Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

2015 жылдың 21 шілдедегі жағдайы бойынша 2014-2016 жылдарға арналған жекешелендірудің Кешенді жоспарын жүзеге асыру туралы ақпарат.

2015 жылдың 21 шілдедегі жағдайы бойынша іс жүзінде саудаға 343 объекті шығарылды, оның ішінде 189 объекті сатылды, республикалық меншік бойынша – 9, коммуналдық меншік бойынша – 83, ӘКК – 56, холдингтер бойынша – 41.

Сонымен, қаражат келесі түрде таратылды: республикалық бюджетке 1 430 млн. теңге, облыстық бюджеттерге 1 212 млн. теңгеден астам, Холдингтер 58 366 млн теңге, ӘКК 2 917 млн. теңге.

Республикалық меншік бойынша

Барлығы 2014-2015 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша 34 объекті жекешелендіруге жатады. 2014 жылдың маусым – 2015 жылдың шілдедегі кезеңінде іс жүзінде сатуға 20 объекті жоспарланған. Ағымдағы жылдың 21 шілдедегі жағдайы бойынша сауда-саттыққа 20 объекті шығарылды, оның ішінде 9 объекті сатылды.

Коммуналдық меншік бойынша

Барлығы 2014-2015 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша 243 объектінің сатылуы белгіленді. 2014 жылдың маусым – 2015 жылдың шілдедегі кезеңінде 183 объекті жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 21 шілдедегі жағдайы бойынша 183 объекті шығарылды, соның ішінде 83 объекті сатылды.

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша 2014-2015 жылдарда сату Кесте бойынша сатуға 110 объекті белгіленді. 2014 жылдың маусым – 2015 жылдың шілдедегі кезеңінде 95 объекті жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 77 объекті сатуға қойылды, 56 объекті сатылды.

Ұлттық компаниялар мен холдингтер бойынша

2014 – 2015 жж. арналған сату Кестесі бойынша 107 объекті жекешелендіруге жатады, 21 шілдедегі жағдайы бойынша жоспарланған 77 объектінің 76 объектісі сауда-саттыққа шығарылды, оның ішінде 41 объект сатылды.

0
0
281

Осы тақырып бойынша

2015 жылдың 21 шілдедегі жағдайы бойынша 2014-2016 жылдарға арналған жекешелендірудің Кешенді жоспарын жүзеге асыру туралы ақпарат. - Yvision.kz