Мазмұнға өту
minfingovkz

Министерство финансов РК

@minfingovkz

Сайтта 2013 ж. 27 мамырКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

206

пікір

1

тіркелуші

3

жазылымдар

0

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өкілдері электрондық мемлекеттік сатып алу бойынша Сеул қаласындағы (Оңтүстік Корея) 2-ші Азия-Тынық мұхиты аймағының Конференциясына қатысты

Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру кезінде Оңтүстік Кореяның озық тәжірибесі ескерілетін болады

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өкілдері электрондық мемлекеттік сатып алу бойынша Сеул қаласындағы (Оңтүстік Корея) 2-ші Азия-Тынық мұхиты аймағының Конференциясына қатысты. Ағымдағы жылдың 10-11 қазан аралығында өтетін конференцияның ұйымдастырушылары Азия Даму Банкі (АДБ) және Оңтүстік Кореяның мемлекеттік сатып алу жөніндегі қызметі болып табылады.

Қазақстан делегациясын ҚР Қаржы вице-министрі Руслан Бекетаев және ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу әдіснамасы департаментінің директоры Сабит Ахметов бастады.

Осы Конференцияны Оңтүстік Кореяда өткізу кездейсоқ емес, электрондық сатып алу осы елде де жоғары даму деңгейімен ұйғарылады. Қазіргі кезде Оңтүстік Кореяның электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу жөніндегі тәжірибесі әлемдегі ең алдыңғы қатарлы болып табылады.

Оңтүстік Кореядағы мемлекеттік сатып алудың барлық рәсімдері, сауда-саттықты, келісім-шарт жасауды, тауар жеткізуді және оған ақы төлеуді коса алғанда KONEPS (Korean on-line electronic Procurement Service) жүйесі арқылы өткізіледі.

Конференция аясында ҚР Қаржы вице-министрі Руслан Бекетаев Оңтүстік Кореяның мемлекеттік сатып алу жөніндегі қызметінің басшысы Чугун Янху мырзамен электрондық мемлекеттік сатып алуды дамыту мәселелерін талқылады.

Оңтүстік Кореяның электрондық сатып алулар жүйесін егжей-тегжейлі зерделеу мақсатында тараптар тығыз ынтымақтастық жасау туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

ҚР Қаржы вице-министрі Руслан Бекетаевтың сөзіне қарағанда, Азия-Тынық мұхиты аймағының, оның ішінде Оңтүстік Кореяның электрондық сатып алулар өткізу тәжірибесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру кезінде ең үздік тәжірибесін қолдануға мүмкіндік береді.

0
0
673

Жекешелендірудің екінші» толқынының» барысы туралы» тақырыбында баспасөз – конференциясы өтті

ҚР Орталық коммуникациялар қызметінде «Жекешелендірудің екінші» толқынының» барысы туралы» атты тақырыпқа Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Төрағасы Э.К. Өтеповтің қатысуымен баспасөз-конференциясы өткізілді


ҚР Орталық коммуникациялар қызметінде «Жекешелендірудің екінші» толқынының» барысы туралы» атты тақырыпқа Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Төрағасы Э.К. Өтеповтің қатысуымен баспасөз-конференциясы өткізілді.

2014-2016 жылдарға арналған сату кестесіне сәйкес сатуға 622 объекті жоспарланған. 2014 жылдың маусымнан 2016 жылдың тамызға дейінгі кезеңде 523 объекті жекешелендіруге жоспарланған. 2016 жылдың 26 қыркүйектегі жағдай бойынша іс жүзінде саудаға 509 объект шығарылды, оның 314 объектісі сатылды, оның ішінде республикалық меншік бойынша – 19, коммуналдық меншік бойынша – 157, Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар бойынша – 81, холдингтер бойынша – 57.

Бұл ретте, сатудан түскен қаражат келесі түрде таратылды: республикалық бюджетке 7 млрд. теңге, облыстық бюджеттерге - 5,1 млрд. теңге, Холдингтерге – 68,1 млрд. теңге, Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияларға – 6,4 млрд. теңге түсті.

Республикалық меншік бойынша

2014 жылдың маусымнан 2016 жылдың қыркүйекке дейінгі кезеңде сатуға 27 объекті жоспарланған. Ағымдағы жылдың 28 қыркүйектегі жағдайы бойынша сауда-саттыққа 27 объекті шығарылды, оның ішінде 19 объекті сатылды.

Коммуналдық меншік бойынша

2014 жылдың маусымнан 2016 жылдың қыркүйекке дейінгі кезеңде 273 объекті жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 28 қыркүйектегі жағдай бойынша 254 объекті саудаға шығарылды, оның ішінде 157 объекті сатылды.

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша

2014 жылдың маусымнан 2016 жылдың қыркүйекке дейінгі кезеңде 105 объекті жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 104 объекті сатуға қойылды, оның 81-і сатылды.

