2015 жылғы 12 қаңтардағы жағдай бойынша республикадағы тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігініңТұтынушылардың құқықтарын қорғаукомитеті 2015 жылғы 12 қаңтардағы жағдай бойынша республикадағы тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы хабарлайды.
Эпидемиологиялық маусымның басынан (2014 жылғы 1 қазаннан) бері шамамен 240 859 ЖРВИ жағдайы тіркелген, ауырған адамдардың негізгі үлесін (71%) 14 жасқа дейінгі балалар құрайды. Тұмаумен сырқаттану 43 жағдайы тіркелді. 2015 жылғы 12 қаңтарда Ақтөбе, Атырау, Манғыстау, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы, Астана қаласында тұмаудың А1, А3 және В вирус айналымы белгіленді.
Тұмауға қарсы республика бойынша барлығы 1 633 423 адам егілді (республика халқының жалпы санының 9,4%), оның ішінде 14 жасқа дейінгі 446 028 бала және 1 187 395 ересек тұрғындар (оның ішінде 159 895 медицина қызметкерлері және 81 038 жүкті әйелдер). Тұмауға қарсы вакцинацияланған адамдар санының өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 18,8%-ке өскені байқалады.
Профилактикалық шаралар. Тұмаудың ерекше профилактикасы вакцинациялау болып табылады – ол тұмауға қарсы профилактиканың ең тиімді әдісі.
Тұмауға қарсы вакцинациялаудан басқа, тұмаудың және басқа да респираторлық инфекциялардың алдын алудың бірнеше күрделі емес, қарапайым тәсілдері бар.
Науқас адамдармен (балалармен) қарым-қатынасты шектеу. Бұл ЖРВИ мен тұмаудың алдын алудың өте тиімді, бірақ қиындық пен іске асырылатын әдісі, себебі адам күнделікті еріксіз адамдардың көп жиналатын орындарына барады – қоғамдық көлік, дүкендер және басқалары, ал балалар – ойын-сауық мекемелеріне, алдымыздағы жаңа жылдық ертеңгіліктерге т.б. барады.
ЖРВИ және тұмаумен ауырған адам үйде жатып ауыру керек! Жөтелгенде, түшкіргенде, сіңбіргенде айқайламауға тырысып, түкірікті шашыратпай, ауыз бен мұрындыды қолорамалмен жабу қажет, құшақтасуға және сүйісуге болмайды, себебі сілемей мен қақырықтың тамшылары жұғудың негізгі көздері болып саналады.
Медициналық бетперделерді қолдану қажет. Бұл ретте бетпердені әрбір 3-4 сағаттан сиретпей ауыстырып отыру ұсынылады, себебі олар қақырықты тез сіңіріп алады да, вирустардың нақты көзіне айналады.
Бөлмені үнемі желдетіп отыру керек, себебі ауа алмасу қарқынды болған сайын вирустардың шоғырлануы және аурудың жұғу мүмкіндігі азаяды.
Науқаспен қарым-қатынаста болған кезде алдын алу шаралары. Үй-жайда ылғалды тазалықты жиі жүргізу, жаппай қолданылатын заттарды (есіктің тұтқалары, шүмектің бұрандалары және т.б.) және барлық үстіңгі беттерді дезинфекциялау ерітінділерін пайдалана отырып сүрту, қолды жиі және мұқият жуу, қолды үнемі ылғал гигиеналық және дезинфекциялау майлықтарымен өңдеу қажет.
Иммунды жақсарту препараттарын (анаферон, интерферон, виферон, интерферон индукторы) пайдалану, гомеопатиялық препараттар, вирусқа қарсы жақпамайлар, полидәрумендерді қолдану, пиязды, сарымсақты, цитрустарды, ашытқан қырқабатты асқа қолдану керек.
«Тұмаумен ауыратын адам – өдірістің жауы!» деген ұран бүгінгі күніде өзекті. Көптеген мекемелерде айналадағыларға ауру жұқтыра отырып, түшкірген және мұрнынан су аққан қызметкерлер өз жұмысын батыл орындап жатқанын байқаймыз. Әрбір басшының парызы - осыған жол бермеу!
