Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінің оқытушылары мен студенттері Ұлт Көшбасшысының «100 нақты қадам» реформасын қолдайды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) Алматы қаласының білім беру басқармасымен бірлесе отырып, оқытушылар құрамы мен студенттердің қатысуымен Елбасы ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт жоспары реформасын іске асыру бойынша Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінде семинар-кеңес өткізді.

Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің консультанттары «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының алғашқы 15 қадамын, яғни мемлекеттік кәсіби аппаратты қалыптастыру бойынша институционалдық реформаның біреуін түсіндіріп өтті.

Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінің директоры Ерулан Серікұлы Қарағұлов Елбасының Қазақстан халқына жолдауын және «100 қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру бойынша Колледжде атқарылатын жұмыстар туралы, сондай-ақ ҚР-ның «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңының талаптарын бұзғаны үшін қолданылатын шаралар туралы хабарлады.

Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Ляззат Әуесханқызы Жылқыбаева бүгінгі таңда қоғамда сыбайлас жемқорлықпен күрес жұмыстары қатаң түрде жүргізіліп жатқандығын айтып өтіп, бұл сұмдықпен күресу әрқайсымыздың борышымыз екендігін түсіндірді.

Семинар барысында Колледждің оқытушылары мен студеттері мемлекеттік қызмет және «100 нақты қадам» Ұлт жоспары реформасына қатысты, сондай-ақ басқа да сұрақтар қойды. Қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.

Іс-шараға қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, ескерту және қарсы іс-қимыл шараларын насихаттайтын жадынамалар таратылып, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық сипатындағы анкеталар таратылды.

Жиынға бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

 
0
0
1856

Осы тақырып бойынша

Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінің оқытушылары мен студенттері Ұлт Көшбасшысының «100 нақты қадам» реформасын қолдайды - Yvision.kz