Жалған кәсіпкерлікке тосқауыл қою жөніндегі шаралар туралы БАҚ үшін ақпарат
Прокуратура органдары өзге де құқық қорғау және фисқалдық органдармен бірлесіп жалған кәсіпкерлікке тосқауыл қою бойынша мақсатқа бағытталған жұмыстар жүргізіп келеді.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде ағымдағы жылдың өткен кезеңінде прокурорлардың арыздары бойынша жалған кәсіпкерлік белгілері бар 197 заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуінің күші жойылды, 115 арыз соттардың қарауында жатыр.
