Мазмұнға өту

Жаңа

Мэйвезер Пакьяомен қарымта кездесуге берген келісімінен айнып қалды

Америкалық боксшы Флойд Мэйвезер филиппиндік Мэнни Пакьяомен қарымта айқас өткізуге әзірге мүдделі еместігін мәлімдеді. Ол өзінің бұрынғы қарсыласын су жүрекке балады, деп жазады Би-би-си.

«Иә, мен бұдан бұрын қарымта айқасқа дайын екенімді айтқанмын. Қазір ол ойымнан айныдым. Себебі ол жолы болмаған су жүрек. Егер жеңілсең, оны мойындап: «Мейвезер, сен мықты боксшысың» деп айтуы керек еді», — деді спортшы америкалық Showtime арнасына берген сұхбатында.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Пакьяо айқас алдында иығынан жарақат алғаны жайлы ақпаратты жасырып қалған. Бұл үшін ол бір жылдан төрт жылға дейін түрмеге қамалуы және жарысқа қатысу құқығынан айырылуы мүмкін.

2 мамырда Лас-Вегаста Флойд кіші Мэйвезер Мэнни Пакьяоны 12 раундта ұпай саны бойынша жеңген болатын.

0
0
265

Минскіде екі қазақстандық боксшы халықаралық турнир финалына шықты

Ержан Жомарт (49 келіге дейін) және Еркін Мұхамеджан (91 келіге дейін) Кеңес Одағының батыры Виктор Ливенцевке арналған Минск турнирінің финалына шықты.

Бұл туралы Қазақстандық бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Қорытынды жарыста Ержан Түркия боксшысымен, Еркін Өзбекстаннан келген боксшымен шығады.

Абылайхан Жүсіпов (64 келіге дейін) пен Шаймұрат Құсайынов (81 келіге дейін) жартылай финалда қарсыластарына жол беріп, құрмет тұғырында үшінші орыннан көрінетін болды.

Турнирге барлығы 10 елден 85 боксшы қатысуда.

0
0
267

Жанат Жақиянов WBC рейтингінде қайта көш бастады

Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) әлемдегі барлық салмақ санатындағы жаңартылған боксшылар рейтингін жариялады, деп хабарлады Sports.kz.

Жанат Жақиянов жеңіл салмақ (53,5 келіге дейін) санатында бірінші орынға қайта оралды. Бейбіт Шүменов бірінші ауыр салмақта (90,7 келіге дейін) 17-ші орнын сақтап қалды. Осы салмақтағы Иса Ақбербаев 34-ші орынға түсіп, екі сатыға төмендеді. Ал бірінші орта санаттағы (69,8 келіге дейін) Қанат Ислам 33-тен 32-ші орынға көтерілді.

0
0
271

Қызылордада жыл басынан бері қызметтік-іздестіру иттердің көмегімен 26 қылмыстың беті ашылған

Қызылорда ОІІД Кинологиялық қызмет орталығы 2015 жылдың 4 ай көлемінде кинологиялық қызметті дамыту мен нығайтуда және қызметтік иттердің қолданылуын есепке алып, кинологтардың жұмыс нәтижелерін талдап, қызметтік-іздестіру иттерін қылмыспен күресте пайдаланудың тиімділігін арттыруда біршама жұмыстар атқарды. Кинологиялық қызмет орталығының теңгерімінде 36 қызметтік-іздестіру иттері бар. 2015 жылдың 4 ай көлемінде қызметтік-іздестіру иттерді пайдалана отырып, 26 қылмыстың беті ашылып, оның ішінде бөтен мүлікті ұрлау қылмысы бойынша – 21 дерек, тонау, қарақшылық, кісі өлімі фактісі бойынша – бір-бір деректен анықталған. Заңсыз есірткі айналымы бойынша қызметтік-іздестіру иттерінің көмегімен 19 қылмыстың беті ашылып, нәтижесінде заңсыз айналымнан 1917,92 гр. марихуана есірткі заты алынған. С…

0
0
471

«Солақай» сорлатты (Құзға құлаған «Одной левой» киносы)

Poker face немесе алғашқы әсер; Пах, Полина және Нагиевтің нақылдары; Тоны теріске айналған ойдағы түсінік - енді бұл туралы... "Пәрмені" мықты Полина бүгінгі жұмыстың жүгін айтарлықтай жеңілдетті. Алдын ала көрсетілімге (предпоказ) шақырту алған соң, әрине, ісімді іркіліссіз іске асырдым, шама-шарқымша, түскі астан да нәр сызбай, компьютер алдынан іргемді аулақ салмай, оңқай асықтай ұшқырлық танытып, шаруамды шаруаладым, бір сөзбен айтқанда. Өйткені, бұл фильмді мен, шыны керек, күтумен болдым. "Трейлері ұнады" десееем...жалған болар. Жеме-жемге келгенде, Полина Гагарина үшін уақытымды қиып бардым. Әуелі, басынан шіритін балықтың қарекетінен сөз қозғайық. Армен Ананикян режиссер әрі сценаристі мен "Билет на Вегас" кинокартинасынан кейін тани бастадым. Әлгі айтқан фильм "аса қатты, қол ша…

