Мазмұнға өту

Жаңа

Қоғам — халықтың құқықтық сауаттылығы мен құқықтық жауапкершілігін жетілдіруің қолдайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті және «Халықаралық құқық қорғау орталығы» ҚБ, Алматы қаласы Әуезов аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалымен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалды  реформасын жүзеге асыру мақсатында «100 нақты қадам» Ұлттық жоспары мен ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру шеңберінде, мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік емес үкімет ұйымдары, жоғарғы оқу және БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Мемлекет пен азаматтық қоғам күші арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету»тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

МҚІ және СЖҚІҚА Алматы қаласы бойынша Департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс- қимыл жасау бөлімінің консультанты Асхат Байұзақов бес институционалдық реформа «100 нақты қадам» Ұлттық  жоспарды жүзеге асырылуы және  өкілеттік органың сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша  алдында қойылған талаптар жәйлі айтып өтті.

«Халықаралық құқық қорғау орталығы»  ҚБ Президенті – жобаның жетекшісі Жәнділда Жақыпов «Халықтың құқықтық сауаттылығы мен құқықтық жауапкершілігін жетілдіруге бағытталған кешенді іс-шараларын өткізу» жобасын іске асырудың нәтижелерімен таныстырды.

«Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Қоғамдық Кеңесінің төрағасы Қайырбек Бергарипов  «2015-2025 жылдары «НұрОтан» партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламасы» бойнша Қоғамдық Кеңесте атқарылып жатқан жұмыстар жайлы айтты.

«Қоғамдастық жоба» ҚБ басшысы Александр  Братенков «Құқықтық мәдениет -  сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру факторы» тақырыбындағы  баяндамасында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастаған реформаларының  маңыздылығы зор екенің атап өтті.

Дөңгелек үстел жұмысы барысында «Халықтың құқықтық санасы мен  жауапкершілігін арттыруға бағыталған шаралар» атты жадынамалар таратылды.

   
0
0
844

Жасыл экономика. Болашақтың энергиясы

Күн энергиясының құны уақыт өте келе құлдырай береді. Нәтижесінде ең арзан қуат көзіне айналады.

Сарапшылардың мұндай болжамы күн технологияларына деген сұранысты қыздыра түсуде. Бүгінде елімізде осы бағытта да атқарылып жатқан шаралар жетерлік. Толығырақ бүгінгі бағдарламада баяндаймыз.

http://gbpp.org/kz/2015/12/12828

 
1
0
599

2015 жылғы Президенттің «Алтын Сапа» жүлдесіне үміткерлдердің басым бөлігі ШОБ субъектілері

Егер 2006 жылы 52 кәсіпорын қатысса, бүгінде комиссия 153 өтінім ішінен әр номинация бойынша 10 бәсекеге қабілетті кәсіпорынды іріктеп алды. Ағымдағы жылы өтініш бергендердің басым бөлігі немесе 69-ы шағын және орта бизнес субъектілері, 44-і орташа және 40-ы ірі кәсіпорын. Бұл туралы «Атамекен» ҚР ҰКП баспасөз қызметінен хабарлады.

Бүгін Астанада ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімі, «Қазақстанның үздік тауары» көрмей байқауы, сондай-ақ, «Парыз» бизнеске әлеуметтік жауапкершілік байқауы өтеді.

Ағымдағы жылы «Алтын Сапа»  сыйлығына 10 жыл толады және бұл байқауды алғаш рет ҚР ҰКП өткізуде.

Президенттің «Алтын сапа» сыйлығын алу байқауының материалдары барлық үш номинация бойынша қаралды: «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын», «Халыққа арналған тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын» және «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын».

Сонымен қатар, ағымдағы жылы кәсіпкерлер ҰҚП-ның  арнайы «Іскер» сыйлығымен марапатталады.

Жалпы, байқаудың мақсаты елімізде өндірілетін өнімдердің, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, Қазақстан нарығын жоғары сапалы және бәсекеге қабiлеттi ету болып табылады.

