Мазмұнға өту

Жаңа

Мемлекеттік органдардың айқындылығы мен есеп беруге міндеттілігі Қоғамдық кеңестің бақылауында

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті жанынан құрылған Қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Кеңеске департаментпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс жасасу туралы өзара келісімге қол қойған  үкіметтік емес ұйым басшылары, жергілікті және аумақтық мемлекеттік атқарушы орган басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.

Алматы қаласы әкімі аппаратының ақпараттық технологияларды дамыту және мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылау бөлімінің басшысы Сүйіндіков Мейрам 2015 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік органдармен мемлекеттік қызмет арқылы  көрсетілген ішкі бақылау қызметінің нәтижесінен хабардар етті.

Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасының басшысы Құрмашев Ержан заңдылықты күшейту мақсатында жер қатынастары және «Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі қабылданған №358 қаулысына сәйкес, «Алматы қаласында жер қатынастары саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 22 мамырдағы №2/385 қаулысы әзірленіп, қабылданғанын атап өтті.

Алматы қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Садырбаев Ғабит 8 айда сәулет және қала құрылысы басқармасы  тарапынан 55 572 мемлекеттік қызмет көрсетілгенін және ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылғы 18 сәуірдегі «Алматы қаласының дамуы мәселелері туралы» № 01-7.3 хаттамалық тапсырмасына сәйкес, Алматы қаласы әкімдігіне аумақтың дамуына инвестиция тарту мүмкіндіктері көрсетілген интерактивтік даму картасын (жобалар, аулалар, инфрақұрылым, ресурстар) дайындау қажеттігі тапсырылғанын айтып өтті.

«Генералдар кеңесі» ҚҰ төрағасы Қайдаров Рүстем, Халықаралық ақпараттандыру Академиясының басшысы Цеховой Алексей, «Алматы қалалық ардагерлер Кеңесі» ҚҰ басшысы Шайхутдинов Еренғайып, Кәсіпкерлер форумының Алматылық өкілеттілігінің басшысы Палташева Мунавара және басқа да отырыс қатысушылары тәуелсіз мекемелер тарапынан мемлекеттік қызмет көрсетулерге мониторинг жүргізу қажеттігі, ХҚКО аумағында қызмет көрсететін мемлекеттік органдардың өзара қызмет алмасу бойынша жұмысын реттеу,  уәкілетті мемлекеттік органдарға, мегаполис тұрғындарына ыңғайлылығына, орта және шағын бизнес өкілдеріне арналған Алматы қаласындағы жер телімдері бойынша бірыңғай электронды база құру және мемлекеттік органдардың сайттарына Алматы қаласының бас жоспарын орналастыруды ұсынды. Сондай-ақ, Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан мемлекеттік қызмет көрсетулердің айқын, тиімді және қол жетімді болуына бағытталған басқа да ұсыныстар айтылды.

Қоғамдық кеңес отырысының қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерінің жұмысын күшейтуге және жүйелі түрде қызметкерлер арасында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру барысындағы  2015-2017 жылдарға арналған Алматы қалалық іс-шаралар Жоспарына сәйкес жемқорлыққа қарсы профилактикалық жұмыстар жүргізуге бағытталған ұсынымдар жіберілді.

0
0
463

Сыбайлас жемқорлықпен күрес және алдын алу

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі Қылмыстық-Атқару жүйесі Комитетінің Республикалық мемлекеттік мекемесі «ЛА 155/1» қызметкерлерімен «Сыбайлас жемқорлықпен күрес және алдын алу» тақырыбында семинар-кеңес өткізді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің консультанты Елнар Игіліков Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауы мен Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған стратегиясының басым бағыттары және оның алдын алу шараларына қатысты мәселелерге толық түсіндірме берді.