Ұлттық компаниялар мен холдингтер бойынша

Ағымдағы жылдың 28 қыркүйектегі жағдайы бойынша сатуға жоспарланған 136 объектінің 124 объектісі сауда-саттыққа шығарылды, оның ішінде 57 объекті сатылды.

ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі

1
0
769

Бастапқы жария ету акциясы бойынша бюджетке 4,3 млрд.теңге түсті

Мүліктерді жария ету жөніндегі  ҚР аумағында мүлікті жария ету бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы комиссияға жалпы сомасы  1 030,9  млрд тг құрайтын  жылжымайтын мүлікті жария етуі үшін 101 122 өтініш (декларациялар) түсті.

- сомасы 772,6 млрд. теңгеге 83 940 тұрғын үй объекті;

- сомасы 244,9 млрд. теңгеге 44 734 тұрғын үй емес объекті, оның ішінде 10 089 млрд.теңгеге 165,6 коммерциялық объект;

- сомасы 7,6 млрд. теңгеге заңды тұлғалардың 60 қатысу үлесі;

- сомасы 5,8 млрд. теңгеге бағалы қағаздар келіп түсті.

97 635 объект, бағалы қағаздар және ақша сомасы  786,8 млрд. теңгеге жария етілді.

Мүліктерді жария ету бойынша салық органдарына ҚР аумағынан тысқары, сомасы 5,0 млрд. теңге құрайтын 123 тұрғын үй объектісін жария ету бойынша  өтініш (декларация) келіп түсті.

- сомасы 2 122,8 млн. тг құрайтын 106 тұрғын үй объекті;

- сомасы 31,4 млн. тг құрайтын  7 тұрғын үй емес объекті, оның ішінде 22,7 млн. тг құрайтын 4 коммерциялық обьекті.

- сомасы  15,5 млн. тг құрайтын, 9 заңды тұлғалардың  қатысу үлесі;

- 2 852,2 млн. тг сомасында бағалы қағаздар;

Сомасы 5,0 млрд. теңгеге 118 объект  және бағалы қағаздар жария етілді.

 

ҚР ҰБ есеп деректері бойынша екінші деңгейлі банктердің 22.08.2016 жылғы жағдайы бойынша жалпы сомасы 1 484,5 млрд.теңге ақшаны жария етуге 2 770 жинақ шот ашылды, (оның ішінде шетелден аударылған 234,1 млрд. теңге) (соның ішінде ішінде шоттан шешілгені 1 472,8 млрд.теңге) соның ішінде:

оның ішінде  заңнамаға өзгерістер енгізгенге дейін 80,9 млрд.теңгеге  2015 жылы 30 қарашаға дейін 179 жинақ шотын ашу арқылы;

- 1 366,7 млрд. теңге мемлекеттік кіріс органдарына по 2 743 декларация ұсыну және шот ашу арқылы.

- 36,9 млрд.теңге әлі декларацияланбады

Сонымен қатар, мемлекеттік кірістер органына шот ашпау арқылы ақшаны жария ету бойынша 6 427,5 млн. теңге көлемінде 43 декларация түсті.

1 427,4 млрд. теңге сомасында ақша жария етілді,соның ішінде:

2015 жылы 30 қарашаға дейін 80,9 млрд. теңге;

2 669 декларация бойынша 1 346,5 млрд.теңге.

22.08.2016 жылына сәйкес 1-Н есебінің деректері бойынша «Мүлікті жария ету үшін алым» 206110  коды бойынша бюджетке іс жүзінде 4,3 млрд.теңге түсті, оның 3,0 млрд.теңге қайтарылған (ескі Заң ережесі бойынша мерзімнен бұрын түсірілген жария етілген ақша  (3,1 млрд.теңге – қайтарымға жатады).

0
0
559

Мемлекеттік кірістер органына мүліктерді жария етуге 103 346 өтініш келіп түсті

Ағымдағы күнге барлығы 2 446,0 млрд тенге сомасында 103 346 өтініш (декларациялар) түсті, оның ішінде жария етілгені 2 176,1 млрд. тенге.

Мүліктерді жария ету жөніндегі  ҚР аумағында мүлікті жария ету бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы комиссияға жалпы сомасы  1 024,5  млрд тг құрайтын  жылжымайтын мүлікті жария етуі үшін 100 409 өтініш (декларациялар) түсті.

- сомасы 768,6 млрд. теңгеге 83 372 тұрғын үй объекті;

- сомасы 242,9 млрд. теңгеге 44 328 тұрғын үй емес объекті, оның ішінде 10 019 млрд.теңгеге 164,7 коммерциялық объект;

- сомасы 7,2 млрд. теңгеге заңды тұлғалардың 59 қатысу үлесі;

- сомасы 5,8 млрд. теңгеге бағалы қағаздар келіп түсті.

