Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Алғашқы қоңырау

Бүгін еліміздің барлық мектептерінде алғашқы қоңырау соғылып, салтанатты жиындар өтті. Бұл күн – білім ордалары білім алушыларға есіктерін айқара ашып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған кішкентай бүлдіршіндерді ықыласпен қарсы алатын күн. Астана қаласындағы №66 мектеп-лицейінде де сыңғырлаған күміс қоңыраудың үні естіліп, білім күніне арналған салтанатты мереке өтті.

Ресми деректерге сүйенсек, бүгінгі таңда республикамызда 7563 мектепке 2600 млн-нан астам бала оқуға қабалданды. Биыл 157 жаңа мектеп ашылып, шәкірттерін қабылдады. Күміс қоңырау соғылған  №66 мектеп-лицейінің табалдырығын бүгін 1-сыныпқа қабылданған 300 оқушы аттады.

 
0
0
2019

Осы тақырып бойынша