Мекеме бастығының орынбасары әділет подполковнигі Руслан Оразметов азаматтарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет болмайынша, олар сыбайлас жемқорлыққа қарсы табандылықпен тұрмайынша, жұрт алдында мін тақпайынша көздеген нәтижеге қорл жеткізу мүмкін еместігін атап өтті. Сонымен қатар, мекемеде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ескерту бойынша жеке құраммен атқарылған жұмыстарын баяндап өтті.

Кездесу сұрақ-жауап қалпында өтті, қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мазмұндағы әлеуметтік бейне ролик көрсетілді.

   
0
0
498

Аумақтық жоспар партия мен департаменттің бақылауында

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Алматы қаласы бойынша Департаментінің (бұдан әрі - Департамент) басшысы Шаттық Өтеев Алматы қаласының әкімі, «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының (бұдан әрі – АҚФ) төрағасы Бауыржан Байбектің төрағалық етуімен, Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде аумақтық жоспарды орындау барысын қарау және денсаулық сақтау және білім беру саласында мемлекеттік қызметтердің есептілігі мен айқындылығын қамтамасыз ету бойынша шаралар туралы «Нұр Отан» партиясының АҚФ саяси кеңес бюросының кеңейтілген мәжілісінің жұмысына қатысты.

Департамент басшысы Шаттық Өтеев мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығы мен айқындылығы бөлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша сындарлы ұсыныстар айтты және Алматы қаласының жергілікті атқарушы органдарындағы әкімшілік мемлекеттік қызметке бос лауазымдарды іздеу жүйесі бойынша күн сайын Республикадан 400-ден астам адам кіретін, Департамент сайтында жасалған жобаға мысал келтірді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша АҚФ Қоғамдық Кеңесінің (бұдан әрі – СЖҚІБҚК) төрағасы Рахман Алщанов партия мен Департаменттің өзара тығыз іс-қимылын, құрамына Департаменттің қызметкерлері кірген аудандық СЖҚІҚБҚК тиімді жұмысы туралы атап айтқанда, бұл үлгі елдің оңтүстік мегаполисінде бірінші рет болып тұрғандығын атап өтті.

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, нақтырақ айтқанда партияға және мемлекеттік аппаратқа көңіл бөлу керектігі жөнінде жеткізгенін және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған Стратегиясы мен партия Бағдарламасын бұлжытпай орындау үкіметтік емес ұйымдар және жұртшылықпен бірлесіп, «Нұр Отан» партиясы АҚФ мен Департаменттің бақылауында болуы керектігін баса айтып,   қаланың барлық саласында сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу, құқықтық мәдениетті көтеру бойынша атқарылып жатқан жұмысы үшін Департаментке өз алғысын білдірді.

Айтылған ұсыныстарға сәйкес, Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 – 2017 жылдарға арналған қалалық іс-шаралар Жоспарына толықтырулар енгізу бойынша ұсынымдар берілді.

0
0
792

Еуразия Технологиялық Университет студенттері сыбайлас жемқорлыққа қарсы

Қоғамның сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидатын іске асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың нәтижелігін нығайту мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті (бұдан әрі – Департамент) Еуразия Технологиялық Университетінде  оқытушы құрыамы және студенттердің қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.

Департаменттің бөлім басшысы Мақсатхан Анапин 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегияны, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының іс-қимылын түсіндірді. Сонымен қатар, ол жемқорлықты тудыратын қауіптерді азайту мақсатында дөңгелек үстелдің қатысушыларынан ұсыныс беруін сұрады.

Университеттің тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Асан Желдибаев университетте сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ескерту жөнінде жұмыстар атқарылып жатқанын айтып, «таза сессия» сияқты акциялар өткізілетіні және студенттердің алдында университет басшылығы ашық екені туралы айтты. Университет Германия, Чехия, Қытай, Түркия, Болгария, Словакия, Венгрия, Ресей және т.б. елдердің 58 озық жоғары оқу орындарымен және ғылым орталықтарымен ынтымақтастық келісім-шарты жасалғаны туралы айтып өтті. Студенттер «Агромашхолдинг» АҚ, «АқсайГазСервис» АҚ, «Тауарлық биржа «Ауразия Тауар Жүйесі» АҚ сияқты мекемелерде өндіріс іс-тәжірибелер өтеді.

