Мазмұнға өту

Жаңа

«Жемқорлықтан сақ болындар»

А.ж. 16 шілдесінде Ақмола облысының  Есіл ауданындағы облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол – Честный путь» марафонының аясында  Есіл ауданы Московский селосының клубында «Абайлаңыз - жемқорлық!» тақырыбында плакаттар мен коллаждар сайысы өтті.

Сайыстың басты мақсаты: мемлекеттіліктің негізін және адамның басты құндылық қасиетін жоюға әсер ететін басты зұлым - жемқорлықтан алшақ болу идеясын мектеп оқушыларына жеткізу.

Московский селосындағы клубтың қабырғасына сайысқа тапсырылған плакаттар мен коллаждар ілінді. Сайыстың басты қатысушылары Московский орта мектебінің 9-бен 15 жас аралығындағы оқушылары болды.

Сайыстың соңына қарай үздік жұмыс иегерлері мадақтау қағаздарымен марапатталды.

0
0
261

Қазақстанда балалардың өзіне-өзі қол салу жағдайлары өзге елдермен салыстырғанда оңды – ЮНИСЕФ

Қазақстанда балалардың өзіне-өзі қол салу жағдайлары өзге елдермен салыстырғанда оңды, деді БҰҰ-ның Балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілі Юрий Оксамитный Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. «Балалардың өзін-өзі қол салу жағдайына өте байсалды болу керек. Жалпы алғанда біз Қазақстанда балалардың өзіне-өзі қол салу жағдайлары бойынша өзге елдермен салыстырғанда экстремалды жағдайды байқап тұрған жоқпыз. Қазақстанда бұл мәселеге өзге елдермен салыстырғанда ерекше көңіл бөлініп отыр. Қазақстанда соңғы 15 жылда өзін-өзі қол салу жағдайлары 37 пайызға төмендеді. Бұл көрсеткіш қалалық жерде жоғары, ал ауылдық аймақтарды төменірек»,-деді Ю.Оксамитный. Сарапшының айтуынша, өзіне-өзі қол салу мәселесіне келгенде жауапкершілікті тек Үкімет пен жергілікті билік органдарына, кәсіб…

0
0
331

ҚР МСМ Қазақстанның электронды энциклопедиясын дайындауда

Мәдениет саласындағы институционалды реформаларды жүзеге асырудағы маңызды жобалардың бірі Қазақстанның электронды энциклопедиясы болады, аталған бағдарлама Қазақстанды дамытудың болашақ жоспарлары мен еліміздің бүкіл тарихын табуға мүмкінік береді, деді Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында. «Қазақстанның электронды энциклопедиясы маңызды жоба. Бұл Қазақстанның болашақ дамуы мен бүкіл тарихын табуға болатын теңдессіз бағдарлама. Бұл мәселе әсіресе, бүкілқазақстандық мәдениетті паш ететін ЭКСПО-2017 көрмесінің қарсаңында ерекше маңызды болмақ, ол үшін біздің министрлік өкілдері арнайы жоспар дайындап қойды. Бүкілқазақстандық мәдениетті таныстырудың арнайы тақырыптары ретінде Қазақстанның әлемдегі геосаяси рөлін ашатын айқын да ашық бағыт та…

0
0
209

Қазақстан соттарына сот істерінің бейнехаттамаларын қарап отыру міндеттелді – ҚР Жоғарғы соты

Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Мәми облыстық сот төрағаларына соттардың жұмыс сапасын арттыру мақсатында бұрын өткізілген сот істері бойынша отырыстардың дыбыс және бейне жазбаларын қарап отыруды міндеттеді. Бұл туралы ол еліміздің соттарының 2015 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы бойынша Жоғарғы сотта өткен кеңейтілген мәжілісінде мәлім етті. «Жекелеген судьялар сот ісін қарауға дайындықты талапқа сай өткізеді деп айта алмаймыз. Сот отырыстары кешігіп басталып, оған қатысушылар материалдарды толық білмейді, ал кейбір сот өкілдері өзгелердің этикаға сай келмейтін әрекеттерін тыйып отырмақ түлігі өздері де әдептілік талаптарын орындамайды. Келесі бір судьялар болса, сот үдерісі барысында ұялы телефонмен сөйлескен, олар дыбыс және бейнежазу құралдарында жазылып…

0
0
387

Квазимемлекеттік сектордағы құқықтық оқыту

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясының басты міндеттерінің бірі квазимемлекеттік және жеке сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау болып табылады. Осы бағытта 2015 жылдың 21 шілдесі күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің БҚО бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» РМК БҚО филиалымен бірлесіп, «Ұлт жоспары – Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 қадамы, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясының басты мақсаттары мен міндеттерін және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне енгізілген өзгерістерді түсіндіру мақсатында семи…

0
0
458

Қазақстан Республикасы Соттары жыл басынан бері 13 мыңға жуық қылмыстық істі қарады

