Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауды ҚНУ студенттері өзінен бастайды

Қоғамның сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидатын іске асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың нәтижелігін нығайту мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан-Неміс Университетінде (бұдан әрі – ҚНУ) оқытушы құрамы және студенттердің қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.

Департаменттің бөлім басшысы Мақсатхан Анапин Н.Ә. Назарбаевтің бес реформасының негізгі бағыттары мен 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясын жүзеге асыру тетіктерін түсіндірді.

Инженерлік-экономикалық ғылымдар факультетінің деканы Кенгебеков Жандос университетте сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ескерту жөнінде атқарылып жатқанын жұмыстар туралы айтып, «оқытушы студенттің көзімен» сияқты акциялар өткізіледі деп айтты. ҚНУ студенттерінде Қазақстанда, Германияда және Еуропада жарайтын қазақстандық және неміс диплом алуы мүмкіндігі бар. Неміс дипломын алу үшін 2 семестір серіктес неміс ЖООда оқуы міндетті шарт болып табылады. Университет жанында өмірге позитивті көзқараспен белсенді студенттерден тұратын Stura атты студенттік кеңес бар. Университеттің Алматы және Қазақстанның басқа қалаларындағы жұмысберушілерімен жақсы қарымқатынастығына байланысты түлектердің 95 % жұмысты жеңіл табады.

Экономикалық ғылымдар кандидаты, әлеуметтік және саяси ғылымдар факультетінің оқытушысы Анна Гусарова сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау тек мемлекеттік органдардың жұмысы емес, ол әр азаматтың парызы, біз өзімінден бастауымыз керек деп студеттердің есіне салды.

Сондай-ақ, қатысушалардың тақырыпқа орай қойылған сұрақтарына толық жауаптар берілді.

Дөңгелек үстел сұрақ-жауап форматында өтіп, катысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мазмұндағы кітапшалар таратылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта бейнеролик көрсетілді.

Қатысушылар Департамент өкілдерін толық ақпарат берген үшін алғысын білдіріп, біздің қалада сыбайлас жемқорлықтын алдын алу бойынша жүріп жатқан жұмыстардың динамикасы өсіп жатыр деп айтты.

 
0
0
512

Осы тақырып бойынша

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауды ҚНУ студенттері өзінен бастайды - Yvision.kz