Мазмұнға өту

Жаңа

Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінің оқытушылары мен студенттері Ұлт Көшбасшысының «100 нақты қадам» реформасын қолдайды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) Алматы қаласының білім беру басқармасымен бірлесе отырып, оқытушылар құрамы мен студенттердің қатысуымен Елбасы ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт жоспары реформасын іске асыру бойынша Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінде семинар-кеңес өткізді.

Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің консультанттары «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының алғашқы 15 қадамын, яғни мемлекеттік кәсіби аппаратты қалыптастыру бойынша институционалдық реформаның біреуін түсіндіріп өтті.

Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінің директоры Ерулан Серікұлы Қарағұлов Елбасының Қазақстан халқына жолдауын және «100 қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру бойынша Колледжде атқарылатын жұмыстар туралы, сондай-ақ ҚР-ның «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңының талаптарын бұзғаны үшін қолданылатын шаралар туралы хабарлады.

Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Ляззат Әуесханқызы Жылқыбаева бүгінгі таңда қоғамда сыбайлас жемқорлықпен күрес жұмыстары қатаң түрде жүргізіліп жатқандығын айтып өтіп, бұл сұмдықпен күресу әрқайсымыздың борышымыз екендігін түсіндірді.

Семинар барысында Колледждің оқытушылары мен студеттері мемлекеттік қызмет және «100 нақты қадам» Ұлт жоспары реформасына қатысты, сондай-ақ басқа да сұрақтар қойды. Қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.

Іс-шараға қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, ескерту және қарсы іс-қимыл шараларын насихаттайтын жадынамалар таратылып, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық сипатындағы анкеталар таратылды.

Жиынға бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

 
0
0
1894

№ 35 мектеп Ұлт Жоспарымен бір бағытта

Бес институционалды реформаны жүзеге асыру аясында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын және 2015-2025 жылдарға арналған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын насихаттау мақсатында № 35 мектеп-гимназиясында семинар-кеңес өтті.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің бөлім консультанты Нұрбол Бейсеков мемлекеттік қызмет саласында келе жатқан өзгерістер туралы, бірінші институционалдық реформаны, және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттарын түсіндіріп өтті.

Мектеп директоры Ольга Прокопьева өзінің баяндамасында жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті, ол патриотизм, кәсіпқорлық және еңбекқорлықтан тұратынын айтып өтті.

Мәжіліс сұрақ-жауап форматында өтіп, қатысушаларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта бейне-роликтер көрсетілді.

0
0
398

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауды ҚНУ студенттері өзінен бастайды

Қоғамның сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидатын іске асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың нәтижелігін нығайту мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан-Неміс Университетінде (бұдан әрі – ҚНУ) оқытушы құрамы және студенттердің қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.

Департаменттің бөлім басшысы Мақсатхан Анапин Н.Ә. Назарбаевтің бес реформасының негізгі бағыттары мен 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясын жүзеге асыру тетіктерін түсіндірді.

Инженерлік-экономикалық ғылымдар факультетінің деканы Кенгебеков Жандос университетте сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ескерту жөнінде атқарылып жатқанын жұмыстар туралы айтып, «оқытушы студенттің көзімен» сияқты акциялар өткізіледі деп айтты. ҚНУ студенттерінде Қазақстанда, Германияда және Еуропада жарайтын қазақстандық және неміс диплом алуы мүмкіндігі бар. Неміс дипломын алу үшін 2 семестір серіктес неміс ЖООда оқуы міндетті шарт болып табылады. Университет жанында өмірге позитивті көзқараспен белсенді студенттерден тұратын Stura атты студенттік кеңес бар. Университеттің Алматы және Қазақстанның басқа қалаларындағы жұмысберушілерімен жақсы қарымқатынастығына байланысты түлектердің 95 % жұмысты жеңіл табады.

Экономикалық ғылымдар кандидаты, әлеуметтік және саяси ғылымдар факультетінің оқытушысы Анна Гусарова сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау тек мемлекеттік органдардың жұмысы емес, ол әр азаматтың парызы, біз өзімінден бастауымыз керек деп студеттердің есіне салды.

