Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Оралда жасөспірімдер арасында ел чемпионаты өтуде

Кеше «Конденсат» АҚ-ның спорт залында 1998-1999, 2000-2001 және 2002-2003 жылдары туған жасөспірімдер арасында волейболдан ел біріншілігі басталды.

Жарысқа Алматы, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Оңтүстік, Шығыс және Батыс Қазақстан облыстары мен Астана, Алматы қалаларынан барлығы 40 команда қатысып, бақ сынауда. 1998-1999 жылғылар арасындағы алғашқы ойында батысқазақстандықтар павлодарлықтарды 3:0 есебімен тізе бүктірді.

Чемпионаттың ашылу рәсімінде облыс әкімінің бірінші орынбасары, БҚО волейбол федерациясының президенті Арман Өтеғұлов елімізде волейбол спортын дамытуға баса көңіл бөлініп отырғанын атап өтіп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Жарыстың бас төрешісі, белгілі бапкер Геннадий Фимушкинге БҚО волейболына сіңірген еңбегі үшін алғыс айтылып, иығына қазақы шапан жабылды. Сол кездегі облыс басшысы Қабиболла Жақыповтың шақыруымен келген ол 1997-1998 жылдары облыс құрамасын жаттықтырып, волейболдан Қазақстанның тұңғыш чемпионы атандырған болатын.

Бас төреші Г.Фимушкиннің сөзіне қарағанда, волейболдан мұндай деңгейдегі чемпионат алғаш ұйымдастырылып отыр. Осыған дейін ел өңірлерінде жазғы, күзгі, қысқы және көктемгі лигалар түрінде өткізіліп келсе, енді басқа спорт ойындары секілді, чемпионат өтіп тұрмақ. Мұндағы басты мақсат — олимпиадалық ойын түрі болып есептелетін волейболды кеңінен дамытып, Қазақстан ұлттық құрамасы мүшелерінің орнын басатын жастарды тауып, дайындау.

Айта кетейік, жасөспірімдер арасындағы ел чемпионаты 30 маусымға дейін созылмақ.

 
0
0
373

Осы тақырып бойынша

Оралда жасөспірімдер арасында ел чемпионаты өтуде - Yvision.kz