Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақ-ұлттық ойындар күні

Қазақстан өз ұлттық мұрасын көркейтуге,  жетілдіруге,  оның қазынасын байытып, күллі әлемге танылуына қызуғышылық танытатын жастарға құштар болып отыр. Сондықтан да, қазіргі таңда осыған байланысты көптеген түрлі мерекелер мен іс-шаралар жүргізіліп отыр. Осы арада, біздің  ЖКО қызметкерлеріміз де артта қалыспай әдейі жастарға арнап бүгін сағат 11:00-де,  Жастарға қызмет көрсету орталығында   «Қазақ-ұлттық ойындар күні» ретінде «Асық ойнаған – озар» мерекесін ұйымдастырды.


Ұлт ойындары - ата-бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны үйренудің, күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштаса береді.

Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жастарға үлгілі, өнегелі тәрбие беру - қазіргі міндеттердің бірі. 
Жас ұрпақ өз халқының мәдениетімен, асыл мұраларымен ұлттық әдебиеттер арқылы танысып келеді. Бірақ ойынның орны бөлек, халық ұлттық ойындарды  тәрбие құралы деп таныған.

Жалпы көзбен шолып көрсек, қазақтың мынадай ойындары бар: «Көкпар», «Қыз қуу», «Күрес», «Асық ойыны», «Тоғыз құмалақ», «Аударыспақ», «Мойын арқан», «Теңге ілу», «Ақ сүйек», «Сақина салу», «Жеті тас»,  « Алтын қабақ (жамбы ату)», «Асу үйрету», «Тымпи», «Бастаңғы», «Ине жасырмақ».

Ал біздің қызметкерлеріміз жастарға осылардың ішінен үш ойынды ұсынды. Олар: «Жеті тас», «Арқан тартыс» және «Асық ату». Қатысушылар кәдімгі құмарлықпен өте шапшаң қатысып, мәз мейрам болып қайтты. Белгілеп кететін маңызды жайт, бүгінгі өткізілген мереке бір жерде, бір уақытта тек қана қазақ  жастарын емес одан да басқа ұлт өкілдерін өзіне жақындатып көңілдерін көтеріп қана қоймай, сонымен бірге қазақтың аз болса да ұлттық ойындарымен таныстырып кетті. Әр адам өз мелекетінің тарихын, салт-дәстүрін, рухани мәдениетін білуі тиіс.

 
0
1
2416

Осы тақырып бойынша