Мазмұнға өту

Жаңа

ЭКСПО-2017 нысандарын салу ісі қарқын алып келеді

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі нысандарының бас мердігері аталған көрме кешенінің құрылысының барысы туралы айтып берді. 25 гектар алқапты алып жатқан 38 нысан мерзімінде берілуі керек және әлемдік стандарттарға жауап беруі тиіс. Құрылыс қалай жүріп жатыр, оған кімдер қатысуда, материаалдарды жеткізушілер қалай таңдап алынуда деген мәселелерге ЭКСПО-2017 жобасы және BI Group компаниясының жетекшісі Ибрагим Жекенов жауап берді. Естеріңізге сала кетейік, «BI-Group construction» холдингі көрменің бас құрылысшыларының бірі және үш халықаралық бір тақырыптық павильонның, тұрғын үйлер мен бульвар мен радиальды жолдың құрылысымен айналысады. Көрменің тақырыбы құрылысшылар тарапынан жаңғыртылатын энергия көздерін барынша ауқымды пайдалануды қарастырады. Бұған қоса көрме нысандары халықаралық экол…

0
0
278

Құралай Нұрқаділқызының «Әйел адамның кәсіби жетістікке жетуі» тақырыбындағы тренингі

Шын мәнісінде, бұл тренинг осыдан шамамен жарты жыл уақыт бұрын өткен болатын. Көптен бері отандық сән әлемінде көрінбей жүрген Құралай Нұрқаділова, сәуір айында Астанада өтетін Қазақстандық сән апталығына қатысатын болды. Танымал қазақстандық дизайнердің басқа уақыттарда сұхбат беріп жүретін уақыты тапшы болғандықтан, осы мүмкіндікті пайдалануды ұйғардық. Сәті түсіп, сол күні Құралай Нұрқаділқызынан сән көрсетілімі жөнінде сұхбат алдық. Сөз арасында Құралай ханым екінші күні Астанада әйелдерге арналған тренинг өткізетінін айтты. Тренинг жабық, шағын ортаға арналған екен. Алайда, ол жерде айтылатын нәрсе тек шағын ғана ортаға емес, еліміздегі жұмысбасты әйелдердің барлығына да қатысты болғандықтан, Құралай Нұрқаділқызы маған: «Жақсы, сен де кел. Бірақ бір шартым бар. Осы жайында жазасың,»…

0
0
2093

Чемпиондар Лигасы. «Астана» словениялық «Марибор» клубын ұтып, келесі кезеңге өтті

«Астана-Арена» стадионында Чемпиондар Лигасы аясындағы 2-ші іріктеу кезеңіндегі «Астана» мен словениялық «Марибор» арасындағы матч аяқталды.

Алғашқы кездесуде есе жіберген (0:1) елордалық «Астана» өз алаңында 3:1 есебімен жеңіске жетті.

«Астана» сапынан голды Бауыржан Джолчиев (12 мин), Рохер Каньяс (43 мин) пен Патрик Твумаси (58 мин) салды. Ал, «Марибор» командасынан 39-шы минутта Александер Райчевич мергендік танытты.

Енді қазақстандық «Астана» клубы финляндиялық «ХИК» клубымен кездеседі.

0
0
173

«Барыс» хоккей клубы екі ойыншымен келісімшарт жасасты

Астаналық «Барыс» хоккей клубы екі жас шабуылшы Александр Мелихов және Кирилл Балдинмен келісімшартқа қол қойды.

Екі ойыншы биыл «Жас шабуылшы ҚХЛ – 2015» атанған. «Барыс» клубы екі шабуылшымен 3 жылдық келісімшарт жасасқан.

Сондай-ақ, «Барыс» клубы 1997 жылы туған жас қорғаушы - Артем Бакушинмен келісімшартқа отыруға ниетті.

0
0
252

Қызылордада жыл басынан бері бейнекамералардың көмегімен 22591 құқық бұзушылық анықталған

Облыс орталығында құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын-алу, орын алған қылмыстарды дер кезінде ашу мен жол қозғалысы ережесін бұзғандарды анықтау мақсатында адам көп шоғырланатын орындарға бейнебақылау камералары орнатылып, көп жағдайда көшедегі жол жүру ережесін бұзғандарды анықтауда септігін тигізіп келеді. Жалпы облыс орталығында 243 бейнекамера бар болса, олардың барлығы Қызылорда ҚІІБ-нің Жедел басқару орталығына қосылған. Аталған бейнекамералардың 96-ы көпқабатты үйлердің ауласында, 133-і көше қиылыстарында орналасқан. Жедел басқару орталығының техникалық мүмкіндіктерін пайдалану арқылы облыс орталығында жасалған қылмыстарды ашу, әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау бағытында біршама жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, 2015 жылдың 6 айында облыс орталығында орналасқан бейнека…

0
0
296

Индустриялық аймақ Ақтөбе облысын дамытуға серпін береді — әкім

Ақтөбе индустриялды аймағында өндірістік нысандардың құрылысына үш келісім шарт 23 гектар жер учаскесін қамтыды, деп хабарлады ІСБ. Заключены первые три договора на строительство на территории индустриальной зоны Актобе промышленных объектов, под которые выделены земельные участки общей площадью 23 гектара, сообщает пресс-служба УВП города. «Индустрияландыру бағдарламасы аясында облысымызда бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр. Екінші бесжылдықты да сәтті бастап, табысты жүргізу үшін біз идустриялық аймақтың құрылысын өткен жылы бастаған болатынбыз. Жалпы бюджеттен 5,5 миллиард теңге қаржы бөлінді. Соның басым бөлігі немесе 90 пайызы республикалық бюджеттен бөлініп отыр. Көрсетілген бюджеттік қаржының барлығы инженерлік желілердің құрылысын жүргізуге жұмсалуда. Индустриялық аймақты салудағы…

