Жас мемлекеттік қызметшілермен тілдесу
2015 жылғы 18 маусымда Ақмола облысының түпкір-түпкірінен келген жас мемлекеттік қызметшілермен және мемелекеттік қызметке енді ғана орналасқан мамандармен аумақтық мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы А.Бекахметованың қатысуымен «диалог алаңы» болып өтті.
Іс-шараға қатысушылармен қазіргі кездегі мемелекеттік қызмет өткеру мәселелері мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларының нәтижелілігі, азаматтық қоғамның белсенділігі, бұқаралық ақпарат құралдарының ролі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін арттыру жолында жемқорлық мәселесіне қатысты қоғамда қалыптасқан көзқарастарды, теріс стериотиптерді өзгерту процессінің маңыздылығы, өзгерістерге қарсылық танытудың себеп-салдары талқыланды.
Сонымен қатар, ұжымда белгілі бір келісімге келіп, мәселелерді шешу тәсілдері қарастырылды. Күнделікті қызмет барысында кездесетін жағдайлардан мысалдар келтіріліп, мәселелерді шешу жолдары бірлесе іздестірілді.
Іс-шара соңында қатысушыларға сыбайлас жемқорлық мәселесіне қатысты жадынамалар таратылып, сауалнамалар толтырылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарумен осы іс-шара барысында 49 адам қамтылды.
