Жоғарғы сотта бірыңғай сот тәжірибесін қалыптастыру мәселесі талқыланды
Кеңейтілген кеңес шеңберінде ағымдағы жылдың алты айы бойынша сот төрелігін жүзеге асырудың қорытындылары шығарылды және біркелкі сот тәжірибесін қалыптастыру мәселелері талқыланды, деп хабарлады Жоғарғы соттың баспасөз қызметі. Кеңес барысында Мемлекет басшысы жариялаған «100 нақты қадам – баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт Жоспарын іске асыру шеңберіндегі сот жүйесін одан әрі дамытудың нақты іс-шараларын талқылауға басымдық берілді. Соттардың заң нормаларын біркелкі қолдануын қамтамасыз етуге арналған шаралардың уақтылы іске асырылуы – құқықтар мен заңмен қорғалатын мүдделерді тиімді қорғаудың, бұған қоса, елімізде біркелкі және тұрақты құқықтық режимді сақтаудың маңызды шарттарының бірі болып табылады. Бұл – Мемлекет басшысы «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында алға қойған мінд…