сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті облыс аумағындағы этномәдени бірлестіктермен сыбайлас жемқорлыққа сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта кездесулерді бастады.
Осыған сәйкес 2015 жылғы 23 маусымда «Ахыска» түрік этномәдени орталығының өкілдерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді.
Отырыс барысында Қазақстан Республикасының «2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының» басым бағыттары талқыланды.
Енді мұндай іс-шаралар әр аптаның сәрсенбісі күні сағат 15.00-де Тараз қаласындағы «Қоғамдық келісім» үйінде өткізіліп тұратын болады.