Қазақстанда шетелдiк инвесторлардың қатысуымен 15 жоба әзiрленіп жатыр
Қазақстанда шетелдiк iрi инвесторлардың қатысуымен 15 жоба әзiрленіп жатыр. Бұл жөнiнде ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен «АӨК қолдау бойынша мемлекеттiк шаралар» тақырыбындағы баспасөз мәслихатында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi. «Қазiргi уақытта, жоғарғы қосылған құнды қамтамасыз ететiн сала ретiнде қайта өңдеу өнеркәсiбiн дамыту белгiлендi. Осыған байланысты, Елбасының «Нұр Отан» партиясының ХVI съезiнде берген тапсырмасын орындау мақсатында министрлiк шетелдiк iрi инвесторлардың қатысуымен 15 жоба әзiрлеп жатыр. Бұл капиталға тiкелей шетелдiк компаниялар қатысатын жобалар. Аталған жобалардың құны шамамен 190 млрд теңге. Еттi қайта өңдеу және еттi мал шаруашылығында 4 жоба, 60 млрд теңгеден астам…
АСТАНА, 8 мам – Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстанда отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің импорты төмендеп, экспорты артқаны байқалады,деп мәлімдеді ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков.