Жанат Жақиянов WBC рейтингінде қайта көш бастады
Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) әлемдегі барлық салмақ санатындағы жаңартылған боксшылар рейтингін жариялады, деп хабарлады Sports.kz.
Жанат Жақиянов жеңіл салмақ (53,5 келіге дейін) санатында бірінші орынға қайта оралды. Бейбіт Шүменов бірінші ауыр салмақта (90,7 келіге дейін) 17-ші орнын сақтап қалды. Осы салмақтағы Иса Ақбербаев 34-ші орынға түсіп, екі сатыға төмендеді. Ал бірінші орта санаттағы (69,8 келіге дейін) Қанат Ислам 33-тен 32-ші орынға көтерілді.