«Құқық» кафедрасының меңгерушісі Салтанат Есетова студенттерді адалдық және еңбекқорлыққа шақырды. Жемқорлық құқық бұзушылықтың түрлері мен жазалау шаралары туралы айтып өтті.

Сондай-ақ, қатысушалардың тақырыпқа орай қойылған сұрақтарына толық жауаптар берілді.

Дөңгелек үстел сұрақ-жауап форматында өтіп, катысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мазмұндағы кітапшалар таратылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта бейнеролик көрсетілді.

   
0
0
493

Алматыда 2016 жылдың бюджеті бекітілді

Бүгін Алматыда Мәслихаттың кезектен тыс өткен XXXVII сессиясында қаланың алдағы 2016 жылдың бюджеті 361 млрд. 897 млн. 580 мың теңге көлемінде бекітілді, бюджеттік алымдарды қоса есептегенде Алматы қаласының нақтылы бюджетінің жалпы көлемі 264 млрд. 213 млн. 572 мың теңгені құрайды, деп хабарлады қала әкімдігі.

«Бюджет жобасы Алматының даму параметрлері мен қаланың 2016-2020 жылдарғы даму Бағдарламасының көрсеткіштері негізінде жасалды. 2015 жылдың ЖӨӨ көлемі 8,9 трлн. теңге деңгейінде, өсім 2,5%. Осы динамиканы ескере отырып 2016-2018 жылдарға болжам жасалды», - деп атап өтті Алматы қаласы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Мақсат Қиқымов.

Жиын барысында 2016 жылы жергілікті бюджет шығындары, республикалық бюджеттің мақсатты трансферттерін есептемегенде 253 млрд. 374 млн. 499 мың теңгені құрайды, оның ішінде: ағымдағы шығындар - 132 млрд. 113 млн. 495 мың, жергілікті атқару органының резерві - 2 млрд. 340 млн. 966 мың, бюджеттік алым - 97 млрд. 684 млн. 008 мың, даму бюджеті - 11 млрд. 012 млн. 030 мың, жергілікті бюджет есебінен бюджеттік дамудың мақсатты транферттерін қаржыландыру шамамен 10,2 млрд. теңге.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін таңертеңгісін «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясының кеңейтілген мәжілісінде Алматы мәслихатының жергілікті бюджеттік комиссиясы «нұротандықтардың» маңызды салаларға қосымша 12,3 млрд. теңге бөлу жөніндегі бастамасына қолдау білдірді. Қаржы қаладағы өзекті мәселелерге бөлінеді, олар: қаланың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге - 2,9 млрд.; бұқаралық спортты дамытуға - 500 млн., өткен жылмен салыстырғанда 20 есе көп; қаланың инженерлік инфрақұрылымын дамытудың өтпелі жобаларына - 7,2 млрд. және әлеуметтік нысандарды салуға - 1,7 млрд. тенге.

Бюджетті дамытудың жергілікті бюджет есебінен мақсатты трансферттерді қаржыландыруға шамамен 10,2 млрд. теңге бөлінеді. Мегаполис басшысы жалпыәлемдік экономикалық ахуалдың қиындығына қарамастан шығындарды оңтайландыру әлеуметтік бағдарламаларды ойдағыдай жүзеге асыруға ықпал ететінін айтты.

«Мен сіздердің естеріңізге тағы да салғым келетіні, шығындардың 50% астамы қалалықтардың өткір әлеуметтік мәселелерін шешуге жұмсалатын болады, олар- білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау. Сонымен қатар, 146 млрд теңгені біз орталықтан трансферт ретінде аламыз. Осылайша, Елбасының тікелей қолдауы арқасында біздің қаламызға үлкен көмек көрсетілуде», - деп атап өтті әкім.

