Еркін күрестен Дүйсен Смайловты еске алуға арналған республикалық турнир өтті
Қызылорда қаласы «Мұз айдыны» спорт кешенінің күрес залында КСРО спорт шебері Дүйсен Смайловты еске алуға арналған еркін күрестен 1999-2000 жылдары туған жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтті. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Осымен жетінші мәрте ұйымдастырылған турнирге Алматы, Ақтөбе, Атырау, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстарынан 11 команда, 200-ге жуық спортшы бақ сынады. Жарыстың мақсаты — КСРО спорт шебері Дүйсен Смайловты еске алу, жасөспірімдер арасында еркін күресті дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, палуандардың спорттық шеберлігін арттыру, жасөспірімдерді достыққа, патриоттық сезімге, ұлттық мәдениетке тәрбиелеу. Екі күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша ұлдар арасын…