0
0
563

Елбасы «Қазақстанда жасалған-2015» ұлттық көрмесіне барады

Астанада индустриалды-инновациялық субъектілердің қатысуымен «Қазақстанда жасалған - Сделано в Казахстане -2015» көрме-форумы өтуде. Шара барысында Елбасы Н.Назарбаев Қазақстанның жеңіл өнеркәсіптегі жетістігі мен ірі жобалардың мүмкіндіктерін көреді. Сапар барысында Елбасы кәсіпорындардың бірыңғай логотипін жариялау бойынша екіжақты меморандумдарға қол қойылады деп күтілуде. Сондай-ақ, «Қазақстанда жасалған - Сделано в Казахстане -2015» акциясында ерекшеленген қатысушыларды марапаттау қарастырылған. Айта кетерлігі, 3 шілде күні барлық қалаған адамдар көрмеге келіп, өндірушілер мен тұтынушылармен әңгімелесіп, өзіне ұнаған тауарды сатып ала алады. «Көрмеда жаңа кәсіпорындар, жаңа өндіріс желілері, шығарылатын өнімді жаңғырту мен кеңейтудегі жаңа бағыттарға басымдық берілген. Агенттік «Қаза…

0
0
347

2015 жылдың 21 шілдедегі жағдайы бойынша 2014-2016 жылдарға арналған жекешелендірудің Кешенді жоспарын жүзеге асыру туралы ақпарат.

2015 жылдың 21 шілдедегі жағдайы бойынша іс жүзінде саудаға 343 объекті шығарылды, оның ішінде 189 объекті сатылды, республикалық меншік бойынша – 9, коммуналдық меншік бойынша – 83, ӘКК – 56, холдингтер бойынша – 41. Сонымен, қаражат келесі түрде таратылды: республикалық бюджетке 1 430 млн. теңге, облыстық бюджеттерге 1 212 млн. теңгеден астам, Холдингтер 58 366 млн теңге, ӘКК 2 917 млн. теңге. Республикалық меншік бойынша Барлығы 2014-2015 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша 34 объекті жекешелендіруге жатады. 2014 жылдың маусым – 2015 жылдың шілдедегі кезеңінде іс жүзінде сатуға 20 объекті жоспарланған. Ағымдағы жылдың 21 шілдедегі жағдайы бойынша сауда-саттыққа 20 объекті шығарылды, оның ішінде 9 объекті сатылды. Коммуналдық меншік бойынша Барлығы 2014-2015 жылдарға арналған сату Ке…

0
0
289

«Қызыл сарайдағы түс» романы Цао Сюэцинь қайтыс болғаннан кейін жарыққа шықты

Цао Сюэциннің атақты романы 120 бөлімнен тұрады. Қытайдың әйгілі жазушысы Цао Сюэциннің шын есімі – Цао Чжань. Цао бала кезінде ата-анасынан жетім қалады. Кейін есейіп, отбасылы болған кезде әйелінен, қартайған шағында балаларынан айырылады. Цао Сюэцинь – жан-жақты талантты жан еді. Суретті жақсы салатын, каллиграфиямен айналысып, өлең жазатын, қолөнер және емдеу ісі жөнінен де хабары болған. Алайда, Сюэциннің есімі тарихта «Қызыл сарайдағы түс» романымен қалды. Цао ауқатты отбасынан шыққан. Цао әулеті императордың қызметінде жүріп жауынгерлік айбыны үшін жоғары жетістікке жетеді. Мысалы, олардың қатарында гарнизон қолбасшысы, император әскерінің капитаны және т.б. бар. Ал, Цао Сюэциннің өзі Цао Инаның немересі еді. Жеңіл өнеркәсіп саласында шенеунік болған Цао Ина – өте сауатты адам. Әрі…

0
0
1486

«Түбіртек талап ет – патриот бол»

А.ж. 20 шілдесінде Ақмола облысы Есіл ауданында «Адал жол – Честный путь» жемқорлыққа қарсы облыстық марафон аясында «Түбіртек талап ет – патриот бол» акциясы өткізілді. Акцияға Есіл ауданындағы жалпы орта білім беру мектептерінің оқушылары қатысты. Акция қатысушысы атану үшін дүкеннен сауда жасау кезінде түбіртек талап ету шарты қойылды. Аталған шара құқықтық сауаттылық пен мәдениетті жоғарылатады, сонымен қатар көлеңкелі экономика мөлшерін қысқартып, жемқорлық қатерлері деңгейін төмендетуге ықпал етеді. Аталған түбіртек жинау шарасы Свободный орта мектебін елең еткізді. «Түбіртек талап ет – патриот бол» акциясына балалар үлкен қызығушылықпен атсалысты, сонымен қоса ата-аналары да аталмыш шараға белсенді қатысты. Жас тұтынушылар (сатып алушылар) сатушылардың наразылығына қарамастан, әр с…

0
0
598