Жаңа Еңбек кодексінің жобасы еңбек қатынастары барлық тараптарының мүдделер тепе-теңдігін қамтамасыз етеді
Бұл туралы ҚР ДСӘДМ-де өткен ҚР жаңа Еңбек кодексінің негізгі нормаларын түсіндіруге арналған брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді. Ол Еңбек кодексінің жобасы Мемлекет басшысының тапсырмасы Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамын жүзеге асыру мақсатында дайындалғанын атап айтты (83 қадам). Жаңа Еңбек кодексін дайындауға бизнес қауымдастықтардың, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, республикалық және салалық кәсіподақтардың, еңбек заңы саласы ғалымдарының, Халықаралық еңбек ұйымы өкілдерінің және Дүниежүзілік банктің мүдделерін қорғайтын сарапшылар қатысты. Жұмыс тобының 20-дан астам отырысы өткізілді. «Жаңа Еңбек кодексінің тұжырымдамалық моделі тараптардың мүдделер тепе-теңдігін сақтай отыры…

