Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қызылордалық полицейлер нашақорлық қасіретін театр сахнасы арқылы көрерменге жеткізді

«26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» қарсаңында есірткіден азат қоғамды қалыптастыру, жастар арасында саламатты және салауатты өмір салтын насихаттау, бүкіләлемдік зұлматқа айналып отырған дерттің кең етек алуының алдын алу мақсатында Қызылорда облысы ішкі істер департаменті Есірткі бизнесіне қарсы күрес департаменті мен Облыстық мәдениет басқармасының бірлескен жұмысы нәтижесінде «Қандыөзек» спектаклі көрермен назарына жол тартты.

Спектакльдегі оқиға нашақор  болып  кеткен  боз  баланың  өмірі төңірегінде өрбіп, нашақорлық жолына түсіп кеткен жанның трагедиялық өмірі мен өлімін суреттейді. Әртістер  нашақорлық қасіреті бір отбасы бақытын жалмап кеткендігін, өрмекшінің өрмегіне түсіп алған нашақорлардың тағдыры,   келеңсіз  өмірдің  ащы  шындығын көрерменге шебер жеткізе білді.

Тегін түрде қойылған қойылым көрерменнің көңілінен шығып, ризашылығына бөленді.

 

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

0
0
411

Осы тақырып бойынша

Қызылордалық полицейлер нашақорлық қасіретін театр сахнасы арқылы көрерменге жеткізді - Yvision.kz