96 748 объект, бағалы қағаздар және ақша сомасы  778,0 млрд. теңгеге жария етілді.

Мүліктерді жария ету бойынша салық органдарына ҚР аумағынан тысқары, сомасы 5,0 млрд. теңге құрайтын 114 тұрғын үй объектісін жария ету бойынша  өтініш (декларация) келіп түсті.

- сомасы 2 092,2 млн. тг құрайтын 98 тұрғын үй объекті;

- сомасы 29,9 млн. тг құрайтын   6 тұрғын үй емес объекті, оның ішінде 22,7 млн. тг құрайтын 4 коммерциялық обьекті.

- сомасы  15,5 млн. тг құрайтын, 9 заңды тұлғалардың  қатысу үлесі;

- 2 852,2 млн. тг сомасында бағалы қағаздар;

Сомасы 4,9 млрд. теңгеге 108 объект  және бағалы қағаздар жария етілді.

 

ҚР ҰБ есеп деректері бойынша екінші деңгейлі банктердің 16.08.2016 жылғы жағдайы бойынша жалпы сомасы 1 456,1 млрд.теңге ақшаны жария етуге 2 653  жинақ шот ашылды, (оның ішінде шетелден аударылған 232,1 млрд. теңге) (соның ішінде ішінде шоттан шешілгені 1 419,4 млрд.теңге) соның ішінде:

оның ішінде  заңнамаға өзгерістер енгізгенге дейін 80,9 млрд.теңгеге  2015 жылы 30 қарашаға дейін 179 жинақ шотын ашу арқылы;

- 1 335,7 млрд. теңге мемлекеттік кіріс органдарына по 2 644 декларация ұсыну және шот ашу арқылы.

- 39,5 млрд.теңге әлі декларацияланбады

Сонымен қатар, мемлекеттік кірістер органына шот ашпау арқылы ақшаны жария ету бойынша 6 427,5 млн. теңге көлемінде 43 декларация түсті.

1 393,2 млрд. теңге сомасында ақша жария етілді,соның ішінде:

2015 жылы 30 қарашаға дейін 80,9 млрд. теңге;

2 581 декларация бойынша 1 312,3 млрд.теңге.

12.08.2016 жылына сәйкес 1-Н есебінің деректері бойынша «Мүлікті жария ету үшін алым» 206110  коды бойынша бюджетке іс жүзінде 4,3 млрд.теңге түсті, оның 3,0 млрд.теңге қайтарылған (ескі Заң ережесі бойынша мерзімнен бұрын түсірілген жария етілген ақша  (3,1 млрд.теңге – қайтарымға жатады).

0
0
545

ҚР аумағынан тыс 2 852,2 млн. теңге сомасында бағалы қағаздар жария етілді

Ағымдағы күнге барлығы  2 232,0 млрд млрд. тенге сомасында 99 014 өтініш (декларациялар) түсті, оның ішінде жария етілгені 1 949,0 млрд. тенге.

Мүліктерді жария ету жөніндегі  ҚР аумағында мүлікті жария ету бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы комиссияға жалпы сомасы  984,6 млрд тг құрайтын  жылжымайтын мүлікті жария етуі үшін     96 594 өтініш (декларациялар) түсті.

- сомасы 735,5 млрд. теңгеге 80 213 тұрғын үй объекті;

- сомасы 236,2 млрд. теңгеге 42 564 тұрғын үй емес объекті, оның ішінде 9 736 млрд.теңгеге 159,3 коммерциялық объект;

- сомасы 7,1 млрд. теңгеге заңды тұлғалардың 58 қатысу үлесі;

- сомасы 5,8 млрд. теңгеге бағалы қағаздар келіп түсті.

92 367 объект, бағалы қағаздар және ақша сомасы 742,8 млрд. теңгеге жария етілді.

Мүліктерді жария ету бойынша салық органдарына ҚР аумағынан тысқары, сомасы 5,0 млрд. теңге құрайтын 104 тұрғын үй объектісін жария ету бойынша  өтініш (декларация) келіп түсті.

- сомасы 2 053,0 млн. тг құрайтын 89 тұрғын үй объекті;

- сомасы 29,9 млн. тг құрайтын   6 тұрғын үй емес объекті, оның ішінде 22,7 млн. тг құрайтын 4 коммерциялық обьекті.

- сомасы  15,5 млн. тг құрайтын, 8 заңды тұлғалардың  қатысу үлесі;

- 2 852,2 млн. тг сомасында бағалы қағаздар;

Сомасы 4,9 млрд. теңгеге 100 объект  және бағалы қағаздар жария етілді.

