Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ЭКСПО-2017 нысандарын салу ісі қарқын алып келеді

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі нысандарының бас мердігері аталған көрме кешенінің құрылысының барысы туралы айтып берді. 25 гектар алқапты алып жатқан 38 нысан мерзімінде берілуі керек және әлемдік стандарттарға жауап беруі тиіс. Құрылыс қалай жүріп жатыр, оған кімдер қатысуда, материаалдарды жеткізушілер қалай таңдап алынуда деген мәселелерге ЭКСПО-2017 жобасы және BI Group компаниясының жетекшісі Ибрагим Жекенов жауап берді.

Естеріңізге сала кетейік, «BI-Group construction» холдингі көрменің бас құрылысшыларының бірі және үш халықаралық бір тақырыптық павильонның, тұрғын үйлер мен бульвар мен радиальды жолдың құрылысымен айналысады. Көрменің тақырыбы құрылысшылар тарапынан жаңғыртылатын энергия көздерін барынша ауқымды пайдалануды қарастырады. Бұған қоса көрме нысандары халықаралық экология стандарттарына сәйкес салынуда.

«Нысандардың құрылысы белгіленген мерзім бойынша жалғасуда. Атап айтқанда, жобамен жұмыс 2014 жылдың маусымында басталған, ал оның аяқталуы 2016 жылдың қыркүйегіне белгіленіп отыр»,-деді бас мердігердің өкілі әңгіме барысында.

Ибрагим Жакеев материалдарды дайындау мен жеткізу ісіне өңірлік кәсіпорындар тартылуда. «Құрылыстың аталған кезеңінде біздің компания тарапынан бірде-бір шетелдік компания тартылған жоқ және ешқандай шетелдік компаниямен келісім жасалған жоқ»,-деді И.Жакеев.

Халықаралық және тақырыптық павильондарда нөлдік деңгейдегі монолит құю жұмыстары мен лифт шахтілері аяқталды. Қазіргі таңда ғимараттың метал құрылғыларын монтаждау жұмыстары жүріп жатыр. Қыркүйекте қоршауларды салу жұмыстары жүреді.

Айта кететін мәселе, бүгінгі таңда ЭКСПО нысандарының құрылыс жұмыстары 35-40 пайызы аяқталған. Нысандарда жұмыстардың бірініш кезеңі аяқталды. Енді төсеніштерді жапсыру, фасад тұрғызу  метал құрылғыларды орналастыру жұмыстарын жүзеге асыру қалды.

Естеріңізге сала кетсек, 13-шілде күні президент Нұрсұлтан Назарбаев «ЭКСПО-2017″ халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық барысы туралы кеңес өткізген еді. Нұрсұлтан Назарбаев осы орайда шешілуі тиіс бірқатар мәселелерге назар аударды.

Атап айтқанда, мемлекет басшысы көрме нысандарының құрылысы бекітілген кесте бойынша жүзеге асырылып жатқанын және 2016 жылдың тамыз-қыркүйек айларында аяқталатынын атап өтті.

«Дегенмен де техникалық сипаттағы көптеген түйткілді мәселелер бар: өзара жүйесіздік, мәселелерді шешуді созу, жұмыстың нашар ұйымдастырылуы. Бүгінгі таңда ЖСҚ-ны беруде жұмыс кестесінен артта қалушылықтың басты себебі жобалауларды басқарудың мүлде болмауы болып отыр. Негізгі құжаттаманың бөліктерін даярлау салалас ұйымдарға бөлініп берілген. Көрме учаскесінің айналасындағы жер ресурстары тиімсіз пайдаланылуда», — деп пікірін білдірді президент.

Мемлекет басшысы нысандарды салу бағасының көтерілуі қаржының қолды болуына әкеліп соғатынын алға тартқан еді.

Ақпарат көзі

 
0
0
272

Осы тақырып бойынша

ЭКСПО-2017 нысандарын салу ісі қарқын алып келеді - Yvision.kz