Ақпарат көзі

 

0
0
259

Н.Назарбаевқа «Ұлттық чемпиондар» таныстырылды

«Нұрлы жол» мен индустриялардыру бағдарламасын жүзеге асыру аясында көрме өтті. Оның аясында «Бәйтерек»ҰБХ басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа «Ұлттық чемпиондар» бағдарламасының көшбасшылары - жеті компанияны таныстырды.

Холдинг баспасөз қызметінің мәліметі бойынша,  жоба көшбасшылары қатарына жеті қазақстандық компания енді. Олар  «Масло Дел», «RG Brands», «Alageum Group», «Баян Сұлу», «Alina», сонымен қатар «Eurasian Foods Corporation».

Жалпы бағдарламаға 300 компанияның ішінен іріктелініп алынған 28 мықты отандық компания қатысуда. Олар АӨК, машинақұрылысы және құрылыс материалдарының өндірісі салаларынан. Жоба мақсаты – қайта өңдеу саласындағы ірі қазақстандық компанияларға қолдау көрсету және импортты алмастыру.

«Ұлттық чемпиондар» бағдарламасын кешенді жүзеге асыру тек үш пилоттық сала бойынша шамамен 5 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді, еңбек өнімділігін 30%-ға арттырады, ішкі тікелей инвестициялардың 72 млрд теңгеге өсімін қамтамасыз етеді. Шикізаттық емес экпорт 38 млрд теңгеге, бюджетке қосымша түсім салық ретінде 24 млрд теңгеге дейін өседі», - деп атап өтті Қ.Бишімбаев.

Алға қойған мақсаттарға жету үшін «Байтерек» холдингі «McKinsey&Company»  сарапшыларымен бірлесіп 100-ден астам бизнес бастамаларды жасақтады. Қазіргі таңда қатысушы компаниялар аталмыш бизнес бастамаларды өздерінде енгізуде.

Ұйымдастырушылар атап өткендей, «Масло Дел» компаниясы  жобаға қатысу аясында орташаұзақмерзімде өсімдік майын Қытайға экспорттауды кеңейтпекші, сонымен қатар ірімшік өнімдерінің өндірісі мен оны Ресейге экспорттауды дамытпақшы.

«Бағдарлама аясында «Бәйтерек» холдингісі 1,2 млрд теңге көлемінде қаржылай көмекті мақұлдады, бұл біздің капиталды айтарлықтай нығайтады. «Ұлттық чемпиондар» жобасының қорытындысы бойынша сатылым көлемін 15,9 млрд теңгеге дейін арттыруды көздеп отырмыз», - деді  «Масло Дел» компаниясының бас директоры Павел Селиванов.

«RG Brands» жоспарында экспорт үлесін 25%-ға арттыру, сатылым географиясын 60 млн адамды қамту арқылу кеңейту бар. Ал, «Alageum Electric» компаниясына жобаға қатысу  Шымкентте қуаттылығы  220-500 кВ транформатор өндірісі бойынша зауыттың құрылысы жүзеге асыруға, осылайша ТМД-дағы үздік транформатр өндірушілер үштігіне енуге мүмкіндік береді. «Баян сұлу» кондитерлік фабрикасы Ресейге экспортты арттыруды мақсат етіп отыр.

«Eurasian Foods Corporation» компаниясы бағдарламаны жүзеге асырудан экспорт  4 млрд теңгеге, еңбек өнімділігі 20%-ға пайызға артады деп күтуде.

Естеріңізге сала кетейік, «Ұлттық чемпиондар» жобасы 2015 жылы көктемде іске қосылды.