 

ҚР ҰБ есеп деректері бойынша екінші деңгейлі банктердің 25.07.2016 жылғы жағдайы бойынша жалпы сомасы 1 290,2 млрд.теңге ақшаны жария етуге 2 265  жинақ шот ашылды, (оның ішінде шетелден аударылған 218,9 млрд. теңге) (соның ішінде ішінде шоттан шешілгені 1 238,3 млрд.теңге) соның ішінде:

оның ішінде  заңнамаға өзгерістер енгізгенге дейін 80,9 млрд.теңгеге  2015 жылы 30 қарашаға дейін 179 жинақ шотын ашу арқылы;

1 161,6 млрд. теңге мемлекеттік кіріс органдарына 2 137 декларация ұсыну және шот ашу арқылы.

- 47,7 млрд.теңге әлі декларацияланбады

Сонымен қатар, мемлекеттік кірістер органына шот ашпау арқылы ақшаны жария ету бойынша 2 960,9 млн. теңге көлемінде 39 декларация түсті.

1 201,3 млрд. теңге сомасында ақша жария етілді,соның ішінде:

2015 жылы 30 қарашаға дейін 80,9 млрд. теңге;

2 103 декларация бойынша 1 120,4 млрд.теңге.

26.07.2016 жылына сәйкес 1-Н есебінің деректері бойынша «Мүлікті жария ету үшін алым» 206110  коды бойынша бюджетке іс жүзінде 3,4 млрд.теңге түсті, оның 2,9 млрд.теңге қайтарылған (ескі Заң ережесі бойынша мерзімнен бұрын түсірілген жария етілген ақша  (3,1 млрд.теңге – қайтарымға жатады).

0
0
689

Б.Сұлтанов: «Жария ету субъектілері құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдар тарапынан заңсыз әрекеттерден қорғалған»

Құрметті Гүлжан Жанпейісқызы,

құрметті депутаттар!

 

Өткен жылы біз бірлесе отырып, ауқымды жұмыстарды жүргіздік. Жария ету заңнамасын өзгерту жөніндегі біздің бастамаларымыз Сіздердің тарапыңыздан  қолдау тапты.

Жария ету бизнес субъектілеріне балабақша, қоғамдық тамақтану объектілері сияқты әлеуметтік маңызы бар объектілерді заңдастыруға және тиісінше ресімдеуге мүмкіндік берді. Теміржол тұйықтарын, жатақханаларды, өндіріс цехтарын жария ету фактілері де бар. Осының барлығы салық салу базасын ұлғайту және қосымша жұмыс орындарын ашу үшін алғышарт жасауда.

Егер Қазақстаннан тыс жария етілген мүлік туралы айтатын болсақ, онда бұл негізінен Біріккен Араб Әмірліктері, Испания, Мажарстан, Тайланд, Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Қытай, Түркия елдеріндегі виллалар, пәтерлер, үйлер сияқты тұрғын үй қорының объектілері болып келеді. Бұдан басқа, Ресей Федерациясы мен Өзбекстандағы коммерциялық объектілерді (сауда үйлерін, цехтарын), Англия мен Өзбекстандағы бағалы қағаздарды және Болгария, Германия, Чехия, Біріккен Араб Әмірліктеріндегі заңды тұлғалардағы қатысу үлестерін жария ету фактілері де бар.

Жүргізіліп жатқан акцияның серпінін жақсарту мақсатында,  Ұлт жоспарының 41-қадамын іске асыру шеңберінде мүлікті жария ету шарттары жеңілдетілді, жария ету субъектілеріне қосымша кепілдіктер берілді.

Мүліктің жария етуін жүзеге асыру рәсімдеріндегі жаңа негіз қалаушы тәсілдерге тағы да тоқталып өткім келеді.

Мәселен, біз ақшаны жария етудің механизмін айтарлықтай оңайлаттық.

Енді ақшаны екі тәсілмен заңдастыруға болады.

Бірінші тәсіл: Ақшаны банк шоттары арқылы көрсету және өзінің кез келген қажеттіліктеріне пайдалану, мысалы: бизнеске салу, жылжымайтын мүлікті сатып алу және тағы басқа, және, тым болмағанда оны шоттан шешіп алуға болады. Осының барлығы 10 пайыздық алымды төлеместен жүргізіледі.

Екінші тәсіл: Шетелде орналасқан немесе қолма-қол айналымдағы ақшаны банк шотына салмай-ақ, мәлімдеу нысанында жария ету. Бірақ бұл ретте бюджетке 10 пайыздық  алым төленеді.

Осы, және басқа жағдайда да жария ету субъектісі мемлекеттік кірістер органдарына тиісті декларацияны тапсырады.

Біз, бюджетке 10 пайыздық алымның төленуін көздейтін ақшаны, қазақстан банк шоттарына аударуға қиналатын және ниеті жоқтар үшін арнайы екінші опцияны енгізгенімізді атап өту қажет. Алайда, бүгінгі күні мұндай мүмкіндікті 1 млрд. жуық теңгені жария ете отырып, небәрі 17 адам ғана пайдаланды. Яғни банк шоттары арқылы ақшаны жария ету азаматтар үшін аса тартымды болып тұр.