«Егер 2006 жылы 52 кәсіпорын қатысса, бүгінде комиссия 153 өтінім ішінен әр номинация бойынша 10 бәсекеге қабілетті кәсіпорынды іріктеп алды.  Ағымдағы жылы өтініш бергендердің басым бөлігі немесе 69-ы шағын және орта бизнес субъектілері, 44-і орташа және 40-ы ірі кәсіпорын», - делінген ҰҚП баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының материалдарын қарау жөніндегі сараптау топтары үш номинация бойынша: «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халыққа арналған үздік тауарлар» және «Үздік азық-түлік тауарлары». Байқауға өңірлердің 144 жеңімпаз кәсіпорны қатысады.

«Атамекен» ҚР ҰКП әлеуметтік-еңбек қатынастары департаментінің директоры Салтанат Әбдікәрімова хабарлағандай, байқауға жеңіл өнеркәсіп ошақтары көбірек қатыса бастады.

«Әйелдер пальтосын тігумен айналысатын фирма бар және етік компаниялары да бар. Сонымен қатар біздің байқауға зергерлердің де қатысып жатқаны қуантады, тіпті мүсіншілерде бар, олар арнайы статуэткаларды, естелік сыйлықтарды жасайды. Алғаш рет гигиеналық өнімдерді өндіретін компанияны көріп отырмын»,  - деп хабарлады ол.

Оның айтуынша, ағымдағы жылы «Алтын Сапа» байқауына мүмкіндігі шектеулі жандар да қатысуда.

Ақпарат көзі

 

0
0
297

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК басшысы мен АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі ынтымақтастық мәселелерін талқылады

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Уәкілетті Елшісі Джордж Кролмен кездесті.

Ұлттық компания басшысы қонаққа ЭКСПО-2017 жобасын таныстырды, құрылыс барысы және кешеннің көрмеден соң пайдаланылуы туралы әңгімеледі. А. Есімов компанияның қазіргі уақытта көрме павильондарын тақырыптық толықтырумен және қатысушы елдерді тартумен белсенді айналысу үстінде екенін де атап өтті.

Басқарма Төрағасы бүгінге күнге 55 ел және 12 халықаралық ұйым өздерінің көрмеге қатысатынын растағанын нақтылап, халықаралық қоғамдастық тарапынан көрмеге зор қызығушылық бар екенін айтып өтті.

«Біз көрмеге 100-ден астам елді тартуды жоспарлап отырмыз. Бұл орындалатын міндет деп ойлаймын. Біз 19 елмен Қатысу шартын жасастық, 31 ел мен 1 халықаралық ұйымның Комиссарлары тағайындалды. Өзіңіз білетіндей, бұл – жұмыстың елдердің көрмеге қатысуын растайтын ақтық бөлімі», - деп атап өтті А. Есімов.

Өз кезегінде АҚШ Елшісі АҚШ Үкіметінің «Астана ЭКСПО-2017» көрмесінің тақырыбына және онда талқыға салынатын проблемаларға баса назар аударып отырғанын жеткізді.

http://gbpp.org/kz/2015/12/12821

 
1
0
660

Болашақ полиция қызметкерлері сыбайлас жемқорлық – бұл қоғам мен мемлекеттің дамуына қарсы қылмыс екенін түсінеді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті «Халықаралық құқық қорғау орталығы» Қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып, «Болашақ полиция қызметкерлері – 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегияның негізгі бастаушылары» атты кеңес өткізді. Аталған іс - шараға ҚР ІІМ Академиясы басшылары, мұғалімдері және курсанттары қатысты.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасасу бөлімінің кеңесшісі Бақытбек Әлішов кеңеске қатысушыларға 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегияны және Елбасымыздың «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХVI съезінде айтылған мемлекетімізді дамытып нығайтуға арналған 5 институционалды реформасы мен «100 нақты қадам» ұлттық жоспары тақырыптарына тоқталып өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар кешені жұртшылықтың кең қатысуымен сүйемелденуі тиіс екенін, бұған болашақ полиция қызметкерлері-Академия курсанттары белсене ат салысу керектігін айтты. Сыбайлас жемқорлыққа деген төзбеушілік әрбір қазақстандықтың ұстанымында болуына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет сыбайлас жемқорлыққа деген берік иммунитетсіз азаматтар арасында қалаған нәтижеге қол жекізу мүмкін емес. Әрбір қазақстандық, әрбір отбасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бүкіл қоғамның ісі екенін түсінуі керек. Сыбайлас жемқорлықтың салдарынан мемлекетіміз бен бүкіл халықтың, соның ішінде құқық қорғау органдарының да беделі төмендейді. Мемлекет пен қоғамның тығыз серіктестігі ғана сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға мүмкіндік береді. Қазіргі Академия курсанттары – болашақтағы полиция қызметкерлері халықпен біте жұмыс істейтінін ескере отырып, оларға мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіп жатқан саясатын насихаттау керектігі түсіндірілді.

