Мазмұнға өту

Жаңа

Мәжілісмен Қ.Сүлейменов полиция қызметінде заңдылықты нығайту қажеттігін атап өтті

«Нұр Отан» партиясының Мәжілістегі фракциясының мүшесі Қайырбек Сүлейменов Мемлекет басшысының «100 қадам» бес институционалдық реформасына және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына қарсы күрес саласына қатысты тапсырмаларын іске асыру жөніндегі жұмыс туралы әңгімеледі, деп хабарлады ІІМ. Қайырбек Сүлейменов өзінің сөзінде Н.Ә. Назарбаевтың «100 қадам» институционалдық реформасының қажеттілігіне қатысты тапсырмаларын іске асыру бойынша Фракция жұмысы туралы әңгімеледі. Мәжіліс вице-спикері Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның басшылығымен «Нұр Отан» партиясының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасында көзделген қоғамдық бақылауға және ақпаратқа қол жеткізуге қатысты заң жобаларымен жүргізіліп жатқан ауқымды жұмысты атап өтті. Полиция қызме…

0
0
345

Қазақстанда 330 мың бала бірінші сыныпқа барады

Қазақстанда 2 млн 600 мың оқушы бүгін 1 қыруүйек күні 7,5 мың мектептің есігін ашады, деп хабарлады ҚР БҒМ. 2015 жылы бірінші сыныпқа 336 мың қазақстандық бүлдіршіндер барады. Айта кетерлігі, Ұлт жоспары 100 нақты қадамды жүзеге асыру барысында білім беру және ғылым саласында жүйені жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Жан басына қаржыландыруды 126 пилоттық мектепке енгізу жоспарланған. Жаратылыстану-математика пәндері бойынша шетелдік кітаптарды тексеру жоспарланған, ағылшын тілінде 40 білім беру бағдарламасы құрылады, алдын ала дайындықтан 2,4 мың оқытушы өтеді. «76 қадам аясында мектептерді ынталандыру және 96 мектепке жыл сайын грант беру мәселесі қарастырылған. 2022 жылдан бастап ҚР-ның барлық мектептері 12 жылдық білім беруге көшеді», - делінген хабарламада. Сондай-ақ, Елімізде алғаш рет…

0
0
345

ҚР мен ҚХР Президенттері жан-жақты стратегиялық серіктестіктің жаңа кезеңі туралы бірлескен декларация қабылдады

ҚР мен ҚХР Президенттері кеңейтілген құрамда өткен кездесуде жан-жақты стратегиялық серіктестіктің жаңа кезеңі туралы бірлескен декларация қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Кездесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық, қаржы-несиелік және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Сондай-ақ екі ел лидерлері халықаралық күн тәртібіндегі негізгі жайттар бойынша ұстанымдарды қарастырды. Мемлекет басшысы жылы қабылдауы үшін ҚХР төрағасына алғыс айтты және елдеріміздің арасындағы қарым-қатынас 20 жылдан астам уақыт бойы ұдайы өсу жолында дамып келе жатқанын айтты. «Бұған Сіздің биылғы мамырда Қазақстанға жасаған ресми сапарыңыз барысында қол жеткен уағдаластықтар септігін тигізіп отыр», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президент…

0
0
536

Шымкентте 147 мыңнан астам оқушы мектепке барады

Биыл бірінші қыркүйекте Шымкент қаласындағы 126 мектепте алғашқы қоңырау соғылып, онда 147 мыңнан астам оқушы алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды.

Облыс әкімдігі таратқан мәліметтер бойынша, биылғы оқу жылының дайындығын  қаланың жуырда ғана тағайындалған жаңа әкімі  Ғабидолла Әбдірахымов қатаң бақылауда ұстап отыр.

Білім саласына қатысты  мәселелер жуырда ғана өткен Шымкент қаласы әкімдігінің кеңейтілген мәжілісінде де қаралған. Онда толассыз тексерулердің мектептегі берілетін білімнің сапасына кедергі келтіріп отырғандығы айтылған. Шаһар басшысы бұл мәселенің оңтайлы шешімін табуына жеке өзі ұйтқы болмақ.

0
0
298

Сайрамбай Дөненбаев – асыл тұқымды жылқы өсіріп отырған кәсіпкер

Кәсіптің нәсібін көріп отырған ол отандық өнімнің сапасын арттыруға күш салуда. Сайрамбай Дөненбаев ұзақ жылдар бойы асыл тұқымды жылқыларды баптаумен айналысып келеді. баптаудан бөлек, ол оны асылдандыруды да қолға алған. Шаруашылық күніне 500 литрге жуық қымыз өндіреді. Кәсіптің нәсібін көріп отырған жан отандық өнімнің сапасын арттыруға күш салуда. «Бүгінде жылқы саны 2500 басқа жетті. Қазақы жылқы мен Ресейдің асыл тұқымды, салмағы ауыр жылқыларын алып келіп, будандастырып отырмыз. Еті де, сүті де сапалы. Енді бір бес жыл осы бағытта жұмыс істесек, таза асыл тұқымды жылқы шығады»,-дейді кәсіпкер. Шаруашылықтағы будан түрінің дене бітімі шымыр, кез келген ауа райына төзімді. Жайылымына қарай жем, шөп талғамайды. Оның биіктігі шамамен – 145. Ал, тұрқы – 150 сантиметрді құрайды. Салмағы…

