Студенттер болашақтың «Жасыл энергия» жобасын және сыбайлас жемқорлықсыз қоғамды қолдайды
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі-Департамент), Алматы қаласы Жастар саясаты жөніндегі басқармасымен бірлесе отырып, Алматы энергетика және байланыс университетінде (бұдан әрі-Университет) «Сыбайлас жемқорлық: шығу себептері және күресу жолдары.» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.
Конференцияға Департамент қызметкерлері мен Алматы энергетика және байланыс университетінің оқытушы-профессорлар құрамы мен студент жастары қатысты.
Университеттің проректоры Еркеш Абдрахманов бүгінгі күнде университет - энергетика, ақпараттық және аэроғарыш технологиялары, радиоэлектроника, телекоммуникация саласында мамандар даярлайды. Университет Қазақстан мен Орта Азия елдерінде жетекші техникалық жоғары оқу орындарының бірі ретінде еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін, оның ақпараттануын, қазіргі телекоммуникациялық технологиялар жүйелерін, жерсеріктік және жедел әрекетті байланысын қамтамасыз етуде үлкен рөл атқаратындығын атап өтті. Конференцияның негізгі мақсаты жастардың құқықтық көзқарасын қалыптастыруды талқылау мәселелері екендігіне өз пікірін білдірді.
Департамент басшысының орынбасары – Тәртіптік Кеңес төрағасы Б. Камалов Елбасы Н. Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының бес институционалды реформасын және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы тетіктерінің жүзеге асырылуына қатысты басты мәселелерге өз пікірін білдірді.
Философия ғылымдарының докторы, профессор Сәбит Мұрат сыбайлас жемқорлықтың табиғи құбылыстарын, оның даму заңдылықтарын жан-жақты зерделеу мәселесіне тоқталды. Сондай-ақ, түрлі бағыттағы ғалымдарды тарта отырып, Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми зерттеу орталықтарын құру жөнінде өз ойын ұсынды.
Саяси ғылымдардың кандидаты, PhD докторы М. Сәрсекеев әлемнің түрлі елдеріндегі сыбайлас жемқорлықтың негізгі себеп салдарын қарастыра келе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қабылдауда мүмкіндігінше жастарды тарту мәселелеріне тоқталды.
Конференция барысында студенттер Әлішер Махатов «Антикоррупционная государственная политика в странах Азии», Айдос Тұхметов, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресудің жолдары», Данила Неугодников «Причины коррупции и пути решения проблемы», Айнұр Пейішбек «ХХІ ғасырдың экономикалық індеті – сыбайлас жемқорлық», Әмір Ақмарал «Қазақстан үшін коррупциямен күресудегі халықаралық тәжірибелер мен жолдардың саяси сабақтары», Ильяс Смагулов ағылшын тілінде «ЭКСПО-2017 проект будущего «Жасыл энергия»: репутация Казахстана в наших руках» тақырыптарында баяндамалар жасады.