Сондай-ақ, қатысушалардың тақырыпқа орай қойылған сұрақтарына толық жауаптар берілді.

Дөңгелек үстел сұрақ-жауап форматында өтіп, катысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мазмұндағы кітапшалар таратылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта бейнеролик көрсетілді.

Қатысушылар Департамент өкілдерін толық ақпарат берген үшін алғысын білдіріп, біздің қалада сыбайлас жемқорлықтын алдын алу бойынша жүріп жатқан жұмыстардың динамикасы өсіп жатыр деп айтты.

 
0
0
554

Студенттер болашақтың «Жасыл энергия» жобасын және сыбайлас жемқорлықсыз қоғамды қолдайды

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі-Департамент),  Алматы қаласы Жастар саясаты жөніндегі басқармасымен бірлесе отырып,  Алматы энергетика және байланыс университетінде (бұдан әрі-Университет) «Сыбайлас жемқорлық:  шығу себептері және күресу жолдары.» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

Конференцияға Департамент қызметкерлері  мен   Алматы энергетика және байланыс университетінің  оқытушы-профессорлар құрамы мен студент жастары қатысты.

Университеттің проректоры Еркеш Абдрахманов бүгінгі күнде университет - энергетика, ақпараттық және аэроғарыш технологиялары,   радиоэлектроника, телекоммуникация саласында мамандар даярлайды.  Университет Қазақстан мен Орта Азия елдерінде жетекші техникалық жоғары оқу орындарының бірі ретінде  еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін, оның ақпараттануын, қазіргі телекоммуникациялық технологиялар жүйелерін, жерсеріктік және жедел әрекетті байланысын қамтамасыз етуде үлкен рөл атқаратындығын атап өтті. Конференцияның негізгі мақсаты жастардың құқықтық көзқарасын қалыптастыруды талқылау  мәселелері екендігіне өз пікірін білдірді.

Департамент басшысының орынбасары – Тәртіптік Кеңес төрағасы Б. Камалов  Елбасы Н. Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының бес институционалды  реформасын  және Қазақстан Республикасының  сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы тетіктерінің жүзеге асырылуына қатысты басты мәселелерге  өз пікірін білдірді.

Философия ғылымдарының докторы, профессор Сәбит Мұрат  сыбайлас жемқорлықтың табиғи құбылыстарын, оның даму заңдылықтарын  жан-жақты зерделеу мәселесіне тоқталды. Сондай-ақ, түрлі бағыттағы ғалымдарды тарта отырып, Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми зерттеу орталықтарын құру жөнінде өз ойын ұсынды.

Саяси ғылымдардың кандидаты, PhD докторы М. Сәрсекеев әлемнің түрлі елдеріндегі сыбайлас жемқорлықтың негізгі себеп салдарын қарастыра келе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қабылдауда мүмкіндігінше жастарды тарту  мәселелеріне тоқталды.

Конференция барысында студенттер Әлішер Махатов «Антикоррупционная государственная политика в странах Азии», Айдос Тұхметов, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресудің жолдары», Данила Неугодников  «Причины коррупции и пути решения проблемы», Айнұр Пейішбек  «ХХІ ғасырдың экономикалық індеті – сыбайлас жемқорлық»,  Әмір Ақмарал  «Қазақстан үшін коррупциямен күресудегі халықаралық тәжірибелер мен жолдардың саяси сабақтары»,  Ильяс Смагулов ағылшын тілінде «ЭКСПО-2017 проект будущего «Жасыл энергия»: репутация Казахстана в наших руках» тақырыптарында баяндамалар жасады.

                 
0
0
515

Наурызбай ауданының әкімдігі Президенттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын қолдайды

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) Наурызбай ауданы әкімдігімен бірлесіп, ауданның мемлекеттік органдары, денсаулық сақтау және білім беру мекемелері, жергілікті өзін-өзі басқару комитеттерінің басшылары, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы және тағы басқа үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуларымен Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 - 2017 жылдарға арналған Алматы қалалық іс-шаралар жоспарын орындау барысы туралы семинар-кеңес өткізді.

