Үкіметтік емес сектордың қоғам дамуындағы үлесі зор
Ағымдағы жылғы 26 тамызда СҚО Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Департаменті Қазақстан халқы Ассамблеясының Солтүстік Қазақстан облыстық хатшылығында «Облыстың үкіметтік емес секторының сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралары» атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Кездесуге облысымыздың қоғамдық және жастар бірлестіктерінің төрағалары мен белсенділері қатысты. «Үкіметтік емес, соның ішінде жастар ұйымдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы орны ерекше. Демократиялық қоғамның дамуы және мемлекеттің алға ілгерілеуі, Қазақстанның болашаққа қадам басуда экономикалық, саяси дамуы үкіметтік емес сектормен тікелей байланысты» - деп, Департамент бөлімінің басшысы Н.С. Жахин жастарды белсенділікке шақырды. Департамент қызметкерлер…
