Мазмұнға өту

Жаңа

«Қазақстан» РТРК» АҚ қызметкері БАҚ өкілдері арасындағы жарыста жеңімпаз атанды

«Шалқар» ұлттық радиосының журналисі Айнұр Шамшейтова «Бес асық» ойынында бақ сынады. Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай елордадағы «Хан-Шатыр» сауда ойын-сауық орталығында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында «Асығың алшысынан түссін!» атты жарыс өтті. «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының атынан шыққан әріптесіміз, «Шалқар» ұлттық радиосының журналисі Айнұр Шамшейтова қыздар арасында ұйымдастырылған «Бес асық» ойынынан ІІІ орын иеленді. Жалпы, жарыста 8 команда бақ сынасты. «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы, «Астана» телеарнасы, «Егемен Қазақстан» АҚ, «Казахстанская правда» газеті, «ҚазАқпарат» ХАА», «Бас редакторлар клубы» және Орталық коммуникациялар қызметінің құрама командалары көпшілік алдында ептіліктері мен көшбасшылық қасиеттерін көрсете білді. Әріптесімізді жеңісім…

0
0
258

Ұлттық ғылыми медициналық орталық «Еуропаның сапа көшбасшысы» марапатына ие болды

Ұлттық ғылыми медициналық орталық кезекті мәрте әлемдік деңгейдегі клиника ретінде танылды. Емдеу мекемесі мен оның төрағасы, профессор Абай Байгенжин «Еуропаның сапа көшбасшысы» марапатына ие болды. Жүлдені табыс ету шарасы Грекия астанасында болып өтті. Аталған марапатты жыл сайын Еуропалық сапа жөніндегі ұйым тағайындайды. Ол барынша жоғары өнімділікке ынталандыруға және сапаны насихаттауды қолдауға арналған. Жүлденің ерекшелігі, ол бірінші кезекте менеджментті жақсартуға қол жеткізген ұйым жетекшісінің еңбегін бағалайды. Айта кету керек, Ұлттық ғылыми медициналық орталық халықаралық аккредиттеуден өткен. Орталықтағы емдеу жүйесіне бес рет Еуропалық сапа менеджменті қорының жұлдызы берілген. «Бұл жетістікке жетуде еліміздегі денсаулық сақтау жүйесіне ерекше көңіл бөлетін Мемлекет басшы…

0
0
302

Астанада медициналық қызметкерлер арасында өткізілген «Кәсібінің үздігі» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды

Бүгін Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісінде атап өтілетін Медицина қызметкері күніне арналған салтанатты жиын болды. Шара аясында 12 аталым бойынша өткізілген«Кәсібінің үздігі» республикалық байқауының жеңімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Медициналық қоғамдастық алдында атақты қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Салтанатты жиынға ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары Бердібек Сапарбаев, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова, ҚР Парламенті депутаттары, көрнекті қоғам қайраткерлері және еліміздің медицина қоғамдастығы өкілдері (1300-ден астам адам) қатысты. Еліміздің медициналық қоғамдастығын кәсіби мерекемен құттықтаған Министр дәрігерлердің болашақ ұрпақтың және жалпы ұлт д…

0
0
411

«Таңшолпан» бағдарламасы «Астанаға арнаймын» атты байқау жариялайды

Байқау «Астана туралы үздік ән» «Креативті өнерпаз», «Астаналық биші», «Астананы жырлаймын» аталымдары бойынша өтеді.


Астана күніне орай «Таңшолпан» ақпаратты-сазды бағдарламасы «Астанаға арнаймын» атты байқау жариялайды. Астанаға арналған үздік әніңіз, жүрекжарды жырыңыз, ерекше өнеріңіз, қойылымды биіңіз болса, байқауға атсалысыңыз.

27-28 маусым күндері Елордадағы «Сарыарқа» ойын-сауық орталығында өтетін өнер жарысына қатысып, жеңімпаз атаныңыз.

«Астана туралы үздік ән» «Креативті өнерпаз», «Астаналық биші», «Астананы жырлаймын» аталымдары бойынша топ жарып, бағалы сыйлыққа ие болыңыз. Қосымша сұрақтар бойынша: Тел.:  8 (717) 2 – 55-38-15

0
0
882

Жамбыл облысының 800 жуық мемлекеттік қызметшісі облыстық спартакиадаға қатысты

19 – 20 маусымы аралығында «Тараз-Арена» спорт сарайында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті, облысыстық әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы және мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері кәсіподағының облыс бойынша филиалының басқаруымен Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына және Мемлекеттік қызметкерлер күніне арналған облыстық спартакиада өткізілді. Іс – шараның мақсаты спорттың көпшілік түрлерін дамыту және насихаттау, қызметкерлерді дене шынықтыру және спортпен әрдайым айналасуға тарту, салауатты өмір салтының қағидаттарын бекіту, қала және аудан тұрғындарының күнделікті тұрмыс тіршілігіне дене шынықтыру мен спортты кеңінен ең…