Департамент басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңестің төрағасы Бақтияр Камалов кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктері бөлігінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын, сондай-ақ мемлекеттік қызметке кіру кезінде заңнамадағы күтілетін өзгерістер туралы түсіндірді.

Наурызбай ауданының акімі Қуанышбек Кашкимбаев 2015-2017 жылдарға арналаған қалалық Жоспардың іске асырылу барысы, құқықтық мәдениетті көтеру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру бойынша аудан жұртшылығымен өзара іс-қимыл туралы хабарландырып өтті. Ауданда кәсіпкерлерге сауда алаңдары беріліп, жәрмеңкелер өткізіледі.  Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің айқындылығы мен қолжетімділігіне арналған халықтың сауаттылығын көтеру және салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлеу кезінде сыбайлас жемқорлық көріністерін туғызатын жағдайлардың жолын кесу бойынша жұмыстар жүргізіледі. Аудандық әкімдік, Мемлекеттік кірістер департаментінің аудандық басқармасы және аудандық кәсіпкерлер арасында өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойылды. Аудан әкімі аппаратының сайтында мемлекеттік органның жұмысы туралы толық ақпарат бар және сенім телефоны жұмыс істейді. Ауданды жалпы құқықтық оқытудың жоспары жасалған.

Наурызбай ауданы «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Самат Тұяқбаев осы жылдың маусым айында «Нұр Отан» партиясының төрағалық етуімен, мемлекеттік органдардың басшылары жүйелі түрде тыңдаған сыбайлас жемқорлықтың мәселелері туралы кеңейтілген отырысы болып өтті. Сонымен қатар, құрамына Департаменттің қызметкері кірген сыбайлас жемқорлық бойынша аудандық Қоғамдық Кеңестің жұмысын күшейткені үшін Департаментке өз алғысын білдірді.

Кеңес барысында қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.

Іс-шараға қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, ескерту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жаднамалар таратылды.

Семинар-кеңес бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен өтті.

 
0
0
432

№ 176 мектеп мұғалімдері Ұлт Жоспарын қолдайды

Бес институционалды реформаны жүзеге асыру аясында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын және 2015-2025 жылдарға арналған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын насихаттау мақсатында № 176 мектеп-гимназиясында семинар-кеңес өтті.

Іс-шарада ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің бөлім консультанты Нұрбол Бейсеков қатысты.

Нұрбол Бейсеков мемлекеттік қызмет саласында келе жатқан өзгерістер туралы, бірінші институционалдық реформаны, және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттарын түсіндіріп өтті.

Мектеп директоры Гульбағда Есеналиева өзінің баяндамасында жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті, ол патриотизм, кәсіпқорлық және еңбекқорлықтан тұратынын айтып өтті.

Мәжіліс сұрақ-жауап форматында өтіп, қатысушаларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта бейне-роликтер көрсетілді.

0
0
995

Әлемнің үздік университеттерінің қатарындамыз

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі-Департамент), Тұрар Рысқұлов атындағы Жаңа экономикалық университетінде (бұдан әрі-Университет) «Студент жастар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу: мәселелері және шешу жолдары» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

Университеттің ректоры Кшиштоф Рыбиньски жарты ғасыр ішінде университет білім сапасын жоғары деңгейін дәстүрлі сақтай отырып, мемлекеттің бизнес пен қоғамның жоғары кәсіби мамандарға деген сұранысты ең үздік жолмен қамтамасыз етуге тырысатын еліміздің алдыңғы қатарлы университеттерінің бірі екендігіне тоқталды.  Университетте   жемқорлықтың алдын алу, болдырмау және деңгейін төмендету мәселелері жөнінде ауқымды жұмыстар атқарылып жатқандығы жөнінде атап өтті.

