Студенттер Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарындағы 10 алдыңғы қатарлы колледждер мен білікті кадрларды әзірлеуді қолдайды
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі-Департамент) мен Алматы қаласының Білім басқармасы бірлесе отырып, Елбасы Н. Назарбаевтың 5 институционалды реформасы аясында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын және Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Стратегиясын жүзеге асыру мақсатында Алматы құрылыс және халықтық кәсіпшілік колледжінің оқытушылар мен студенттерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.
Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы Мақсатхан Анапин Ұлт көшбасшысының 100 нақты қадам тапсырмасы еліміздің қарқынды дамуы мен әлеуметтік жағдайының барлық жақтарын қамтитындығына, Президентіміздің стратегиялық құжаттарын жүзеге асыра отырып, мемлекетіміздің тұтастай дамуына зор серпін беретінін атап өтті. Сонымен қатар әрбір қазақстандық азаматтардың тұрмыс-тіршілігін жақсарту мен қазіргі заманғы мемлекет құру мәселелеріне тоқталды.
Алматы қаласы Білім басқармасының қызметкері Күлайым Оспанова қаладағы білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан іс-қимыл шараларына пікірін білдірді.
Колледждің директоры Камал Жамангөзов Елбасы Н. Назарбаевтың 5 институционалды реформасы аясында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын және Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Стратегиясын жүзеге асыру мақсатында колледжде жүргізіліп жатқан үгіт насихат жұмыстарына тоқталды.
Семинар-кеңеске қатысушылар Елбасы Н.Назарбаеватың идеясын толығымен қолдады. Пікірлер мен қойылған сұрақтарға толыққанды жауап алды.