ҚР ІІМ Академиясы басшысының орынбасары полиция полковнигі Ш.Себеков оқытылып жатқан бағдарлама бойынша Академия курсанттары мен мұғалімдері мемлекетпен жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатымен таныстырлағанын және мұғалімдер арасында сыбайлас жемқорлық фактілерін жоюға байланысты атқарып жатқан іс-шараларына тоқталып өтті.

Іс-шараға қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларына байланысты жаднамалар таратылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнероликтер көрсетілді.

Кеңес барысында қатысушылар өздерінің сұрақтарына нақты және толыққанды жауап алды.

0
0
602

2030 жылға дейін Қазақстандағы жаңа көліктердің үлесі 80 пайызға жетеді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Алдағы 15 жылда Қазақстандағы автопарктің 80 пайызы жаңа болады. Бұл туралы бүгін «GreenBuild Eurasia 2015: жасыл қалалар жолында» халықаралық конференцияда ҚР Энергетика министрлігі «Жасыл экономика» департаментінің директоры Бекберген Керей мәлім етті.

«Алдағы 20 жылда Қазақстанда елеулі түрде жаңарулар мен инфрақұрылымды дамыту орын алады. Ғимараттардың 55 пайызы мен электр стансаларының 40 пайызы 2030 жылға қарай жаңадан салынады. Сонымен қатар автокөлік паркінің 80 пайызы 2030 жылға қарай жаңа болады. Еліміз үшін жаңа инфрақұрылымды құрудың бірегей мүмкіндігі жасалуда», – деді ол.

Мұнымен қоса Б.Керей Қазақстанда «жасыл технолгиялар» мен экологияны жақсарту бойынша үлкен мақсаттар алға қойылғанын атап өтті.

«Ірі қалалардағы ауаның жағдайына мән берген жөн. Мен автопарктің 80 пайызы жаңаратынын айттым және көліктерді жаңартуға ерекше назар аудару қажет. Біз отынның сапасына тоқталатын болсақ, бұл бағытта Қазақстан қалыс келе жатыр. Еуропалық сапа стандарттарына теңескіміз келеді. Бұның барлығы қажеттілік», – деді ол.

Бұдан бөлек, жылу электр стансаларының шығарындыларын тазарту жүйесін ензу жоспарланып отыр.

http://gbpp.org/kz/2015/12/12825

 
1
0
600

Президент жанындағы орталық клиникалық аурухана сыбайлас жемқорлықтан тыс

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті Алматы қаласы Денсайлық сақтау басқармасымен бірлесе отырып, ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын насихаттау мақсатында, Президент жанындағы орталық клиникалық ауруханасында семинар-кеңес өткізді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің консультанты Бақытбек Алишов сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтардың қауіптерін, көрсетіліп жатқан мемлекеттік қызметтердің сапасына қалай назар аудару, құқыққорғау органдарының өкілдерімен кездескен жағдайда қалай әңгімелесу туралы түсіндірді.

Аурухана бас дәрігері Бахыт Данияров, шақырылған модераторларына алғыс білдіріп, сыбайлас жемқорлықпен кездескен жағдайда Агенттіктің 1494 телефонына қоңырау шалуға болатынын қатысушыларға айтып өтті.

0
0
660

Н.Назарбаев 18 жаңа нысанды «онлайн» режимде іске қосады

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында 3 іс-шараны біріктірген Индустриаландыру күні өтеді.Шара барысында Елбасы Н.Назарбаев 18 жаңа нысанды «онлайн» режимде іске қосады.

Жалпыұлттық телекөпір, оның барысында Индустриалды-инновациялық бағдарламасының, оның ішінде 2015 жылдың қорытындысы шығарылады деп жоспарланған, сонымен бірге Президент Н.Назарбаев онлайн режимде Индустриаландыру картасының 18 жаңа нысанын іске қосады.

ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы лауреаттары және «Қазақстанның үздік тауары» Республикалық байқау-көрмесінің дипломанттарын марапаттау салтанаты, Президенттің «Парыз» сыйлығының лауреаттарын марапаттау салтанаты өтеді.

Үкімет жылына екі рет Телекөпір форматында индустриаландыру аясында атқарылған жұмыстар туралы есеп береді.

Бүгін Мемлекет басшысы  салтанатты жағдайда 18 жаңа нысанды «онлайн» режимде іске қосады. Олар:

1. «УПНК-ПВ» ЖШС Коксты қайта өңдеу бойынша мұнай химия өндірісі

2.«Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС Фармацевтика зауыты

3.«Актеп» ЖШС Ет өңдеу комбинаты

4."Радуга" ЖШС Тез пісетін тағамдар өндірісі

5.«Жас қанат-2006» ЖШС  Құс фабрикасы

6.«Capital Project LTD» ЖШС Бройлер құс фабрикасы

7.«Caspiy Lana Atyrau» ЖШС Жүн өнімдері өндірісі

8. «Әлем БТ» ЖШС Дайын тоқыма бұйымдары өндірісі

9.«ASTANA Ютария  Ltd» инновациялық өндірістік компаниясы» ЖШС«KazTexExpo» автоматтандырылған сауда-өндірістік кешені

10.«COLOR International Technologies» ЖШС Лак және бояу материалдары өндірісі

11."РМЗ-Шапағат"  ЖШС Үй құрылысы комбинаты

12.«Бірінші жел электр станциясы» ЖШС Жел электр станциясы

13."Батыс Пауэр" ЖШС Қуаттылығы 100 МВт газ-турбиналық электр станциясы

14.«Ақтау солтүстік теңіз терминалы» ЖШС Ақтау халықаралық теңіз сауда портын солтүстік бағытта кеңейту жобасы

15.«Астана Дизель Сервис» ЖШС GEVO дизельді қозғалтқыштар шығару зауыты

16.«Karazhal Operating»  ЖШС Барит концентратын өндіру кешені

17.«ЕуроХим-Қаратау» ЖШСФосфат кенін өндіру кешені

18.«KAZ Minerals Bozshakol» ЖШС Бозшакөл тау-кен байыту комбинаты.

2015 жылы Индустриаландыру картасы аясында барлығы 120 жаңа нысан іске қосылып, 10 мың тұрақты жұмыс орны ашылды.

 

Ақпарат көзі

 

0
0
253

Н.Назарбаев «онлайн» режимде 4 астық өндірісін іске қосты

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 4 астық өндірісі кәсіпорнын іске қосты. Нысандарды іске қосу жалпыұлттық телекөпір барысында орындалды.

Ақтөбе облысының Алға ауданындағы «Актел» ЖШС ет өңдеу комбинатында 10 мың ірі қара бар. Мал бордақылаудан союуға дейінгі процесс қажетті технологиямен қамтамасыз етілген. Мал соятын өндірістік цехта жоғары сапалы мұздатылған ет өндіріледі. Талапқа сай өнімнің көп бөлігі Ресейге экспортталады. Кәсіпорын сағатына 15 бас, жылына 32 мың бас ірі қара малының етін өңдейді.

Солтүстік Қазақстан облысындағы «Радуга» ЖШС тез пісетін тағамдар өндірісі «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында жүзеге асты. Құрғақ таңғы ас, қоспаларды шығаратын мұндай өндіріс Қазақстанда бұрын-соңды болмаған. Заманауи технологиялармен жабдықталған. Қауіпсіз, сапалы тағамдар еліміздің барлық аймағына таратылады.

Жалпы құны 1 млрд АҚШ долларына бағаланып, Қостанай облысында орналасқан «Жасқанат– 2006» ЖШС-нің құс фабрикасының жылдық өнімділік қуаты 250 дана млрд. жұмыртқа шығарады деп есептелген. Сонымен қатар, бұл аймақта өндірілген отандық тауарлардың 15 пайызы экспортталады деп жоспарланған.