Бұдан басқа, өзге мүлікті жария ету рәсімін біз ұйымдастырушылық жағынан елеулі оңайлаттық.

Осымен, Қазақстан аумағында орналасқан және тиісінше ресімделген мүлікті заңдастыру үшін мемлекеттік кірістер органдарына тиісті декларацияны және ілеспе құжаттарды тапсыру жеткілікті. Осы шарт шетелде орналасқан мүлікті жария етуге де қатысты. Яғни, артық буын болып табылатын мемлекеттік кірістер органдарының жанындағы комиссиялар таратылды.

Жария ету субъектісі жергілікті жерлердегі әкімдіктер жанындағы комиссияларға, тек Қазақстан аумағында орналасқан және бұрын тиісінше ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария етуге қатысты ғана жүгінеді.

Оған қоса, жария ету заңнамасында, біріншіден, шетелдегі шоттар бойынша ақпаратты жасырғаны үшін әкімшілік жазаны қатаңдату, екіншіден, шетелде орналасқан мүлікті міндетті түрде декларациялау регламенттелген.

Жария ету субъектілеріне қосымша кепілдіктер беру мәселелеріне ерекше тоқтала кеткім келеді.

Мүлікті жария етумен байланысты кез келген мәлімет, салықтық және банктік құпия болып табылады. Сондықтан, жария ету туралы мәліметті үшінші тұлғаларға таратуға ешкімнің, атап айтқанда, әкімдіктер жанындағы жария ету жөніндегі комиссиялар қызметшілерінің де, мемлекеттік кірістер органдарының, екінші деңгейдегі банктердің және Қазпошта қызметкерлерінің де құқықтары жоқ. Мұндай ақпаратты таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Бұдан басқа, жария ету субъектілері құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдар тарапынан заңсыз әрекеттерден қорғалған. Осымен, қылмыстық істер қозғауға, немесе мүлік пен ақшаны жария ету фактісінің өзін дәлелдемелер ретінде пайдалануға тыйым салынған. Сондай-ақ жария етілген мүлік тәркіленуі мүмкін емес.

Жария ету акциясының аяқталуын және жалпыға бірдей декларациялау процесінің басталуын үндестіру үшін , рақымшылық жасау мерзімі 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылды.

Осыған байланысты, 2017 жылдан бастап, бастапқы декларация тапсыру кезінде азаматтар 3,7 млн теңгеден (160 ең аз жалақы) асатын ақшалай қаражатын банк шоттарында орналастыруға тиіс болады. Сонымен қатар, жария етілген ақшаға бұл ереже қолданылмайды.

Анықтама: ең аз жалақы мөлшері – 2016 жылға 22859 теңге

160х22859 теңге = 3 657 440 теңге

 

Бұдан басқа, Мемлекет басшысы өзінің сөзінде атап айтқандай, осы акция аяқталғаннан кейін қазақстандықтардың шоттары бүкіл әлем бойынша қайта тексерлетін болады. Осыған біз, тиісті халықаралық келісімдер мен Конвенцияларға қол қойылған елдердің ақпаратпен өзара алмасу шеңберінде өткізетін жұмыс та ықпал ететін болады.

Қабылданған заңмен, біздің ойымызша, жария ету үрдісін тежейтін барлық шектеулер алынып тасталды. Бұл туралы жария ету қарқыны да көрсетіп отыр.

Ел бойынша жария етуге мәлімделген мүліктің сомасы ағымдағы сәтке 1,7 трлн. теңгеден асты, оның 1,5 трлн. теңгесі жария етіліп қойды.

Анықтамалық: оның ішінде республиканың аумағында орналасқан мүлік бойынша - 666 млрд. теңге, шетелдегі мүлік бойынша – 1,9 млрд. теңге және ақша - 892 млрд. теңге.

Бұдан басқа, талдау, Заңның жаңа ережелері бойынша жүргізілген жұмыстың 6 айдың ішінде (яғни 2015 жылғы 1 желтоқсаннан кейін) 1,1 трлн. теңгеден астам жария етілгенін көрсетті. Бұл акцияның барлық кезеңі ішіндегі жалпы сомадан 72%, және барлық алдыңғы 15 айы ішінде жария етілген сомадан 2,7 есе артық.

Анықтамалық: оның ішінде, ҚР аумағында орналасқан мүлік бойынша -  322 млрд. теңге; ҚР-нан тыс орналасқан мүлік бойынша – 0,8 млрд. теңге; ақша – 811 млрд. теңге. Сонымен бірге, желтоқсан айына дейін жария ету сомасы 425 млрд. теңгені құрады.

Түзетулер, жария ету барысына жақсы серпіліс бергені көрініп тұр. Акцияның барлық кезеңі ішінде осы мүмкіндікті 90 мыңға жуық азамат пайдаланды. Өтініштердің саны мен артуы тұрғындар тарапынан үлкен қызығушылық туғаны туралы айтуда.

