Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Сыбайлас жемқорлық – мемлекет дамуының негізгі тежегіші»


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мен «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалы бірлесіп Жамбыл ауданында «Сыбайлас жемқорлық – мемлекет дамуының негізгі тежегіші» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өткізді.
Конференцияға ауданның барлық мүдделі мемлекеттік органдардың қызметкерлері (ХҚКО, ҮЕҰ, мектеп директорлары, денсаулық сақтау, мәдениет саласының басшылары, ауыл әкімдері, жастар және т.б.) қатысты.
Сондай-ақ, конференция соңынан секциялық семинар ұйымдастырылып, персоналды басқару, мемлекеттік қызмет көрсету, тәртіптік кеңес жұмыстары бойынша тиісті мамандарға түсіндірілді.

0
0
668

Осы тақырып бойынша