Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Минскіде екі қазақстандық боксшы халықаралық турнир финалына шықты

Ержан Жомарт (49 келіге дейін) және Еркін Мұхамеджан (91 келіге дейін) Кеңес Одағының батыры Виктор Ливенцевке арналған Минск турнирінің финалына шықты.

Бұл туралы Қазақстандық бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Қорытынды жарыста Ержан Түркия боксшысымен, Еркін Өзбекстаннан келген боксшымен шығады.

Абылайхан Жүсіпов (64 келіге дейін) пен Шаймұрат Құсайынов (81 келіге дейін) жартылай финалда қарсыластарына жол беріп, құрмет тұғырында үшінші орыннан көрінетін болды.

Турнирге барлығы 10 елден 85 боксшы қатысуда.

 
0
0
264

Осы тақырып бойынша

Минскіде екі қазақстандық боксшы халықаралық турнир финалына шықты - Yvision.kz