0
0
382

Қазақстандағы 2015 жылғы ауыз бекіту кестесі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен еліміздің әр қалаларындағы Ораза айындағы ауыз бекіту кестесін жариялауды жөн санадық. Өйткені, әр қаладағы таңның атуы, күннің батуы бойынша ерекшеліктер кездеседі. Астана қаласы бойынша ауыз бекіту А лматы қаласы бойынша ауыз бекіту Ақтау қаласы бойынша ауыз бекіту Ақтөбе қаласы бойынша ауыз бекіту Атырау қаласы бойынша ауыз бекіту Ақтөбе қаласы бойынша ауыз бекіту Арқалық қаласы бойынша ауыз бекіту Қарағанды қаласы бойынша ауыз бекіту Қызылорда қаласы бойынша ауыз бекіту Қостанай қаласы бойынша ауыз бекіту Орал қаласы бойынша ауыз бекіту Павлодар қаласы бойынша ауыз бекіту Петропавл қаласы бойынша ауыз бекіту Шымкент қаласы бойынша ауыз бекіту Талдықорған қаласы бойынша ауыз бекіту Тараз қаласы бойынша ауыз бекіту Түркістан қаласы бойынша…

0
0
3753

«Қазаққа қымбат есім» деректі фильмін көруді ұсынамыз

Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетов туралы «Қазаққа қымбат есім» атты деректі фильмді бүгін 18:50-де назарларыңызға ұсынатын боламыз. Әскери қайраткер, армия генералы, Қазақстан Республикасының тұңғыш қорғаныс министрі, «Халық қаһарманы» Сағадат Қожахметұлы Нұрмағанбетов 1924 жылдың 25 мамырында Ақмола облысы Еңбек ауылында дүниеге келген. 2013 24 қыркүйегінде Алматыда дүниеден өтті. Сағадат Қожахметұлы армия генералы емес, география және тарих пәнінің мұғалімі болуды армандаған екен. Бұл пәндерге деген ықыласы да ерекше ауған. Жұмулы көзбен ол әлем картасынан кез келген жерді көрсетіп беретін. Сол кезде ол картаны көрсеткіш таяқшамен емес, Еуропаны жаудан азат ете отырып, барлық қала мен даланы өзі жүріп өтетінін, кейіннен жас мемлекет үкіметінің мүшесі ретінде б…

0
0
1452

Бас жүлде – біздікі!

Орал өңірінің тұрғындарына арналған тамаша жаңалығымыз бар, құрметті оқырмандар! Батыс Қазақстан облысының қазақ драма театры қойған «Троя арулары» атты туынды Қырымда өткен XVII «Боспорские агоны» халықаралық антикалық өнер фестивалінде жеңіспен оралды. Ұзақ уақыт бойы өткізіліп келе жатқан бұл байқауға әр жылдары ТДМ, Еуропа мемлекеттерінің түрлі театрлары қатысып, бақ сынап жүр. Театр ұжымын жеңіс тұғырына шығарған «Троя аруларын» Орал сахнасында тараздық белгілі режиссер, Ш.Айтматов атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты Қуандық Қасымов биыл сахналаған болатын. Ақжайық көрермендердің көңіліне жол тапқан қойылым Қырым жерінде де жылы қабылданды. Фестивалге аты әлемге мәшһүр 8 театр ұжымы қатысып, бақ сынады. Қырым жерінде Алаштың атын асқақтатып, абыройын асырған БҚО қазақ драма театр…

0
0
251

Волонтерлер органикалық фермаларда көмек көрсету үшін ауылдарға ағылуда

Волонтерлер органикалық фермаларда көмек көрсету үшін ауылдарға ағылуда Гвангчеон. Оңтүстік Чхунчхон провинциясы – мұндағы адамдардың көпшілігі чхусок отбасылық мерекелерін пайдаланса, Анна Дженаро мен Роберто Селла Корей фермасында қалып, егін ору фестивалін алды. Италиялық жұп Алғыс айту мерекесінде 10 күннен астам уақыт Оңтүстік Чхунчхон провинциясындағы органикалық ферамда ерікті волонтер ретінде болып қайтты. «Біз волонтер болуға шешім қабылдадық, себебі шынымен де табиғат пен органикалық егін шаруашылығы қызықтырады», - дейді 27 жастағы Анна. Ол Робертомен бірге Сеул қаласынан 3 сағаттық қашықта жатқан Гванчхонға жақын жердегі Янг-І фермасында пияз бен қызыл бұрыш егу жұмыстарын жасады. «Бұл саяхаттау кезінде қаражатты үнемдеу мен жергілікті тұрғындармен қарым-қатынаста болып, мәдие…

0
0
1186