Елбасы «Қазақстанда жасалған-2015» ұлттық көрмесіне барады
Астанада индустриалды-инновациялық субъектілердің қатысуымен «Қазақстанда жасалған - Сделано в Казахстане -2015» көрме-форумы өтуде. Шара барысында Елбасы Н.Назарбаев Қазақстанның жеңіл өнеркәсіптегі жетістігі мен ірі жобалардың мүмкіндіктерін көреді.
Сапар барысында Елбасы кәсіпорындардың бірыңғай логотипін жариялау бойынша екіжақты меморандумдарға қол қойылады деп күтілуде.
Сондай-ақ, «Қазақстанда жасалған - Сделано в Казахстане -2015» акциясында ерекшеленген қатысушыларды марапаттау қарастырылған.
Айта кетерлігі, 3 шілде күні барлық қалаған адамдар көрмеге келіп, өндірушілер мен тұтынушылармен әңгімелесіп, өзіне ұнаған тауарды сатып ала алады.
«Көрмеда жаңа кәсіпорындар, жаңа өндіріс желілері, шығарылатын өнімді жаңғырту мен кеңейтудегі жаңа бағыттарға басымдық берілген. Агенттік «Қазақстанда жасалған – Сделано в Казахстане» акциясының үйлестірушісі болып табылады және бұл көрме расында да кең ауқымды тұтыну үшін өнімдер өндіретін тауарлар тізімінің артып келе жатқандығының айғағы болып табылады. Бұл көрмеде елде шығарылатын тауарлардың барлық түрлері ұсынылған. Осы ертте айта кететін мәселе, көрме елімізде шығарылатын өнімдерден қалың көпшілікті барынша хабардар етуді көздейді»,-дейді көрмені ұйымдастырушы, «NADLoC» Ұлттық жергілікті қамтуды дамыту агенттігі» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Қайрат Бектұргенов.
Көрме барысында «NADLoC» Ұлттық жергілікті қамтуды дамыту агенттігі» акционерлік қоғамы мен отандық тауар өндірушілер арасында өнімге біркелкі логотип, белгі соғу туралы және өзге де мәселелер бойынша 20-дан астам меморандум қабылданады деп күтілуде. Бұған қоса, «NADLoC» Ұлттық жергілікті қамтуды дамыту агенттігі» АҚ, «Қазтехэлектроника» компаниясы мен АҚШ-тың «Avaya» компаниясының арасында Қазақстандағы телекоммуникация саласын дамыту бойынша үшжақты меморандум жасалмақ. Тараптар Астана мен Жезқазған қалаларында телефон стансалары мен телефон аппаратын шығару ісіне жолға қоймақ.
Көрме барысында еліміздің барлық өңірлерінде бірмезгілде отандық тауар өндірушілерді қолдауға бағытталған би флэш-мобы ұйымдастырылмақ. Іс-шараның көркі жеңіл өнеркәсіп саласындағы брендтердің бірлескен таныстырылымы болады. Бұл рәсімге қазақстандық 12 компания қатысады.
