Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qaz

Өкініш-алға жылжуымның себепшісі. Монолог.

"Өткенге өкінбе" деп айтып жатады. Бірақ өкіну керек сияқты. Сол кезде ғана біз уайымдай бастаймыз, ал уайым - алға қадам жасаудың себепшісі болмақ. Уайымдау арқылы мәселенің шешімін жанталаса іздейміз. Бірақ өзіңді қажы деп айтпаймын. Өкін. Өкіне білгенің-шешілмес түйін бұл өмірде саған жат болмақ - өзіңнің қиын мәселе алдында жауап бере алу жеңісің деп қабылдаймын.

Өкініш. Жүректі мүжіп, жанға тыныштық бермейді. Өкініш. Неге осы кезде батыл болып, телефонға жабысып, бар ойымызды сол адамға айтып салмаймыз? Өкініш. Ол бір күн, немесе екі күннің ішінде ұмытылар. Бірақ кейде көз алдыңда елес болып мөлдіреп шыға келеді. Өтті ғой, несіне өкінемін дейміз. Бірақ ешқашанда өтсе де, неге іште сақтаймыз. Қартайғанда, неге телефонның тұтқасына жармаспадым, неліктен деп одан да зор өкінішпен өмірден өтіп кетпейміз бе?

Дәл осы кезде бәрін талқылап алуым керек шығар, әлі де кеш емес...Ойлар су тама тасты жарғандай миымды тесіп барады. Өкінішті бойымда ұстағым келмейді. Оны сөзбен саған жеткізгім келеді. Бірақ сенің оны қабылдауың не қабылдамауың -мені қызықтырмайды. Бар қалауым-өкінішті жіберу...Сен арқылы жіберу...

 
7
7
21345

Осы тақырып бойынша