Ал Ақмола облысындағы «CapitalProject LTD» ЖШС бройлер құс фабрикасы болса, өңірдегі азық-түлік белдеуінің құрылуына және оны отандық тауарлармен қамтамасыз етуге негізделген. Тікелей байланысқа шыққан кәсіпорын басшысының айтуынша, құс фабрикасындағы екінші нысанның іске қосылуы, құс еті экспортын 15 пайызға азайтуға қауқарлы екен.

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында 3 іс-шараны біріктірген Индустриаландыру күні өтуде.

Жалпыұлттық телекөпір, оның барысында Индустриалды-инновациялық бағдарламасының, оның ішінде 2015 жылдың қорытындысы шығарылады деп жоспарланған, сонымен бірге Президент Н.Назарбаев онлайн режимде Индустриаландыру картасының 18 жаңа нысанын іске қосылуда.

Индустриаландыру картасы аясында 6 жылда (2010-2015 жылдар аралығында) 890 жоба іске қосылды. 85 мың тұрақты жұмыс орны ашылды. Жобалардың 90% астамы жеке бизнестің есебінен жүзеге асты.

Ақпарат көзі

 

0
0
255

Жемқорлыққа қарсы әрекет — жастар қоғамының басты міндеті

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі-Департамент),  Алматы қаласы Жастар саясаты жөніндегі басқармасымен бірлесе ортырып, «Тұран» университетінде  «Жемқорлыққа қарсы әрекет - жастар қоғамының басты міндеті: мәселелері және оны шешу жолдары» атты  ғылыми-тәжірибелік  конференция өткізді.

Конференцияны университет ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті Алшанов Рахман Алшанұлы ашып,  «Тұран» университеті  жоғары, кәсіптік және орта білім беру мекемесі, ғылыми-зерттеу орталықтары мен қоғамдық ұйымдардың ерікті бірлестігі болып табылады.  Университеттің мақсаты - талап-шығармашылық, материалдық-техникалық, қаржылық және ұйымдық ресурстарын пайдалана отырып, әр түрлі салалардағы мамандар дайындап,  көп сатылы білім беру принципін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ университеттің белгіленген  бағдарламасына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар өткізіліп, түсіндірме жұмыстары ұдайы жүргізіліп жатқандығына және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттердің маңыздылығына тоқталды.

Департамент басшысының орынбасары – Тәртіптік Кеңес төрағасы Б. Камалов  Елбасы Н. Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының бес институционалды  реформасын  және Қазақстан Республикасының  сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы тетіктерінің жүзеге асырылуына қатысты басты мәселелерге  өз пікірін білдірді.

Университеттің проректоры Наталья Герасимова «Жемқорлыққа қарсы әрекет – жастар қоғамының басты міндеті» атты баяндамасында университетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы студент-жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда.  Сонымен қатар,   Елбасының халық пен қоғам алдына қойған тапсырмалары аясында, соның ішінде өзекті мәселелердің бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру және оның алдын алу міндетіне біз іс-шаралар дайындап,  алдағы уақытта жүйелі жұмыс атқаруымыз керек  деп атап өтті

Конференция барысында еліміздегі жемқорлыққа қарсы күрестің өзекті мәселелері талқыланды. Ғалымдар, профессорлар және университет оқытушылары мен студенттер осы конференцияға арнайы баяндамалар жасады. «Заңтану және халықаралық құқық» кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты Б.Торғаутова А. – «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың ұғымы, негізгі принциптері», «Заңтану және халықаралық құқық» кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты В. Люцик  -  «Жемқорлыққа қарсы әрекет – Қазақстанның ұлттық саясатының маңызды бағыттарының бірі», Дінтану және халықаралық қатынастар кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты  К.Канафин – «Қазақстанның ЖОО саясатында жемқорлыққа қарсы әрекет», Дінтану және халықаралық қатынастар кафедрасының доценті, саяси ғылымдарының кандидаты  А. Самай «Тәуелсіз заманауи мемлекеттің дамуында жемқорлыққа қарсы әрекеттің негізгі аспектілері», Жастар ісі жөнінде Комитеттің төрағасы А. Кұлбеков «Жастар жемқорлыққа қарсы», Студенттік «Журналистер клубының» жетекшісі Д. Аккожа «БАҚтың – жемқорлықпен күрестегі басты күш» атты тақырыптарда баяндамалар жасады.

   
0
0
472