Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

№ 35 мектеп Ұлт Жоспарымен бір бағытта

Бес институционалды реформаны жүзеге асыру аясында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын және 2015-2025 жылдарға арналған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын насихаттау мақсатында № 35 мектеп-гимназиясында семинар-кеңес өтті.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің бөлім консультанты Нұрбол Бейсеков мемлекеттік қызмет саласында келе жатқан өзгерістер туралы, бірінші институционалдық реформаны, және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттарын түсіндіріп өтті.

Мектеп директоры Ольга Прокопьева өзінің баяндамасында жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті, ол патриотизм, кәсіпқорлық және еңбекқорлықтан тұратынын айтып өтті.

Мәжіліс сұрақ-жауап форматында өтіп, қатысушаларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта бейне-роликтер көрсетілді.

0
0
354

Осы тақырып бойынша

№ 35 мектеп Ұлт Жоспарымен бір бағытта - Yvision.kz