Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Нұр Отан» мен «Единая Россия» өзара әріптестік туралы Келісімге қол қойды

23 маусымда «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің басшылығымен партия делегациясының Ресей Федерациясына ресми сапары басталды. Екіжақты кездесу барысында Мәскеуде «Единая Россия» бүкілресейлік саяси партиясының басшылығымен қос билеуші партияның арасында өзара іс-қимыл мен әріптестік туралы Келісімге қол қойылды.

Ресми сапарының бірінші күнінде «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы  Мемлекеттік Думасының Төрағасы Сергей Нарышкинмен кездесті.

Екіжақты кездесу барысында бүгінгі таңда ҚР Парламенті Сенаты мен РФ Федерация Кеңесінің, ҚР Парламенті Мәжілісі мен РФ Мемлекеттік Думасының арасында тікелей өзара іс-қимылдың орнатылғаны, ал, депутаттардың ТМД Парламентаралық Ассамблеясы, ҰҚШҰ, ЕҚЫҰ Парламенттік  Ассамблеясы отырыстары шеңберінде жемісті жұмыс жасап  жатқандары атап өтілді. Тараптар екі елдің Парламенті арасындағы байланыстарды әрі қарай да дамытуға ниетті екендерін жеткізді.

Сапар шеңберінде «Нұр Отан» партиясының делегациясы «Единая Россия» Бас кеңесінің хатшысы, РФ ФЖ Мемлекеттік Думасы Төрағасының орынбасары Сергей Неверовпен жүздесті.

Кездесу барысында Бауыржан Байбек «Нұр Отан» мен «Единая Россия» партияларының билеуші болып табылатынын және өз елдеріндегі заңнамалық органдарда көпішілік дауысқа ие екенін атап өтті. Сонымен бірге партияларды «Нұр Отан» Доктринасындағы, сондай-ақ «Едина Россияның» ресми тұғырнамасында белгіленген центристік идеологиясы мен ортақ құндылықтар біріктіретініне тоқталды.

Тараптар қос ел арасындағы партияаралық және парламентаралық әріптестіктің қарқынды дамуы Қазақстан мен Ресейдің өзара тиімді әріптестігінің нығаюына ықпал ететініне тоқталды.

 
0
0
383

Осы тақырып бойынша

«Нұр Отан» мен «Единая Россия» өзара әріптестік туралы Келісімге қол қойды - Yvision.kz