«Жеңіс мамыргүлі» акциясы

Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы «Жасыл Ел» бағдарламасымен бірлесіп, «Жеңіс мамыргүлі» акциясын ұйымдастырды. Соғыстағы жеңістің символы – мамыргүлі. Сондықтан бұл шара әр адам үшін маңызды.
Мамыргүлдер аулаға отырғызылды ал ардагерлер қасіретті жылдардың қиын сәттерін айтып, жастарға ақ батасын берді. Игі шараға №41 мектептің оқушылары және мұғалімдері ерекше белсенділік танытты.
- Ардақты ардагерлер: ақсақалдар, аналар! Жеңістің 70 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын. Жеңіс күні – тарих төрінен орын алатын ұлы мереке. Сіздердің ерліктеріңіздің арқасында біз бүгін бейбіт өмір, бақытты тұрмыс кешудеміз. Бәріңізге бақыт пен қуаныш, денсаулық тілеймін – деп ардагерлерге ізгі ниетін 11 сынып оқушысы Инзара Жұмабай білдірді.
