Әлемнің үздік университеттерінің қатарындамыз
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі-Департамент), Тұрар Рысқұлов атындағы Жаңа экономикалық университетінде (бұдан әрі-Университет) «Студент жастар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу: мәселелері және шешу жолдары» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.
Университеттің ректоры Кшиштоф Рыбиньски жарты ғасыр ішінде университет білім сапасын жоғары деңгейін дәстүрлі сақтай отырып, мемлекеттің бизнес пен қоғамның жоғары кәсіби мамандарға деген сұранысты ең үздік жолмен қамтамасыз етуге тырысатын еліміздің алдыңғы қатарлы университеттерінің бірі екендігіне тоқталды. Университетте жемқорлықтың алдын алу, болдырмау және деңгейін төмендету мәселелері жөнінде ауқымды жұмыстар атқарылып жатқандығы жөнінде атап өтті.
Департамент басшысының орынбасары – Тәртіптік Кеңес төрағасы Б. Камалов Елбасы Н. Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының бес институционалды реформасын және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы тетіктерінің жүзеге асырылуына қатысты басты мәселелерге өз пікірін білдірді.
Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медияорталық филиалының басшысы Михаил Кленчин Алматы қаласындағы білім мекемелері мен жоғары оқу орындарындағы білім алып жатқан студент жастардың жемқорлыққа қарсы құққықтық мәдениетін қалыптастыруға байланысты бірінші медияорталық құққықтық жаңа жобалары арқылы жұмыстар жүргізіле бастағанына өз ойын білдірді.
Университеттің Базалық дайындық факультетінің деканы Людмила Гостенко бүгінде университет замануаи экономика мен бизнестің беталысына сай келетін жұмыс берушілер, білім алушылар мен білімнің халықаралық талаптарына толығымен жауап беретін жаңа формациядағы оқу орны болуды мақсат ететіндігіне өз ойын білдірді.
Қаржы және есеп кафедрасының доценті, «Нұр Отан» партиясының бастауыш ұйымының жетекшісі Дәурен Боқаев өз баяндамасында аудандық «Нұр Отан» партиясымен бірлесе отырып, жемқорлыққа қарсы университетте атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Университеттің құқықтық және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі директоры Валерий Козлов студенттердің және оқытушылық құрамның қауіпсіздігі мен құқықтық мәдениетін көтеру мәселелерінің маңыздылығы және университетте сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жаңа формалары туралы айтып өтті.
Конференцияға қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері жөнінде ұсыныстары мен ойларын ортаға салып, пікір алысты. Сұрақтарға толыққанды жауап алды.

