Мазмұнға өту

Жаңа

Алматы полицейлері кәсіби мерекелерін дәстүрлі эстафетамен атап өтті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат — Алматы полицейлері биыл кәсіби мерекелерін дәстүрлі эстафетамен атап өтті. «Динамо» стадионында ұйымдастырылған спорттық шараға 200 ден астам полицей қатысты. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады. Эстафета Алматы көшелерінде өтті. Газтұтқышпен, автоматпен жүгіру кезеңдерінде 15 команда бақ сынады. «Ең басты талап полицей киімімен жүгіру болды. Бұл азаматтардың бойында құқық қорғау органдарының жұмысын көрсетіп, оларға сенімін нығайту үшін жасалды. Салауатты өмір салты полицейлердің күнделікті өмірінің ажырамас бөлігі. Дені сау полицей әрқашан қылмысты ашуда, оны болдырмауда үлкен көмек көрсетеді. Бүгінде ІІД жеке құрамында кәсіби спортшылар, спорт шеберлері, халықаралық деңгейдегі спорт шеберлері өте көп. Олар әлемдік додаларда Қазақстанның атын шығарып ж…

0
0
304

«Астана арландары» — Дүниежүзілік бокс сериясы бойынша бесінші маусымның чемпионы!

Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде екі күнге созылған Дүниежүзілік бокс сериясы (WSB) бойынша «Астана арландары» мен «Куба домадорес» арасындағы финалдық кездесуде қазақстандық команда чемпион атанды. Ақтық айқаста «Астана арландарына» негізгі жеңісті + 91 келі салмақта Иван Дычко сыйлады. Ол Йоханди Тойрак Ортеганы айқын басымдықпен ұтып, «Куба домадорес» командасын тізе бүктірді. Жалпы есеп «Астана арландарының» пайдасында — 6:4! Осылайша, Дүниежүзілік бокс сериясының бесінші маусымында «Астана арландары» чемпион атанып отыр. Айта кетерлігі, бұған дейін бірінші күннің қорытындысы бойынша қазақстандық команда 3:2 есебімен алға шықса, екінші күні біздің боксшылар тура сол жеңіс жолын қайталады. Атап айтқанда, бокс жекпе-жегінің екінші күні Олжас Сәттібаев сәтті өнер көрсетіп, Йосвани Вей…

0
0
320

«Ақжайық» көш басындағы команданы 2:0 есебімен ұтты

Футболдан Қазақстан чемпионаты бірінші лигасында ойнайтын Оралдың «Ақжайығы» П.Атоян атындағы стадионда көш басында келе жатқан Семейдің «Спартагын» қабылдады. Алма-кезек шабуылмен басталған кездесуде қонақтардың да, алаң иелерінің де доп соғатындай мүмкіндіктері болды. Сондай сәттердің бірінде Иван Антиповтың пасынан кейін оң қапталдан «Спартактың» айып алаңына енген Эльдар Абдрахмановты Тимур Байжанов шалып жықты. Сөйтіп ол екінші ескерту алып, алаңнан қуылды. Семейліктердің қақпасына белгіленген 11 метрлік айып добын «Ақжайықтың» мерген ойыншыларының бірі Алексей Мальцев дәл орындап, есеп ашты. Екінші таймда қарымта шабуыл кезінде сол қапталдан суырылып шыққан Николай Забродиннің пасына Олег Хромцов үлгермесе де, допқа бірінші жеткен Иван Антипов қақпаға сүңгіте салды. Бұдан кейін «Спа…

0
0
283

«Астана» велошабандоздары Еуропа ойындарында алтын және күміс жүлдені олжалады

АСТАНА. ҚазАқпарат — «Астана» велошабандоздары  — испандық Луис Леон Санчес пен украиналық Андрей Гривко Бакуде өтіп жатқан «Еуропа ойындарында» 215,8 шақырымдық қашықтыққа топтық веложарыста алтын және күміс медальге ие болды.

Бұл туралы sports.kz хабарлайды.

Луис Леон Санчес алтын медаль иеленіп, өз мықтылығын дәлелдесе, Гривко күмістен алқа тағынды. Ал Чехия елінің өкілі Петр Вакоц қоланы қанағат тұтты.

0
0
251

Денис Тен 2015/2016 маусым Гран-приінің екі кезеңінде өнер көрсетеді

Денис Тен

АСТАНА. ҚазАқпарат — Таяуда мәнерлеп сырғанаудан 2015/2016 маусым Гран-при кезеңдеріне қатысушылар құрамының жеребесі болып өтті, деп хабарлайды sports.kz.

Мәнерлеп сырғанаудан қазақстандық жұлдыз — Денис Тен Гран-придің екі кезеңінде өнер көрсетеді. Денис Гран-придің Милуокида (АҚШ) өтетін «Skate America» бастапқы кезеңі мен Бордода (Франция) өтетін «Trophée Bompard» төртінші кезеңіне қатысады.