Ақпарат көзі

 

0
0
338

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті әдебиет пен өнер туындылары арқылы қалыптастыру

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті (бұдан әрі - Департамент), Алматы қаласы жастар саясаты мәселесі жөніндегі Басқармасымен бірлесе отырып,   Т.К. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының (бұдан әрі – Академия) мәжіліс залында «Сыбайлас жемқорлықтың кейбір көріністері: әдебиет пен мәдениет мәселелері негізінде» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

Тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Естай Кулдыбаев модератор болып сөз сөйлеп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Академияда атқарылатын шаралар, жастарды отаншылдыққа тәрбиелеу және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік туралы айтып өтті.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті басшысының орынбасары – Тәртіптік Кеңес Төрағасы Бақтияр Камалов Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру тетігінің негізгі көріністері, сондай-ақ барлық мемлекеттік аппараттың дамуы мен қалыптасуына мықты серпін беретін «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары және әдебиет пен өнер туындылары арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесінің қоғамда маңыздылығы туралы түсіндірді.

Академияның PhD докторы Ардақ Нұрмұхамбетов сыбайлас жемқорлықтың өзінің туындауында кеше, бүгін, болашақта өзектілігін, бүкіл әлемнің жаhандық мәселесі екендігін көрсетті. Сыбайлас жемқорлықтың тарихы терең зерделеуді қажет ететіндігін және іс-шарада ұсынылған сондай әртүрлі сындарлы ұсыныстарды тәжірибеде пайдалану керектігін баса айтты.

Академияның 2 курс студенті Салтанат Жалимова сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша дүниежүзілік қоғамның тәжірибесіне тоқталып, Қытай, Сингапур және Канада сияқты елдерді мысалға келтірді. Елдің  дамуын тежейтін және адамдардың мемлекетке деген сенімін бұзатын бұл кеселмен әлемдік қоғамдастық сияқты күреседі. Бұл жауыздықпен күресуде қандай нәтижеге жеттік. Әлемдік тәжірибені пайдалану қажеттілігі туралы айтты.

Конференцияның соңында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша өздерінің пікірлерімен алмасты. Сонымен қатар, өздерін қызықтыратын сұрақтарға толыққанды жауаптарын алды.

 
0
0
530

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын насихаттау мақсатында семинар-кеңес өтті

Бес институционалды реформаны жүзеге асыру аясында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын және 2015-2025 жылдарға арналған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын насихаттау мақсатында Санкт-Петербургтің гуманитарлық кәсіподақ университетінің Алматы қаласы филиалында семинар-кеңес өтті.

Іс-шарада ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің бөлім басшысы Мақсатхан Анапин, «Ақпаратты-ресурстық орталық» ҚБ басшысы Александр Братенков және университеттің студенттері мен оқытушы құрамы қатысты.

Мақсатхан Анапин мемлекеттік қызмет саласында келе жатқан өзгерістер туралы, бірінші институционалдық реформаны, және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттарын түсіндіріп өтті.

Александр Братенков өзінің баяндамасында жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті, ол патриотизм, кәсіпқорлық және еңбекқорлықтан тұратынын айтып өтті.

Университет оқытушысы Ольга Вербовая, университет сайтында ректордың блогінде әр студент оқытушы жайлы өз пікірін білдіре алатынын айтты. Университетпен жүргізілетін «оқытушы студенттің көзқарасымен» атты акциясының нәтижесі бойынша оқытушыға шара қолданылатынын айтып өтті.

0
0
368

Еуразиялық топ өкілдері ақтөбелік тауар өндірушілерді қазақстандық қамтуды ұлғайтуда қолдайды

«Еуразиялық топ» ақтөбелік тауар өндірушілерді қолдайды және қазақстандық құрамның ұлғаюына ықпал ететін болады. Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың Еуразиялық топтың директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевичпен және «Қазхром ТҰК» АҚ басшылығымен кездесуі барысында белгілі болды, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Кездесу барысында жыл қорытындылары талқыланды. Әкім компаниядағы жұмыс орындарының сақталуы, еңбекақының уақытында төленуі мен жыл қорытындысы бойынша он үшінші айлықтың берілуі мәселелері туралы сұрастырды. Сондай-ақ инфляцияға байланысты «Қазхром ТҰК» қызметкерлеріне еңбекақыны көтеру мүмкіндіктері қарастырылды.

