Мазмұнға өту

Жаңа

Қызылордалық полицейлер нашақорлық қасіретін театр сахнасы арқылы көрерменге жеткізді

«26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» қарсаңында есірткіден азат қоғамды қалыптастыру, жастар арасында саламатты және салауатты өмір салтын насихаттау, бүкіләлемдік зұлматқа айналып отырған дерттің кең етек алуының алдын алу мақсатында Қызылорда облысы ішкі істер департаменті Есірткі бизнесіне қарсы күрес департаменті мен Облыстық мәдениет басқармасының бірлескен жұмысы нәтижесінде «Қандыөзек» спектаклі көрермен назарына жол тартты. Спектакльдегі оқиға нашақор болып кеткен боз баланың өмірі төңірегінде өрбіп, нашақорлық жолына түсіп кеткен жанның трагедиялық өмірі мен өлімін суреттейді. Әртістер нашақорлық қасіреті бір отбасы бақытын жалмап кеткендігін, өрмекшінің өрмегіне түсіп алған нашақорлардың тағдыры, келеңсіз өмірдің ащы шындығын көрерменге шебер жеткізе білді. Те…

0
0
430

«Нұр Отан» мен «Единая Россия» өзара әріптестік туралы Келісімге қол қойды

23 маусымда «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің басшылығымен партия делегациясының Ресей Федерациясына ресми сапары басталды. Екіжақты кездесу барысында Мәскеуде «Единая Россия» бүкілресейлік саяси партиясының басшылығымен қос билеуші партияның арасында өзара іс-қимыл мен әріптестік туралы Келісімге қол қойылды. Ресми сапарының бірінші күнінде «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Мемлекеттік Думасының Төрағасы Сергей Нарышкинмен кездесті. Екіжақты кездесу барысында бүгінгі таңда ҚР Парламенті Сенаты мен РФ Федерация Кеңесінің, ҚР Парламенті Мәжілісі мен РФ Мемлекеттік Думасының арасында тікелей өзара іс-қимылдың орнатылғаны, ал, депутаттардың ТМД Парламентаралық Ассамблеясы, ҰҚШҰ, ЕҚЫҰ Па…

0
0
395

Ресей Қазақ Хандығының 550 жылдығын назардан тыс қалдырмайды – А.Климов

Ресей Федерациясы Қазақ хандығының 550 жылдығы мерекесін назардан тыс қалдырмайды. Бұл туралы Ресей Федералдық Кеңестің Халықаралық істер бойынша комитеті басшысының орынбасары А.Климов «Нұр Отан» партиясы делегациясымен кездесу барысында мәлімдеді. «Қазақ Хандығының 550 жылдығы Қазақстан халқының тарихындағы маңызды кезеңі болып табылады. Осынау маңызды оқиғаны назардан тыс қалдырмау мәселесін біз сіздермен бірлесіп ойластыруымыз қажет», - деді ол. Сондай-ақ, Ресей парламентшілері атаулы күндерді мерекелеу бойынша бірлесіп жұмыс жасаудың қажет екенін жеткізді, олардың қатарында Ұлы Отан Соғысы Жеңісінің 70 жылдығы да бар. Еске сала кетейік, 23 маусымда «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің басшылығымен «Нұр Отан» партиясы делегациясының Ресей Федерациясына…

0
0
391

«Қорғансыздың күні»

Жастайынан қорлық көрген келіншек бүгін «Әйел бақытында» сырымен бөліседі. Қоғамның ең басты құндылығы – отбасы. Ал, отбасы мен мемлекеттің тірегі – әйел. Кез келген өркениетті елде ешбір зорлық-зомбылық көрмей, еркін өмір сүру – адамның негізгі құқықтарының бірі.

Бұл ерлер үшін де, әйелдер үшін де бірдей. Алайда, бүгінгі қоғамда жарынан, жақындарынан, тіпті жай ғана таныстарынан зорлық көріп жүрген жандар да бар. Мұндай жағдайға душар болған әйелдерге бірінші кезекте жақындары көмек қолын созуы керек.

Бүгін 15:00-де «Әйел бақытында» жастайынан  қорлық көріп, танысынан опық жеген келіншек жан сырымен бөліспек. Екі рет зорлық-зомбылықтың құрбаны болған кейіпкер қылмыскердің Заң жүзінде жазаланғанын қалайды.

0
0
375

Мұхит Тұрсынов: «Ұлттық күресімізді таныту үшін балуандарды әр салмаққа жіктеу керек»

Биыл қазақ күресінен өтетін "Қазақстан Барысы" республикалық турниріне 5 жыл. Бұған дейін төрт балуан алтын белбеу иегері атанып, "Алтын тайтұяқты" қанжығасына байланды. 2014 жылы "Қазақстан Барысы" атанған ШҚО балуаны Мұхит Тұрсынов биыл ерекше дайындықпен келіпті. Пікірін тыңдап көрейік. – Мұхит, сәлеметсіз! Көңіл-күй, дайындық қалай? – Сәлеметсіз! Барлығы жақсы. ШҚО командасының турнирге дайындығы өте жоғары. Өңіріміздің намысын қорғап, финалдық жарыста жоғары нәтиже көрсеткіміз келеді. – Сіздің командаңыз басқа финалистер секілді өте мықты балуандар ғой? – Жыл сайын даму бар, талап та жоғары. Барлық балуандардың дайындығы жоғары, оған іріктеу сындарындағы көрсеткіштері дәлел. Жаңа есімдер, жаңа балуандар қатарға қосылды. Балуандардың дайындыққа көп көңіл бөлетіні көрініп тұр. – Сіздің…

