Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жас ғалымдардың кездесуі.

Жас ғалымдардың кездесуі.
Бүгінгі таңда жастар арасында ғылымға қызығушылық арта түскен. Әр жас өз мемлекетіне ғылыми жаңалық ашып , елінің дамуына сүбелі үлесін қосқысы келеді. Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарамасы «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» ұйымдастыруымен жас ғалымдардың кездесуі өтті. 
Ғалымдар пікір алмасты және кездесуде жаңа 2015 жылға арналған облыстық ЖҒК – нің жұмыс жоспары таныстырылды. 2015 жылдан бастап Жас ғалымдар кеңесі көптеген жұмыстар атқармақ. Олар: ЖОО – ның ғылыми қайраткерлерін тарта отырып телекөпір түрінде жас ғалымдар үшін дәрістер, семинарлар ұйымдастырып, өткізу. Жас ғалымдар үшін базалар дерегін құру, ауыл жастары студенттері арасында бизнеске белсенділікті арттыру мақсатында аймақтық науқандар үшін коуч және мантерлер ретінде жас ғалымдар кеңесінің – нің мүшелерінің жұмысына тарту, «Вестники» ғылыми журналына мақалаларды дайындауға ұстаздар, жас ғалымдар және магистранттарды тарту. «Enactus Pavlolar» бірлескен жобасын өткізу жоспарлануда. 

0
0
468

Осы тақырып бойынша

Жас ғалымдардың кездесуі. - Yvision.kz