3
0
915

«Жеңіс Вальсі»

 

Ұлы Отан соғысының 70-жылдығын тойлау аясында Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ  9-сәуір күнінен 9-мамыр күніне дейінгі аралықта өтетін облыстық «жеңіске дейін 30 күн» атты акциясын жүргізуде. Осы акция кестесіне сай  8 мамыр күні «Жеңіс Вальсі» атты іс-шарасы өтті.

Іс –шараға өңіріміздің белсенді жастары қатысты.  Жастар соғыс жылдарындағы әндерді шырқап, би биледі.

0
0
530

«Жеңіс мамыргүлі» акциясы

Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы «Жасыл Ел» бағдарламасымен бірлесіп,  «Жеңіс мамыргүлі» акциясын  ұйымдастырды.   Соғыстағы жеңістің символы – мамыргүлі. Сондықтан бұл шара әр адам үшін    маңызды.

Мамыргүлдер аулаға отырғызылды ал ардагерлер қасіретті жылдардың қиын сәттерін айтып, жастарға  ақ батасын берді.  Игі шараға  №41 мектептің  оқушылары және  мұғалімдері ерекше белсенділік танытты.

-         Ардақты ардагерлер: ақсақалдар, аналар! Жеңістің 70 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын. Жеңіс күні – тарих төрінен орын алатын ұлы мереке. Сіздердің ерліктеріңіздің арқасында біз бүгін бейбіт өмір, бақытты тұрмыс кешудеміз.   Бәріңізге бақыт пен қуаныш, денсаулық тілеймін – деп ардагерлерге ізгі ниетін 11 сынып оқушысы Инзара Жұмабай  білдірді.

0
0
386

Сұрақ -жауап сайысы өтті

Сұрақ -жауап  сайысы өтті

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы  КММ «Жастар бастамаларын дамыту орталығы»  9 мамырға дейін  «Жеңіске 30 күн» атты акциясын бастады.  Осыған орай мамырдың 5  жұлдызында   «Что?Где?Когда?» атты сұрақ -жауап  сайысы өтті.  Студент белсенді жастар   Ұлы Отан Соғысы жайлы сұрақтарға жауап берді және көп жастар жаңа ақпарат алды деген сенімдеміз.

0
0
1244

Ерлігіне бас иеміз!

Ерлігіне бас иеміз! В 2015 году исполняется знаменательная дата – 70-летие Победы в Великой Отечественной войне. В связи с этим в преддверии замечательного и поистине великого праздника – ДНЯ ПОБЕДЫ, в дружеской обстановке павлодарская молодежь при поддержке Управления по вопросам молодежной политики Павлодарской области поздравила ветеранов с 70-летием Победы в Великой Отечественной войне на региональном слете «Ерлігіне бас иеміз». «Основной долг всех последующих поколений нашей страны – долг перед поколением победителей – сохранить историческую память о Великой Отечественной войне, не оставить в забвении ни одного погибшего солдата, отдать дань благодарности за героический подвиг в Великой Отечественной войне живым ветеранам войны и трудового фронта», - такими словами участников региона…

0
0
491

Қазақстанда алғаш рет азық-түлік өнімдерінің импорты төмендеді – А.Мамытбеков

2014 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда азық-түлік өнімдері импорты азайып, экспорттың артқаны байқалды, деп мәлімдеді бүгін ҚР ауыл шаруашылығы министрi Асылжан Мамытбеков ОКҚ брифингінде. «Өткен жылы алғаш рет азық-түлiк импортының төмендегені байқалды. Жалпы азық-түлік импортының көлемі 6,2%-ға кемiдi. Ал Еуразиялық экономикалық одақ елдерiнен импорт 10%-ға төмендедi», – деді А.Мамытбеков. Сонымен бірге, оның айтуынша, импортты алмастыру бағытында оң даму бар. Осылайша, сиыр еті импорты 42,3%-ға, жұмыртқа импорты 3 есеге, картоп 2 есеге, қияр 4,8 есеге азайған. «Оның үстiне экспортымыз өсiп келедi. Былтыр бiз алғаш рет ет және ет өнiмдерiнiң шамамен 12 мың тоннасын экспорттадық, оның 7 мың тоннаға жуығы сиыр етi», – деп толықтырды министр. Сондай-ақ, өңделген ет өнiмдерiнiң экспорт…

0
0
492