0
0
291

«Еуразия» бірінші арнасының жүргізушілері халыққа көруге кеңес береді...

Қазақстандық журналистика жұлдыздары, республиканың ең рейтингілі телеарнасы – «Еуразия» бірінші арнасының жүргізушілері қатардағы телекөрерменге айналады. «Арнаның бет-бейнесі» деген мәртебеге ие журналистер телеарна эфирінен тарайтын әрбір өнімге боямасыз баға беріп, бұл туралы қазақстандықтарға айтып беруге уәде етеді. Телеарна жүргізушілерінің қатысуымен өтетін бұл шара бағдарламааралық аңдатпалар түрінде жасалады. Демек, белгілі бір уақыт сайын түрлі жоба жүргізушілері шағын аңдатпалық роликтер аясында өз әріптестерінің өнімдеріне баға береді. Осылайша, «Еуразия» бірінші арнасының нәзік жандыларынан сериалдар, аспаздық шоулар, қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен болатын концерттер туралы егжей-тегжейлі есептерді күтуге болатын шығар. Ерлер қауымы ұнаған спорттық бағдарламал…

0
0
1194

«Сыбайлас жемқорлық – мемлекет дамуының негізгі тежегіші»


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мен «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалы бірлесіп Жамбыл ауданында «Сыбайлас жемқорлық – мемлекет дамуының негізгі тежегіші» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өткізді.
Конференцияға ауданның барлық мүдделі мемлекеттік органдардың қызметкерлері (ХҚКО, ҮЕҰ, мектеп директорлары, денсаулық сақтау, мәдениет саласының басшылары, ауыл әкімдері, жастар және т.б.) қатысты.
Сондай-ақ, конференция соңынан секциялық семинар ұйымдастырылып, персоналды басқару, мемлекеттік қызмет көрсету, тәртіптік кеңес жұмыстары бойынша тиісті мамандарға түсіндірілді.

0
0
675

Жас мемлекеттік қызметшілермен тілдесу

2015 жылғы 18 маусымда Ақмола облысының түпкір-түпкірінен келген жас мемлекеттік қызметшілермен және мемелекеттік қызметке енді ғана орналасқан мамандармен аумақтық мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы А.Бекахметованың қатысуымен «диалог алаңы» болып өтті. Іс-шараға қатысушылармен қазіргі кездегі мемелекеттік қызмет өткеру мәселелері мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларының нәтижелілігі, азаматтық қоғамның белсенділігі, бұқаралық ақпарат құралдарының ролі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін арттыру жолында жемқорлық мәселесіне қатысты қоғамда қалыптасқан көзқарастарды, теріс стериотиптерді өзгерту…

1
0
201

Қазақ-ұлттық ойындар күні

Қазақстан өз ұлттық мұрасын көркейтуге, жетілдіруге, оның қазынасын байытып, күллі әлемге танылуына қызуғышылық танытатын жастарға құштар болып отыр. Сондықтан да, қазіргі таңда осыған байланысты көптеген түрлі мерекелер мен іс-шаралар жүргізіліп отыр. Осы арада, біздің ЖКО қызметкерлеріміз де артта қалыспай әдейі жастарға арнап бүгін сағат 11:00-де, Жастарға қызмет көрсету орталығында «Қазақ-ұлттық ойындар күні» ретінде «Асық ойнаған – озар» мерекесін ұйымдастырды. Ұлт ойындары - ата-бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны үйренудің, күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштас…

0
1
2425

Samsung жүк көліктерін басып озу кезіндегі қауіпсіздігін мәселесіне өз шешімін ұсынды

Жаңа технология дамып, түрлі гаджеттер күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналған тұста, олардың қаншалықты пайдалы һәм қауіпсіз екені маңызды рөлге ие болып отыр. «Бүгін жексенбі» бағдарламасының бүгінгі санында біз осындай бірнеше құралға тоқталып, олардың сіз бен бізге бере алатын пайдасы жайлы сөз қозғаған болатынбыз. Солардың бірі – Samsung компаниясының жаңалығы жайлы осы жерде әңгімелеп беруді ниет еттік. Көлік жүргізушілер, әсіресе, қалааралық жолмен алыс сапарға шыққандар үлкен жүк көліктерін айналып өту, басып озудың қиындау екенін жақсы біледі. Алып фураның артында тасбақаша ілбіп отыру, әрине, кім-кімнің де көңіліне жақпайды, алайда қарсы бетке шығып, алдына түсемін деу – қатерлі. Статистикаға сөз берсек: барлық жол-көлік апаттарының 80%-ы дәл осы басып озуды дұрыс жүзе…

0
0
398