2015 жылдың бірінші жартысында Қазақстан соттары 12 мың 777 қылмыстық істі қарап, олар бойынша үкім шығарды, деп хабарлады Жоғарғы соттың Қылмыстық істер бойынша қадағалаушы сот алқасының төрағасы Абай Рахметулин еліміздің соттарының 2015 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы бойынша Жоғарғы сотта өткен кеңейтілген мәжілісінде. Оның сөзінше, Жоғарғы сот тарапынан қабылданған шаралар мен тұрақты мониторинг жұмыстары олардың қызметтерінде жаңа заңнама бойынша қандай да бір проблемалардың орын алуының алдын ала отырып, соттардың қызметтеріне жағымды әсер етті. Бұны статистикалық мәліметтер де растайды. «Осылайша, 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында соттар 12 мың 777 қылмыстық істі қарап, олар бойынша үкім шығарған, бұл өткен жылдың сәйкес мерзімінен 18 пайызға көп. Қаралған істердің арасынд…

0
0
363

Қазпошта мекен-жай мәліметтерінің ашық API ұсынады

«Қазпошта» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының қолданыстағы мекен-жай мәліметтерінің пайдалану мүмкіндігін, сонымен қатар ашық API арқылы «Қазпошта» енгізген жаңа пошта индекстерінің мәліметтері базасын ұсынатындығын жариялайды. «Индекстеудің жаңа жүйесін пайдалану Қазақстан Республикасының барлық мекенжайлық мәліметтерін стандарттауға мүмкіндік береді. Осылайша, ашық мекенжайлық мәліметтер API барлық қызығушылық танытқан жеке және заңды тұлғаларға, жедел қызметтерге, почта индекстерін қоса алғанда, мекенжайлық мәліметтер базасын қолдануға мүмкіндік береді. Ақпараттарды онлайн режимінде қолдануға немесе барынша толық көлемде көшіріп те алуға болады. Жаңа пошталық индекстерді қоса алғанда, Алматы қаласы бойынша жеке өзінің базасының 40 пайызын белсендендіріп алған «2gis.kz» портал…

0
0
364

Жоғарғы Сотта республика соттарының 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмыс қорытындыларына арналған кеңейтілген кеңес өтті

Бүгін Жоғарғы Сотта республика соттарының 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмыс қорытындыларына арналған кеңейтілген кеңес болып өтті.

http://sud.gov.kz/kaz/news/zhogargy-sotta-respublika-sottarynyn-2015-zhyldyn-birinshi-zhartyzhyldygynda-atkargan-zhumys

0
0
291

Ұлт жоспары аясында өңірлік мәдени-туристік саланың құрылуына ерекше назар аударылады – ҚР МСМ

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі бес институционалды реформаны жүзеге асыру аясында Ұлт жоспары аясында өңірлік мәдени-турситік саланың құрылуына ерекше назар аударылады. «Ұлт жоспарының 86-шы қадамына сәйкес, өңірлік мәдени-туристік салалардың құрылуына назар ерекше айдарылады, ол қуатты мультипликативті әсер береді. Бұл 5 орталық: «Астана – Еуразия жүрегі», «Алматы – Қазақстанның еркін мәдени аймағы», «Табиғат бірлігі мен көшпелі мәдениет – Алтай маржаны», «Ұлы Жібек жолының ашылуы», «Каспий қақпасы». Кластерлер халықаралық туризмнің интеграция тсратегиясының ортақ бөлігі болып есептеледі», - деді А.Мұхамедиұлы. Министр атап өткендей, Қазақстанның тарихи – мәдени дамуы шетелдік ғылым қоғамының қызығушылығын арттырып отыр. «Әлеуметтік – мәдени туризмді дамытудың басты факторы елдің тар…

0
0
393

С. Ахметов: «100 қадамның» жүзеге асуы ҚР-ның әр түрлі саласына серпін береді

«100 қадамның» жүзеге асуы ҚР-ның әр түрлі саласына серпін береді, ол экономика және мемлекеттік даму аппараты, заң әділдігіне, деді Strategy2050.kz. АА берген сұхбатында «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сапар Ахметов. «Қоғам 5 институционалды реформны жақсы қарсы алды, сондай-ақ, ол Елбасы ұсынған «100 нақты қадамды» да позитивті түрде қарсы алып, оларды жүзеге асыруға белсенді болмақ. Бүгінде біздің басты мақсатымыз – «100 қадаммен» жұмыс істеуге қоғам мен сарапшыларды тарту болып есептеледі. Бүгін біз байқағандай, жұмыс топтары нәтиже көрсетуде. Күз кезінде Елбасы атағандай 100 заңға өзгертулер енгізуд қараймыз. Олар экономика, кәсіби аппараттың пайда болуына серпін береді деген ойдамын», - деді ол. Оның айтуынша, «Нұр Отан» партиясы «100 нақ…

0
0
168