Департамент басшысының орынбасары – Тәртіптік Кеңес төрағасы Б. Камалов  Елбасы Н. Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының бес институционалды  реформасын  және Қазақстан Республикасының  сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы тетіктерінің жүзеге асырылуына қатысты басты мәселелерге  өз пікірін білдірді.

Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медияорталық филиалының басшысы Михаил Кленчин Алматы қаласындағы білім мекемелері мен жоғары оқу орындарындағы білім алып жатқан студент жастардың жемқорлыққа қарсы құққықтық мәдениетін қалыптастыруға байланысты бірінші медияорталық құққықтық жаңа жобалары арқылы жұмыстар жүргізіле бастағанына өз ойын білдірді.

Университеттің Базалық дайындық факультетінің деканы Людмила Гостенко бүгінде университет замануаи экономика мен бизнестің беталысына сай келетін жұмыс берушілер, білім алушылар мен білімнің халықаралық талаптарына толығымен жауап беретін жаңа формациядағы оқу орны болуды мақсат ететіндігіне өз ойын білдірді.

Қаржы және есеп кафедрасының доценті, «Нұр Отан» партиясының бастауыш ұйымының жетекшісі Дәурен Боқаев өз баяндамасында аудандық «Нұр Отан» партиясымен бірлесе отырып, жемқорлыққа қарсы университетте атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Университеттің құқықтық және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі директоры Валерий Козлов студенттердің және оқытушылық құрамның қауіпсіздігі мен құқықтық мәдениетін көтеру мәселелерінің маңыздылығы және университетте сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жаңа формалары туралы айтып өтті.

Конференцияға қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері жөнінде  ұсыныстары мен ойларын ортаға салып,  пікір алысты.      Сұрақтарға толыққанды жауап алды.

0
0
501

Алматы кәсіпкерлері Ұлт Жоспарын қолдайды

«Ғылым Ордасы» РММ «Медеу ауданы кәсіпкер күніне» орай «100 нақты қадам – бизнестің жемісті дамуының кепілгері» атты дөңгелек үстел өтті.

Медеу ауданы әкімі Сұлтанбек Макежанов «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының негізгі бағыттарын айтып өтіп, шағын және орта бизнес субъектілері Медеу ауданының дамуымен өркендеуіне белсенді түрде қатысатынын жеткізді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департамент басшысының орынбасары Дархан Елтоқов Ұлт Жоспары бірінші реформасының маңыздылығын айтып, Департамент жанындағы Қоғамдық Кеңестің бизнес-бірлестігінің өкілдері мен азаматтар мемлекеттік қызмет алу кезіндегі пайда болатын тосқауылдарды жою бойынша атқарылып жатқан жұмыстар бойынша баяндама жасады.

Медеу ауданы бойынша мемлекеттік кіріс басқармасының басшысы Бақыт Абильдинов басқармамен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндама жасап, 2017 жылдан бастап кіріспен шығыс декларациясын қабылдайтын орталықтар желісі ашылады деп айтты. Және, кәсіпкерлер тапсыратын есептер тоқсандықтан жартыжылдық түріне ауысатыны бойынша жоспарланып жатқан жұмыс туралы ақпарат берді.

Алматы қалалық кәсіпкерлер ассоциациясының президенті Виктор Ямбаев мемлекеттік кірістің 34 пайызын Алматы қаласының табысы құрайтынын айтып, мемлекеттік кірістің 60 пайызын шағын және орта бизнестің салықтары құрайтыны екені туралы ақпарат берді.

Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Юрий Тлеумуратов қалада кәсіпкерлерді қолдайтын және оларға тегін кеңес беретін 2 орталық ашылғаны туралы қатысушыларға мәлімдеді.

Дөңгелек үстелдің қатысушылары мемлекеттік органдар мен бизнестің өкілдерінің арасындағы қарымқатынастың жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстарды талқылады.

