Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Түбіртек талап ет – патриот бол»

А.ж. 20 шілдесінде Ақмола облысы Есіл ауданында «Адал жол – Честный путь» жемқорлыққа қарсы облыстық марафон аясында  «Түбіртек талап ет –  патриот бол» акциясы өткізілді. Акцияға Есіл ауданындағы жалпы орта білім беру мектептерінің оқушылары қатысты.

Акция қатысушысы атану үшін дүкеннен сауда жасау кезінде түбіртек талап ету шарты қойылды. Аталған шара құқықтық сауаттылық пен мәдениетті жоғарылатады, сонымен қатар көлеңкелі экономика мөлшерін қысқартып, жемқорлық қатерлері деңгейін төмендетуге ықпал етеді.

Аталған түбіртек жинау шарасы Свободный орта мектебін елең еткізді. «Түбіртек талап ет –  патриот бол» акциясына балалар үлкен қызығушылықпен атсалысты, сонымен қоса ата-аналары да аталмыш шараға белсенді қатысты. Жас тұтынушылар (сатып алушылар) сатушылардың наразылығына қарамастан, әр сатып алған затына түбіртек талап етті. Мектептегі сыныптардың барлығы әр күнді түбіртек санаудан бастайтын болды.  «Түбіртек талап ет –  патриот бол» акциясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу шараларын күрес жүргізу мақсатында ұйымдастырылды. Балалардың бұл шараға соншалықты қызығушылықпен қатысатындығын ешкім күтпеген еді.

Жалпы, мектеп бойынша  барлығы 145 348 түбіртек жиналды. Ең жоғары белсенділік танытқан 8 сынып оқушылары. Олар 42087 түбіртек жинады. Сол сыныптың Никонова Дарья есімді оқушысы 34 368 түбіртек тапсырып, мектеп бойынша көшбасшы атанды.

0
0
594

Осы тақырып бойынша

«Түбіртек талап ет – патриот бол» - Yvision.kz