717

Республикада ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай

Республикада ЖРВИ-мен сырқаттанушылықтың маусымдық көтерілуі байқалады. Жедел эпидемияға қарсы шараларды қабылдау мақсатында 1 желтоқсаннан бастап ҚР халқының жіті респираторлық вирустық инфекциялармен және тұмаумен сырқаттанушылығы жағдайына және тұмау вирусының айналымына күнделікті мониторинг жүзеге асырылады.

Эпидемиялық маусымнан бастап (2016 жылғы 1 қазаннан бастап) 20 қаңтарға 317 мыңнан астам ЖРВИ жағдайы, оның 1364 зертханалы дәлелденген тұмау жағдайы тіркелді.

ЖРВИ-мен сырқаттанғандардың негізгі үлесін (65 %) балалар құрайды, 1 жасқа дейінгі балаларға ЖРВИ-дың 10%-ы, жүкті әйелдерге 4%-ы келеді. Барлық ЖРВИ-мен сырқаттанғандар ішінде оқушылардың үлес салмағы 20%-ды, тұмаумен сырқаттанғандар 13%-ды құрады.

Тұмаудың негізгі асқынуы пневмония болып табылады, ол көбіне қауіпті топқа жататындар арасынан байқалады. Эпидемиялық маусым басталғаннан бастап пневмонияның 7 мыңнан астам жағдай тіркелді, оның 75% 14 жасқа дейінгі балалар арасынан тіркелді.

Қостанай облысының Денисов ауданының Приреченск орта мектебінде оқушылардың сырқаттануы эпидемиялық шектен жоғары болуына байланысты ағымды жылдың 27 қантарға дейін оқу процесі тоқтатылды.

ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің зертханалық қызметі тұмау вирусының және басқа да тұмау емес инфекциялардың айналымына мониторингті жүзеге асыруда. Қазіргі уақытта тұмаудың A/H3N2 (59%-ы) вирусы және В (41%-ы) вирустарының айналымы анықталды. Бұдан басқа алдыңғы жылдардағыдай ҚР аумағында парагрипп, респираторлық-синцитиалды, метапневмовирусты, бокавирусты, риновирусты және аденовирусты сияқты тұмау емес инфекциялардың айналымы байқалады. http://kzpp.gov.kz/kaz/presscentr/news/?cid=0&rid=6852

0
0
509