«Астана Клубы» отырысының өтетін күні белгілі болды
«Астана клубы» халықаралық пікірталас алаңы бесінші басқосуын өткізеді. Әлемнің 50-ге жуық сақа саясаткері мен Еуразияның әйгілі зиялыларын, халықаралық қатынастар саласындағы үздік мамандарды бір жерге тоғыстыратын кезекті кездесу Қазақстанның бас қаласында биыл қарашаның 11-12 аралығында өтеді.Іс-шараның ұйымдастырушылары Әлемдік экономика және саясат институты мен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры.Отырыстың күнтәртібіне Үлкен Еуразияның стратегиялық болашағы мен қауіпсіздіктің өзекті мәселелері қойылған. Бесінші сессия барысында клуб қатысушылары Еуразия мемлекеттері мен халықтарының даму жолында туындаған өзекті мәселелерін назарға алып, аймақтық ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктерді қарастырады және болашақ жоспарларға қатысты ой алмасады.Тұжырымдамалық тұрғы…