Фестивальға Қазақтан, Америка, Қытай, Ресей, Чехия, Оңтүстік Корея және Жапонияның ең үздік шеберлері қатысады. Сонымен қатар, оқушылар сарайында белгілі америкалық актер, режиссер және продюсер Стивен Сигал жекпе-жек өнері бойынша шеберлік сағатын өткізді. Айкидо федерациясының 70 жуық спортшысы мен Оқушылар сарайының тәрбиеленушілері әйгілі актердің шеберлігін тамашалады. І Халықаралық жекпе-жек өнері фестиваліне актер, кәсіби спортшы, «Страна бокса», «Страна героев» тележобаларының жүргізушісі Сергей Бадюк пен ресейлік кикбоксер, кәсіпқойлар арасында бірнеше дүркін Әлем чемпионы Бату Хасиков та келмек. Еске сала кетейік, ертең сағат 15.00 «Марриотт» қонақ үйінде Стивен Сигал фестивалға қатысушы басқа да қонақтармен бірге баспасөз мәслихатына қатысады. Стивен Сигал – 1952 жылы 10 сәуірд…