0
0
318

Студенттер Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарындағы 10 алдыңғы қатарлы колледждер мен білікті кадрларды әзірлеуді қолдайды

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі-Департамент) мен Алматы қаласының Білім басқармасы бірлесе отырып, Елбасы Н. Назарбаевтың 5 институционалды реформасы аясында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын және Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Стратегиясын жүзеге асыру мақсатында Алматы құрылыс және халықтық кәсіпшілік колледжінің оқытушылар мен студенттерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.

Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы Мақсатхан Анапин Ұлт көшбасшысының 100 нақты қадам  тапсырмасы еліміздің қарқынды дамуы мен әлеуметтік жағдайының барлық жақтарын қамтитындығына,    Президентіміздің стратегиялық құжаттарын жүзеге асыра отырып,  мемлекетіміздің тұтастай дамуына зор серпін беретінін атап өтті.   Сонымен қатар   әрбір қазақстандық азаматтардың тұрмыс-тіршілігін жақсарту мен қазіргі заманғы мемлекет құру мәселелеріне тоқталды.

Алматы қаласы Білім басқармасының қызметкері Күлайым Оспанова     қаладағы білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан  іс-қимыл шараларына пікірін білдірді.

Колледждің директоры Камал Жамангөзов    Елбасы Н. Назарбаевтың 5 институционалды реформасы аясында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын және Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Стратегиясын жүзеге асыру мақсатында  колледжде жүргізіліп жатқан үгіт насихат жұмыстарына тоқталды.

Семинар-кеңеске қатысушылар Елбасы Н.Назарбаеватың идеясын толығымен қолдады. Пікірлер мен қойылған  сұрақтарға толыққанды жауап алды.

0
0
388

Политех сыбайлас жемқорлықсыз қоғам үшін

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі-Департамент), Алматы қаласы  Жастар саясаты жөніндегі басқармасымен бірлесе отырып, Қ Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық  университетінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әрекеттерінің шешу жолдары: Студент, Қоғам, Уақыт» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

Конференцияға Департамент қызметкерлері  мен  Қ Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық  университетінің   оқытушы-профессорлар  құрамы мен студент жастар қатысты.

Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің проректоры Әбдікәрім Зейнулин Елбасы Н.Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын жүзеге асыру мақсатында қазіргі таңда университеттің ғылыми – техникалық базасын жетілдіріп, жаңартуда көптеген жұмыстар атқарылуда. Оқытушылар мен студенттердің ғылыми жұмыспен айналысатын  лабораториялары, дәріс залдары мен аудиторияларын жаңа үлгідегі  арнайы техникалық  қондырғылармен жабдықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, студенттердің сабаққа қатысуын   қадағалап отыру үшін барлық аудиториялар мен дәріс залдарына видеокамера орнату мәселесі қолға алынды. Аталған мәселелер жүзеге асқан жағдайда сыбайлас жемқорлықтың көріністері мүлдем болмайтындығына өз пікірін білдірді.

Департамент басшысының орынбасары – Тәртіптік Кеңес төрағасы Б. Камалов  Елбасы Н. Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының бес институционалды  реформасын  және Қазақстан Республикасының  сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы тетіктерінің жүзеге асырылуына  өз пікірін білдірді.   Сондай-ақ, білім мекемелері мен жоғары оқу орындарымен бірлесе отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.

Философия ғылымдарының докторы, доцент Тимур Кішібеков «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әрекеттерінің шешу жолдары» атты тақырыпта, Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Қатира Тойбаева «Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықпен кұрес жолдары» атты тақырыпта,  Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Шаяхмет Әбуханов «жемқорлық мәселесін реттеу» атты тақырыпта, Жоғары технологиялар және тұрақты даму институтының 1 курс магистранты Тоқтарқұл Ұлан «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етудегі жастардың рөлі» атты тақырыпта баяндамалар жасады.

Конференцияға қатысушылар қоғамда сыбайлас жемқорлықты барынша төмендету жөніндегі ұсыныстарын ортаға салып,  сыбайлас жемқорлыққа  қарсы мәселелерге  байланысты пікір алысты.   Қатысушылар өздері қызықтырған  сұрақтарға толыққанды жауап алды.

0
0
589