Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Чемпиондар Лигасы. «Астана» словениялық «Марибор» клубын ұтып, келесі кезеңге өтті

«Астана-Арена» стадионында Чемпиондар Лигасы аясындағы 2-ші іріктеу кезеңіндегі «Астана» мен словениялық «Марибор» арасындағы матч аяқталды.

Алғашқы кездесуде есе жіберген (0:1) елордалық «Астана» өз алаңында 3:1 есебімен жеңіске жетті.

«Астана» сапынан голды Бауыржан Джолчиев (12 мин), Рохер Каньяс (43 мин) пен Патрик Твумаси (58 мин) салды. Ал, «Марибор» командасынан 39-шы минутта Александер Райчевич мергендік танытты.

Енді қазақстандық «Астана» клубы финляндиялық «ХИК» клубымен кездеседі.

 

0
0
167

Осы тақырып бойынша

Чемпиондар Лигасы. «Астана» словениялық «Марибор» клубын ұтып, келесі кезеңге өтті - Yvision.kz