Дағдарысқа қарсы тиімді шаралар қабылдау аясында облыс әкімі мен компания басшылығы жергілікті тауар өндірушілерді қолдау және қазақстандық құрамды ұлғайту туралы келісті. Мемлекет басшысы өзінің Қазақстан халқына «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» Жолдауында дағдарысқа қарсы саясаттың негізгі бағыттарының бірі отандық өндірушілерді қолдау деп белгіледі.

Бүгінгі күні тау-кен рудасы кешені жер байлығын пайдаланушылар алған тауарлар мен қызметтердің жалпы мөлшерінен жергілікті құрамның үлесі - 58,5 пайыз. Өңірде металл бұйымдары, резеңке-техникалық өнімдер, электродты масса, тұз қышқылы, бетонитті сазды ұнтақтар, тағы басқа өндірісі бойынша жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері талқылануда.

Бердібек Сапарбаев «Каспий плюс» ЖШС (бекіту детальдарын жеткізу), «Технодом CTKZ» ЖШС (тіркеме доңғалақ техникасын жеткізу) және «Сайлан Ақтөбе» ЖШС (пигментті бояғыштар мен хромды концентраттар жеткізу) секілді жергілікті тауар өндірушілермен өнімдерді жеткізуге ұзақ мерзімді келісім-шартқа қол қою мүмкіндіктерін қарауды ұсынды.

Ақтөбе және Хромтау қалаларында шағын және орта бизнесті қолдау мәселелері талқыланды, сондай-ақ 2016-2018 жылдарға шағын және орта бизнесті дамыту бойынша әріптестік бағдарламасын жасау қарастырылды.

Облыс аумағында Қазхром кәсіпорындарын дамыту перспективасы туралы және келесі жылы әлеуметтік жауапкершілік туралы меморандумға отыру жөнінде айтылды.

Барлық қарастырылған мәселелер Еуразиялық топтың құрылтайшыларының бірі және директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевич тарапынан қолдау тапты. Ол өз сөзінде экономикалық дағдарысқа қарамастан, 12 мың шамасында ақтөбеліктер жұмыс істейтін Еуразиялық топ өздерінің келер жылғы ұжымдық келісім-шартының барлық шарттары мен әлеуметтік міндеттемелерін орындайтындығын атап көрсетті. Барлық көрсеткіштер келесі жылы да сақталатын болды.

Ақпарат көзі

 

0
0
247

Білім мен ғылым саласында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын дамытудағы ұстаздардың рөлі

Алматы қаласы Әуезов ауданындағы  №123 мектеп-гимназияда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институтционалды реформасын жүзеге асыру  аясында «100 нақты қадам» Ұлттық Жоспары мен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Стратегиясын жүзеге асыру мақсатында мектеп-гимназияның  педагог ұжымдары мен  ата аналарының қатысуымен  семинар-кеңес өткізілді.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл бөлімінің қызметкері С. Оразов «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының кәсіби мемлекеттік аппарат құру реформасы мен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Стратегиясын жүзеге асы­ру мақсатындағы  мәселелерге тоқталды.

№123 мектеп-гимназияның директоры  Бағила Әшімбаева   Елбасы Н. Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының  идеялары мен міндеттемелерін қолдай отырып,   білім мен ғылым саласында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен кәсіптік білім беру саласын дамыту,  олардың нәтижесін өндіріске енгізу,   ғылыми жұмыстардың деңгейін көтеру, білім мен өндірісті ұштастыру және жастардың тәрбие жұмыстарының деңгейін көтеру жөніндегі  ұсыныстарын ортаға салды.

Семинар-кеңеске қатысушылар  өзекті тақырыптарды талқылауға белсенді араласып, сыбайлас жемқорлыққа  қарсы мәселелерге  байланысты түрлі пікірлер білдірді Сондай-ақ,  қатысушылар ашық түрде сұрақ-жауап түрінде  пікір алмасып, қойылған  сұрақтарына толыққанды жауап алды.

         
0
0
408