0
0
1421

Жеңіскүл Темірханқызы: Биылғы оқу жылын жаңа әнұранмен бастамақпыз

№74 мектеп-гимназиясының директоры Жеңіскүл Темірханқызы және сол мектептің оқушысы Альбина Сәлімова бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды. «Бүгінгі көңіл күйіміз тамаша. Себебі, бірер сағаттан соң еліміздің түкпір-түкпірінде мыңдаған оқушы алғашқы қоңырау салтанатты жиынында сап түзейтін болады. Жыл сайын бұл күн біз үшін ерекше, айтулы мереке. Бүгін біздің мектепте 1230 бала алғашқы қоңырауға қатысады. Мектебімізге келуші оқушылар саны да жыл санап артып келеді. Былтыр 750 бала мектеп табалдырығын аттаса, биыл 1340 бала. Мектебіміздің ерекшелігі – биылғы оқу жылын жаңа әнұранымызбен ашпақпыз»,- дейді Жеңіскүл Темірханқызы. «Менің бұл мектепте білім алып жатқаныма екі жыл болды. Мұғалімдерім білімді, кабинеттер қажетті құрылғылармен жабдықталған. Оқушының білім алуына қолайлы жағдай жасалған…

0
0
501

Туған елім — мақтанышым! Алматы облысы

«Отаның-алтын бесігің» деп дана халқымыз бекер айтпаған. Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін, кең далалы байтақ өлкені әлемде іздеп таба алмаймыз. Оқырмандарымызға осы байлық туралы айтып қана қоймай, еліміздің әр ауданы туралы деректерге толы альбом жинағын ұсынуға шешім қабылдадық. Назарларыңызға Еl.kz редакциясының жасап шығарған үшінші топтамасын ұсынамыз!

0
0
1251

Шығыс Қазақстан ОТД Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған салтанатты жиналыс өтті

Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығын мерекелеу қарсаңында Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясының қызметкері Татьяна Солтык «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» төсбелгісімен марапатталды. 2015 жылдың 28 тамызында Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясында Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған салтанатты жиналыс өтті. Сөз кезегінде Бас директор Ермек Қуанышбеков, облыстық телекоммуникация дирекциясының барлық қызметкерлерін Қазақстан Республикасының Ата Заңының қабылданған күнімен құттықтап, ортақ іске деген шынайы ықыласын, кәсіпорындағы жемісті еңбектері үшін алғысын білдірді. - «Міне, Қазақстан Республикасының Ата Заңын қабылдаған күннен бастап 20 жыл өтті. Конституция – демократиялық, құқықтық қоғамды, азаматтардың бост…

0
0
638

СҚО полицейлері үш күн ішінде 1000 астам контрафактілік DVD-дискілерді тәркіледі

«Контрафакт» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында солтүстікқазақстандық полицейлер облыстық прокуратураның қызметкерлерімен бірлесіп контрафактілік өнімдерді дайындау және сатумен заңсыз айналысып жүрген тұлғалардың қылмыстық әрекетін анықтау мен әшкерелеу бойынша 24 рейдтік іс-шара жүргізді. Аудио-бейне өнімдерін сату орындары, 20 компьютерлік клуб, 8 интернет-кафе, кабельдік және жерсеріктік телевидение орнататын 4 фирма-оператор тексерілді. Тексеру барысында ҚР ҚК 198-бабы бойынша контрафактілік өнімдерді таратудың 17 фактісі анықталды және ҚР ҚК 206-бабы бойынша 1 факті анықталды. СҚО ІІД Криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Мыңбай Асылбековтің айтуынша, заңсыз айналымнан 1012 контрафактілік DVD дискі алынды. Еркін айналымға шығаруға тыйым салынған тауарларды са…

0
0
377

ҚР Конституциясының құрдасы жол-патрульдік полициясында адал қызмет етуде

Үстіміздегі жылғы тамыздың соңғы жұлдызы атаулы күн болмақ. Бұл күні Ата заңымыз, еліміздің негізгі заңы Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 20 жыл толғалы отыр. Бұл жылдары халқымыз көптеген айтулы кезеңдердің куәсі болды. Осыдан жиырма жыл бұрын Ата Заңымыз қабылданған жылы дүниеге келген балалар бүгінде ер жетіп азамат болды. Солардың бірі – Конституция құрдасы 20 жасар Қуаныш Серіков. Қуаныш 1995 жылы СҚО, Мағжан Жұмабаев ауданының Байшылық ауылында дүниеге келген. 2012 жылы аудан орталығы Булаево қаласының № 4 орта мектебін жақсы деген бағаға бітірген. 2013 жылдың 31 мамыры мен 2014 жылдың 3 маусымы аралығында Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрлық әскерлерінде әскери борышын өтеген. Қуаныш әскери борышын аман-есен өтеп келген соң, құжаттарын полицияға тап…

0
0
1185