Қаржы министрлігі жергілікті атқарушы органдармен және екінші деңгейдегі банктермен бірлесіп белсенді түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.

Анықтамалық: акцияның басынан бастап БАҚ-та 10 304 мақала жарияланды, теледидар бойынша 71 602 сюжет көрсетілді, интернет-ресурстарда 10 169 мақала орналастырылды, 10 849 семинар, «дөңгелек үстел» өтті.

Тек жаңа заңнамалық түзетулерді түсіндіру сәтінен бастап соңғы 8 ай ішінде (қазан – мамыр) 5 100-ге жуық мақала жарияланды, 89 259 телесюжет шығарылды, 4 100-дай «дөңгелек үстел», семинар өткізілді.

Күнсайын өңірлік және республикалық телеарналардан хабарлар, сұхбаттар, бейнесюжеттер көрсетіліп тұрады. Бұдан басқа, елдің кинотеатрларында фильмдерді қарау алдында акцияны насихаттау жөніндегі роликтер көрсетілуде.

Анықтамалық: 23 қаланың 61 кинотеатрында акцияны насихаттау жөніндегі ролик көрсетіледі. Осымен, наурыз айынан бастап кинофильмдердің 13,2 мың сеансының алдында оларды 765 мың көрермен қарап шықты.

Оған қоса, мүлікті жария ету мәселесі бойынша ай сайын ҚР Үкіметінің отырыстары, Қаржы министрліктің селекторлық кеңестері өткізіледі.

Біз мүдделі мемлекеттік органдармен, бизнес-қоғамдастығының өкілдерімен және екінші деңгейдегі банктермен жария ету жөніндегі заңнамасының қолданыстағы ережелеріне бар кедергілер мен мүмкіндіктерді жақсарту пәніне талдау жүргізу бойынша жұмыстарды тұрақты жүргізудеміз.

Мәселен, мүлікті жария ету жөніндегі заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша 11 ұсыныс келіп түсті.

Аталған талдау, ағымдағы сәтке заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді талап ететінін көрсетті, ол бойынша жұмыс Ұлттық экономика министрлігімен және Ұлттық Банкпен бірлесіп жүргізілуде.

Құрметті Гүлжан Жанпейісқызы, сіз бен біздің ортақ жұмысымыз әлемдік экономика үшін осы дағдарыс кезеңіндегі уақыт талабы болып табылады, бұл да елімізде көлеңкелі экономиканың деңгейін одан әрі төмендетуге ықпал етеді деп санаймыз.

Назарларыңызға рахмет.

0
0
642

Коммуналдық меншіктен 122 объекті сатылды

2014 - 2020 жылдарға арналған сату кестесіне сәйкес сатуға 933  объекті жоспарланған.

2014 жылдың маусым - 2016 жылдың сәуірдегі кезеңінде 451 объекті жекешелендіруге жатады. 2016 жылдың 18 сәуірдегі жағдайы бойынша іс жүзінде саудаға 429 объекті шығарылды, оның ішінде  253  объекті сатылды, республикалық меншік бойынша - 17, коммуналдық меншік бойынша - 122, ӘКК - 64, холдингтер бойынша - 50.

Сонымен, қаражат келесі түрде таратылды: республикалық бюджетке 6 774 млн. теңге, облыстық бюджеттерге 4 048  млн. теңгеден астам, Холдингтер 67 262 млн. теңге, ӘКК  2 959 млн. теңге.

Республикалық меншік бойынша

Барлығы 2014-2020 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша 65 объекті жекешелендіруге жатады. 2014 жылдың маусым - 2016 жылдың сәуірдегі кезеңінде іс жүзінде сатуға 24 объекті жоспарланған. Ағымдағы жылдың 18 сәуірдегі жағдайы бойынша сауда-саттыққа 24 объекті шығарылды, оның ішінде 17 объекті сатылды.

Коммуналдық меншік бойынша

Барлығы 2014 - 2020 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша 484 объектінің сатылуы белгіленді. 2014 жылдың маусым - 2016 жылдың сәуірдегі кезеңінде 209 объекті жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 18 сәуірдегі жағдайы бойынша 206  объекті шығарылды, соның ішінде 122 объекті сатылды.

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша 2014 - 2020 жылдарда сату Кесте бойынша сатуға 165 объекті белгіленді. 2014 жылдың маусым - 2016 жылдың сәуірдегі кезеңінде 90 объекті жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 88 объекті сатуға қойылды, 64 объекті сатылды.

Ұлттық компаниялар мен холдингтер бойынша

2014 - 2020 жж. арналған сату Кестесі бойынша 219 объекті жекешелендіруге жатады, 18 сәуірдегі жағдайы бойынша жоспарланған 128 объектінің 111 объектісі сауда - саттыққа шығарылды, оның ішінде 50 объект сатылды.