0
0
963

Елімізде Президенттік тестілер тапсыру басталды

Бұл күндері Қазақстанның аймақтарында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаевтың тестілерін тапсыру өтіп жатыр. Осы жолы тестілерді қабылдау ел халқының барлық топтарының арасында жазғы тәртіппен іске асырылып жатыр. Қорытындылар шығарылып, марапаттау 2015 жылдың 1 желтоқсанында — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні өтеді, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Штаттық ұлттық командалар және спорттық резерв дирекциясының баспасөз қызметінен. Спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі комитеті, ШҰКжСР қызметкерлері қалың бұқараның арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жер-жерлерді аралауда, Қазақстанның облыстары мен аудандарында Президенттік тестілердің тапсырылуын көздерімен көріп жатыр. Жұмыс тобының құрамына Қазақстан Респу…

0
0
502

Дені саудың – жаны сау

2015 жылдың 20 маусымында сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол – Честный путь» облыстық марафоны аясында Балкашин ауылының «Урожай» стадионында Сандықтау ауданының мемлекеттік қызметкерлерінің, бизнес-қоғамдастық өкілдерінің және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаментінің (әрі қарай - Департамент) командалары арасында шағын-футболдан турнир өтті. Турнир басталмас бұрын жиналғандардың алдында Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары В. Горохводацкий сөз сөйледі. Өз сөзінде ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүргізу мемлекет алдыңдағы басты міндеттердің бірі болып табылатындығын айтып, сол әлеуметтік залалмен күресте, сонымен қатар салауатты өмір салтын сақталуда мемлекеттік қызметкерлер үлгі болулары тиіс деді. Ү…

0
0
508

Оралда жасөспірімдер арасында ел чемпионаты өтуде

Кеше «Конденсат» АҚ-ның спорт залында 1998-1999, 2000-2001 және 2002-2003 жылдары туған жасөспірімдер арасында волейболдан ел біріншілігі басталды. Жарысқа Алматы, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Оңтүстік, Шығыс және Батыс Қазақстан облыстары мен Астана, Алматы қалаларынан барлығы 40 команда қатысып, бақ сынауда. 1998-1999 жылғылар арасындағы алғашқы ойында батысқазақстандықтар павлодарлықтарды 3:0 есебімен тізе бүктірді. Чемпионаттың ашылу рәсімінде облыс әкімінің бірінші орынбасары, БҚО волейбол федерациясының президенті Арман Өтеғұлов елімізде волейбол спортын дамытуға баса көңіл бөлініп отырғанын атап өтіп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Жарыстың бас төрешісі, белгілі бапкер Геннадий Фимушкинге БҚО волейболына сіңірген еңбегі үшін алғыс айтылып, иығына қазақы ш…

0
0
387

Мұрт өсіргіш крем жаққан футболшы 15 матчтан шеттетілді

АСТАНА. ҚазАқпарат — Оңтүстік Корея футбол құрамасының ойыншысы алдағы 15 матчқа қатыспайтын болды. Себебі ол допинг пайдаланған. Бірақ спортшы бұл заттың оның ағзасына өзі пайдаланған мұртқа арналған креммен түсуі мүмкін екенін алға тартуда. Осы ретте елдегі Допингке қарсы комитет өкілі былай мәлімдеді: «Біз футболшы Кан Су Иль кремді спорттық көрсеткіштерін жақсарту үшін пайдаланды деуден аулақпыз. Мұндай жағдайлар қайталанбас үшін команда басшылығы ойыншыларды допинг пайдаланудан сақтандырулары тиіс». Ал ағзасынан метилтестостерон анаболикалық стероиды табылып, дисквалификацияланған 27 жастағы форвард келеңсіз жәйт үшін жанкүйерлерден кешірім сұрады, деп хабарлайды 24.kz rbc.ru-ға сілтемемен. Кан Су Иль Мьянма құрамасымен өтетін 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу ойынына қатысу үшін…

0
0
497

Жасөспірімдер арасында дзюдодан республикалық турнир аяқталды

20-21 маусым күндері Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Нағи Ілиясов ауылында «Абзал және К» компаниясының жүлдесі үшін дзюдодан 1999-2000 және 2001-2002 жылдары туылған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында республикалық турнир өтті. Биыл бесінші мәрте ұйымдастырылған турнирге Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарынан және Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен 27 команда, 285 спортшы 18 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салды. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Жарыстың салтанатты ашылуында облыс әкімінің орынбасары Рауан Кенжеханұлы қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі. ҚР дзюдо федерациясының вице-президенті Асхат Житкеев Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиевке дзюдо федерациясының алғыс хатын табыст…

0
0
567