Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Дені саудың – жаны сау

2015 жылдың 20 маусымында сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол – Честный путь»  облыстық марафоны аясында Балкашин ауылының «Урожай» стадионында Сандықтау ауданының мемлекеттік қызметкерлерінің, бизнес-қоғамдастық өкілдерінің және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаментінің (әрі қарай - Департамент) командалары  арасында шағын-футболдан турнир өтті.

Турнир басталмас бұрын жиналғандардың алдында Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары В. Горохводацкий сөз сөйледі. Өз сөзінде ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл жүргізу мемлекет алдыңдағы басты міндеттердің бірі болып табылатындығын айтып, сол әлеуметтік залалмен күресте, сонымен қатар салауатты өмір салтын сақталуда мемлекеттік қызметкерлер үлгі болулары тиіс деді.

Үш команда арасындағы ымырасыз күрес нәтижесінде 1 орынға Сандықтау ауданы әкімі аппаратының командасы ие болды. Жарыс қорытындысы бойынша командалар бағалы сыйлықтармен, ал үздік ойыншылар, атап айтсақ Департамент қызметкерлері А. Атантаев (үздік қорғаушы) және А. Исаев (үздік шабуылшы) алғыс хаттармен марапатталды.

 

0
0
499

Осы тақырып бойынша