0
0
582

ҚР аумағынан тыс 585,4 млн. тг сомасында бағалы қағаздар жария етілді

Ағымдағы күнге барлығы  1 227,7 млрд. тенге сомасында 81 843 өтініш (декларациялар) түсті, оның ішінде жария етілгені  1010,1 млрд. тенге.

Мүліктерді жария ету жөніндегі  ҚР аумағында мүлікті жария ету бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы комиссияға жалпы сомасы  828,0 млрд тг құрайтын  жылжымайтын мүлікті жария етуі үшін81 272 өтініш (декларациялар) түсті.

- сомасы 622,4 млрд. теңгеге 68 420 тұрғын үй объекті;
- сомасы 195,2 млрд. теңгеге 34 827 тұрғын үй емес объекті, оның ішінде 8 312 млрд.теңгеге 132,4 коммерциялық объект;
- сомасы 6,2 млрд. теңгеге заңды тұлғалардың 30 қатысу үлесі;
- сомасы 4,2 млрд. теңгеге бағалы қағаздар келіп түсті.

76 931 объект, бағалы қағаздар және ақша сомасы 614,9 млрд. теңгеге жария етілді.

Мүліктерді жария ету бойынша салық органдарына ҚР аумағынан тысқары, сомасы 1 755,3 млн тенге құрайтын 48 тұрғын үй объектісін жария ету бойынша  өтініш (декларация) келіп түсті.

- сомасы 1 151,7 млн. тг құрайтын 41 тұрғын үй объекті;
- сомасы 8,3 млн. тг құрайтын   3 тұрғын үй емес объекті, оның ішінде -6,1 млн. тг құрайтын 2 коммерциялық обьекті.
- сомасы  9,9 млн. тг құрайтын, 5 заңды тұлғалардың  қатысу үлесі;
- 585,4 млн. тг сомасында бағалы қағаздар;

Сомасы 1 176,5 млн. теңгеге 47 объект  және бағалы қағаздар жария етілді.

ҚР ҰБ есеп деректері бойынша екінші деңгейлі банктердің 24.03.2016 жылғы жағдайы бойынша жалпы сомасы 438,7 млрд.теңге ақшаны жария етуге 557   жинақ шот ашылды, (соның ішінде ішінде шоттан шешілгені  386.3 млрд.теңге) соның ішінде: оның ішінде  заңнамаға өзгерістер енгізгенге дейін 80,9 млрд.теңгеге  2015 жылы 30 қарашаға дейін 179 жинақ шотын ашу арқылы;
317,1 млрд. теңге мемлекеттік кіріс органдарына  344  декларация ұсыну және шот ашу арқылы.

40,8 млрд.теңге әлі декларацияланбады.
394,0 млрд. теңге сомасында ақша жария етілді, соның ішінде:
2015 жылы 30 қарашаға дейін 80,9 млрд. теңге;
325 декларация бойынша 313,2 млрд.теңге.

Сонымен қатар, мемлекеттік кірістер органына шот ашпау арқылы ақшаны жария ету бойынша 948,5 млн. теңге көлемінде  5 декларация түсті.

25.03.2016 жылына сәйкес 1-Н есебінің деректері бойынша «Мүлікті жария ету үшін алым» 206110  коды бойынша бюджетке іс жүзінде 3,4 млрд.теңге түсті.

0
0
496

Жария ету бойынша бюджетке 3,4 млрд.теңге түсті

Ағымдағы күнге барлығы  1 180,6 млрд. тенге сомасында 81 095 өтініш (декларациялар) түсті, оның ішінде жария етілгені 911,5 млрд. тенге.

Мүліктерді жария ету жөніндегі  ҚР аумағында мүлікті жария ету бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы комиссияға жалпы сомасы  818,5 млрд тг құрайтын  жылжымайтын мүлікті жария етуі ушін 80 584 өтініш (декларациялар) түсті.

- сомасы 615,2 млрд. теңгеге 67 873 тұрғын үй объекті;

- сомасы 192,9 млрд. теңгеге 34 383 тұрғын үй емес объекті, оның ішінде 8 228 млрд.теңгеге 132,1 коммерциялық объект;

- сомасы 6,2 млрд. теңгеге заңды тұлғалардың 30 қатысу үлесі;

- сомасы 4,2 млрд. теңгеге бағалы қағаздар келіп түсті.

74 376 объект, бағалы қағаздар және ақша сомасы 576,5 млрд. теңгеге жария етілді.

 

Мүліктерді жария ету бойынша салық органдарына ҚР аумағынан тысқары, сомасы 1 755,3 млн тенге құрайтын 48 тұрғын үй объектісін жария ету бойынша  өтініш (декларация) келіп түсті.

