Мазмұнға өту

Жаңа

Қарызды қайтару туралы дау бойынша тараптар бітімгершілік келісімге келді

Даулы мәселені бітімгершілік келісімге келу жолымен шешу Азаматтық сот өндірісінде азаматтық құқықтық қатынастың қатысушылары арасында дауды шешудің баламалы жолы ретінде болып табылады. Бітімгершілік келісім институтының дамуы даулы мәселені екі тарапқа да тиімді жағдайда шешуге оңтайлы әсерін тигізеді. Бітімгершілік келісімнің тәртібі сақталмаған жағдайда тараптар оны мәжбүрлі түрде орындату туралы  атқару парағын шығаруды талап етуге құқылы. Сот тәжірибесі бітімгершілік келісіммен қаралған азаматтық істердің негізгі бөлігі ерікті түрде орындалатынын көрсетеді.

http://sud.gov.kz/kaz/news/karyzdy-kaytaru-turaly-dau-boyynsha-taraptar-bitimgershilik-kelisimge-keldi

0
0
371

Павлодар облысында бөлшек сауда саласындағы проблемалы мәселелер бойынша дөңгелек үстел өткізілді

Павлодар облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті қызметтің әртүрлі салаларындаедәуір жиі кездесетін тұтынушылардың құқықтарының бұзылуын анықтау жөніндегі жұмысты жалғастыруда. Департамент бөлшек сауда саласындағы проблемалы мәселелер– тауар туралы ақпарат алу, тауарды алмастыру немесе кері қайтару, қауіпсіздігі мен сапасы, тауарды сатып алу фактісін растайтын құжаттарды беру нормасы, тауарды орналастырудың айрықша қағидаларын сақтау, сатушылардың дөрекі қатынастары, сервистік қызмет көрсету және басқа да бірқатар мәселелербойынша дөңгелек үстел отырысын өткізді. Өзекті тақырыптарды талқылауға Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі бөлімінің сарапшылары, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының өкілдері, «Павлодар облысы тұтыну…

0
0
290

Полторанин Әлем кубогында сегізінші орынға тұрақтады

Жақында италиялық Валь Ди Фьеммеде «Тур де Ски» беделді шаңғы көпкүндігі аяқталды. Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин жарыс нәтижесінде сегізінші орынға ие болды, бұл оған Әлем кубогында сегізінші орынға тұрақтауға мүмкіндік берді, деп хабарлайды Sports.kz.Еске сала кетсек, өткен жылы Алексей 12-ші болып келді, ал 2013 жылы маусымды жоғары төртінші орынмен аяқтады.  

Шаңғы жарысы бойынша Әлем кубогының жалпы есебі:

1. Мартин Йонсруд-Сундбю (Норвегия) — 1189 ұпай

2. Кіші Петтер Нортуг (Норвегия) — 849

3. Калле Халфварссон (Швеция) — 806

8. Алексей Полторанин (Қазақстан) — 457.

0
0
172

«ID TV» қызметінің пайдаланушылары ушін ПАЙДАЛЫ АҚПАРАТ

«ID TV» қызметі телеарналарының өңірлік топтамаларын қосу тәсілі туралы АҚПАРАТ» Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясы 2014 жылдың қыркүйегінен бастап қолданысқа енген «ID TV» қызметі телеарналарының өңірлік топтамаларын қосу тәсілі туралы хабардар етеді. Өңірлік телеарналар топтамасын қосу үшін «Мәзірге» кіріп «Екшеу» - «Жазылу» - «Телеарна» жолдарын таңдап, «Pin-кодты» (құпия сөз – 1111) тергеннен соң «ОК» түймешігін бассаңыз топтамалар тізімі пайда болады. Өзіңізді қызықтырған телеарналар топтамасын таңдағаннан кейін «ОК» түймешігін басып «Мәзір» - «Арналар тізіміне» қайта кіріп өзгерістерді сақтау қажет. Аталмыш әрекеттерді орындағаннан соң «Pin-кодты» (құпия сөз – 1111) жазып, «ОК» түймешігін басу керек. Топтамалар телеарналардың географиялық орналасу аймағына қарай қа…

0
0
1242

Қызылордада бейнекамералардың көмегімен 44005 құқық бұзушылық анықталды

Қоғамдық тәртіпті сақтау мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұрғын үйлер ауласының қауіпсіздігін сақтау мақсатында «Қауіпсіз аула» принципі бойынша енгізілген интеллектуалды жүйелер қылмысқа қарсы күрестің тиімді қазығы болып табылады. Облыс орталығында құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын-алу, орын алған қылмыстарды дер кезінде ашу мен жол қозғалысы ережесін бұзғандарды анықтау мақсатында адам көп шоғырланатын орындарға бейнебақылау камералары орнатылып, көп жағдайда көшедегі жол жүру ережесін бұзғандарды анықтауда септігін тигізіп келеді. Жалпы облыс орталығында 243 бейнекамера бар болса, олардың барлығы Қызылорда ҚІІБ-нің Жедел басқару орталығына қосылған. Аталған бейнекамералардың 96-ы көпқабатты үйлердің ауласында, 133-і көше қиылыстарында орналасқан. Жедел басқару о…

0
0
325

«Маңғыстау ОТД „Ата-ана бақылауы“ жаңа қызметін ұсынады»

"Маңғыстау облыстық телекоммуникация дирекциясы «iD Net» және  «Megaline» қызметін пайдаланушылар үшін "Ата-ана бақылауы" жаңа іске қосты.

Жаңа қызмет Интернет желісіндегі жағымсыз контенттердің тізбесін әзірлеуге бағытталған. Қауіпсіздік деңгейі жасты есепке ала отырып қойылады: 7 жасқа дейін – жоғары деңгейлі шектелім; 7 жастан 12 жасқа дейін – орта деңгейлі шектелім; 12 жастан жоғары – төмен деңгейлі шектелім. Сервис бағдарламалық жасақтаманы орнатуды және теңшеуді талап етпейді.

Қызметті http://www.cabinet.idport.kz жеке кабинетінде қосуға, қосымша ақпаратты www.telecom.kz сайтынан алуға, Маңғыстау ОТД сервис желісі пунктілерінен немесе 160 нөмірі арқылы алуға болады. Қоңырау тегін.

0
0
373

Семей қаласында судьяның есімін есте сақтау мақсатында ескерткіш тақта орнатылды

2015 жылғы 10 қаңтарда Семей қаласының Беспаев көшесіндегі 6-үйге Алматы қалалық сотының азаматтық істер алқасының судьясы Түйебаев Мақсұт Мамырбекұлының есімін есте сақтау мақсатында ескерткіш тақта орнатылды.

http://sud.gov.kz/kaz/news/semey-kalasynda-sudyanyn-esimin-este-saktau-maksatynda-eskertkish-takta-ornatyldy?version=special

0
0
365