Мазмұнға өту
Makkeydinkz

Дина Макеева

@Makkeydinkz

Сайтта 2015 ж. 10 ақпанКазахстан, Алматы

Рисую @kzinlove Пишу на казахском @kazpancake Моя собака @viet_bagel

рейтинг

249

жазбалар

66

пікірлер

313

тіркелуші

84

жазылымдар

25

Жалқау перфекционист

Іссіз жатқан жыл сайын арналатын жазба күнделіктерім өз парызын өтеудің сәтті күнін күтуден әбден үмітін үзген. Қашанғы бастаған істі аяғына дейін жеткізбеймін? Апайым дұрыс айтқан екен «Күнделік СЕНІҢ бет пердең!».Кеше ғана 1 қаңтар сияқты еді, ал мен дәстүр бойынша өмірімді ретке келтіру мақсатында жаңа күнделігімді қолыма алдым. Ал бүгін болса жұмысқа келіп ыстық кофемді қоятын бір жапырақ жер таппадым - үстелдің үсті тау болып үйіліп қалыпты. Ту ду лист* болса жөнімен қалды: 6-нан бері 12 тапсырма тізіліп тұр. Оның ішінде 4-і орындалған, бірақ белгілемептім, ал қалғаны болса...Мен не үшін "шамбы салу" деп жазып қойғанмын?! Түсінсем бұйырмасын, Хабит трэкр* дегенді де шығарып алғанмын –ол да жыны келіп, бірақ амалсыз, "сабыррр..." деп тұрғандай менің жарлығымды күтуде...Өзімді беске бі…

0
0
673

Мазасыз сыныптың назарын қалай аударуға болады?

Осы мақаланың орыс тіліндегі нұсқасын мына сілтеме арқылы таба аласыздар. Өз блогымда мұғалімдер мен ата-аналарға арналған «My Classroom» атты бөлімшені ұсынамын. Бұл бөлімше орыс тілінде де, қазақ тілінде де 3 жастан бастап мектеп оқушыларына дейін бағытталған пайдалы ақпаратқа толы болмақ. Осы күнге дейін мақалаларды орыс тілінде жазып келдім, алайда қазақ тілінде де жазған материалдарым сіздерге айтарлықтай пайдасын тигізеді деп үміттенемін. Мектепте мұғалім болып істегелі, жан-жақтан «Қиын емес пе?», «Қалай балаларды тыңдатасың?», болмаса «Әлі сенің түбіңе жеткен жоқ па?» деген сұрақтарды естіп келемін. Алайда, мен керісінше бала психологиясының кең әлеміне батыл қадам жасаудан тайынбаймын, әрі әріптерістеріммен тәжірибе алмасып, білім беру мен тәрбие әдістерін дамытуға атсалысқым кел…

5
0
2752

8-наурыз мерекесіне арналған ана туралы өлең шумақтары.

Назарларыңызға анашымның шығарған өлең шумақтарын ұсынамын. Кезінде, анам бұл өлеңді менің мектепте жазған шығармама көмек болсын деп шығарып берген болатын.

Ана

Ана жүрек-елжірейді, ол анық,

Шарқ ұрып, ойлап бала қамын.

Жүрегіңде жанса бір жарық,

Біліп өс қасиетті ана сырын.

 

Ана тұр сара жолға қол сілтеп,

Шарықтап шықсын деп шың басына.

Адырына өмірдің шалдырмай,

Жол-мұратына жетсін деп баласына.

4
0
3216

Өкініш-алға жылжуымның себепшісі. Монолог.

"Өткенге өкінбе" деп айтып жатады. Бірақ өкіну керек сияқты. Сол кезде ғана біз уайымдай бастаймыз, ал уайым - алға қадам жасаудың себепшісі болмақ. Уайымдау арқылы мәселенің шешімін жанталаса іздейміз. Бірақ өзіңді қажы деп айтпаймын. Өкін. Өкіне білгенің-шешілмес түйін бұл өмірде саған жат болмақ - өзіңнің қиын мәселе алдында жауап бере алу жеңісің деп қабылдаймын. Өкініш. Жүректі мүжіп, жанға тыныштық бермейді. Өкініш. Неге осы кезде батыл болып, телефонға жабысып, бар ойымызды сол адамға айтып салмаймыз? Өкініш. Ол бір күн, немесе екі күннің ішінде ұмытылар. Бірақ кейде көз алдыңда елес болып мөлдіреп шыға келеді. Өтті ғой, несіне өкінемін дейміз. Бірақ ешқашанда өтсе де, неге іште сақтаймыз. Қартайғанда, неге телефонның тұтқасына жармаспадым, неліктен деп одан да зор өкінішпен өмірде…

7
7
21340

«Отан қорғаушылар күні». Құттықтаулар. Поздравления.

Құрметті біздің Жігіттер, Әкелер, Аталар, Бауырлар!!! Сіздерді керемет 7 мамыр -"Отан қорғаушылар күні" мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз. Еліміздің өркендеу жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз. Дорогие наши Мужчины, отцы, деды, братья!!! Поздравляем Вас с замечательным днем 7 мая - с днем Защитника Отечества! От всего сердца желаем здоровья, чистого и ясного неба над головой, прямых и ровных дорог, любящих вас сердец,светлых мыслей, здоровья, смелости и отваги!!! Аруларымыздың құттықтауларын қабыл алуларыңызды сұраймыз: Примите поздравления от прекрасных дам: Менің анам: Лиза Адилова,…

8
1
95428