- сомасы 1 151,7 млн. тг құрайтын 41 тұрғын үй объекті;

- сомасы 8,3 млн. тг құрайтын   3 тұрғын үй емес объекті, оның ішінде -6,1 млн. тг құрайтын 2 коммерциялық обьекті.

- сомасы  9,9 млн. тг құрайтын, 5 заңды тұлғалардың  қатысу үлесі;

- 585,4 млн. тг сомасында бағалы қағаздар;

Сомасы 1 176,5 млн. теңгеге 47 объект  және бағалы қағаздар жария етілді.

 

ҚР ҰБ есеп деректері бойынша екінші деңгейлі банктердің 11.02.2016 жылғы жағдайы бойынша жалпы сомасы 412,6 млрд.теңге ақшаны жария етуге   507  жинақ шот ашылды, (соның ішінде ішінде шоттан шешілгені  353,6 млрд.теңге) соның ішінде:

оның ішінде  заңнамаға өзгерістер енгізгенге дейін 80,9 млрд.теңгеге  2015 жылы 30 қарашаға дейін 179 жинақ шотын ашу арқылы;

279,5 млрд. теңге мемлекеттік кіріс органдарына 284декларация ұсыну және шот ашу арқылы.

34.3 млрд.теңге әлі декларацияланбады

305,2 млрд. теңге сомасында ақша жария етілді, соның ішінде:

2015 жылы 30 қарашаға дейін 80,9 млрд. теңге;

248 декларация бойынша 253,0 млрд.теңге.

Сонымен қатар, Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер органына шот ашпау арқылы ақшаны жария ету бойынша 947,0 млн. теңге көлемінде  2 декларация түсті.

 

12.03.2016 жылына сәйкес 1-Н есебінің деректері бойынша «Мүлікті жария ету үшін алым» 206110  коды бойынша бюджетке іс жүзінде 3,4 млрд.теңге түсті

0
0
253

Жария ету бойынша бюджетке 3,2 млрд.теңге түсті

Мүліктерді жария ету жөніндегі  ҚР аумағында мүлікті жария ету бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы комиссияға жалпы сомасы  787,1 млрд тг құрайтын  жылжымайтын мүлікті жария етуі ушін 78 290 өтініш (декларациялар) түсті.

- сомасы 591,5 млрд. теңгеге 65 687 тұрғын үй объекті;

- сомасы 186,4 млрд. теңгеге 33 641 тұрғын үй емес объекті, оның ішінде 8 015 млрд.теңгеге 130,0 коммерциялық объект;

- сомасы 5,0 млрд. теңгеге заңды тұлғалардың 27 қатысу үлесі;

- сомасы 4,1 млрд. теңгеге бағалы қағаздар келіп түсті.

63 031 объект, бағалы қағаздар және ақша сомасы 499,3 млрд. теңгеге жария етілді

 

Мүліктерді жария ету бойынша салық органдарына ҚР аумағынан тысқары, сомасы 1 200,0 млн тенге құрайтын 44 тұрғын үй объектісін жария ету бойынша  өтініш (декларация) келіп түсті.

- сомасы 1 128,0 млн. тг құрайтын 38 тұрғын үй объекті;

- сомасы 8,3 млн. тг құрайтын   3 тұрғын үй емес объекті, оның ішінде -6,1 млн. тг құрайтын 2 коммерциялық обьекті.

- сомасы  3,7 млн. тг құрайтын, 3 заңды тұлғалардың  қатысу үлесі;

- 60,0 млн. тг сомасында бағалы қағаздар;

Сомасы 1 147,5 млн. теңгеге 43 объект  және бағалы қағаздар жария етілді.

 

ҚР ҰБ есеп деректері бойынша екінші деңгейлі банктердің 25.02.2016 жылғы жағдайы бойынша жалпы сомасы 335,1 млрд.теңге ақшаны жария етуге   398  жинақ шот ашылды, (соның ішінде ішінде шоттан шешілгені  273,9 млрд.теңге) соның ішінде:

оның ішінде  заңнамаға өзгерістер енгізгенге дейін 80,9 млрд.теңгеге  2015 жылы 30 қарашаға дейін 179 жинақ шотын ашу арқылы;

216,9 млрд. теңге мемлекеттік кіріс органдарына 141 декларация ұсыну және шот ашу арқылы.

37,3 млрд.теңге әлі декларацияланбады

289,6 млрд. теңге сомасында ақша жария етілді, соның ішінде:

2015 жылы 30 қарашаға дейін 80,9 млрд. теңге;

145 декларация бойынша 208,7 млрд.теңге.

Сонымен қатар, мемлекеттік кірістер органына шот ашпау арқылы ақшаны жария ету бойынша декларация түскен жоқ.

 

25.02.2016 жылына сәйкес 1-Н есебінің деректері бойынша «Мүлікті жария ету үшін алым» 206110  коды бойынша бюджетке іс жүзінде 3,2 млрд.теңге түсті

0
0
295